211
қамсыздандыру құруға арналған Microsoft компаниясы ұсынған
технологиялық, олардың әрқайсысы көптеген бағдарламаларды бір
мезетте қолданыла алады.
Стандарт нысанға бағытталған бағдарламалаудың қапшықтануы
және полиморфизм идеясін өзіне іске асырады. Windows COM заманауи
нұсқаларында кең түрде пайдаланылады. COM негізінде Microsoft OLE
Automation, ActiveX, DCOM, COM+, DirectX, XPCOM технологиялары
іске асырылған.
СОМ технологиясында
қосымша пайдалануға, ол үшін СОМ
нысандарын қолдана отырып, өз қызметтерін ұсынады. Бір қосымша кем
дегенде бір нысанды қамтиды. Әрбір нысанның бір немесе бірнеше
интерфейсі бар. Әрбір интерфейс нысандар әдісін біріктіреді, олар
ерекшеліктерге (деректерге) қолжетімділікті және операцияның
орындалуын қамтамасыз етеді. Әдетте интерфейсте,
бір типті
операцияларды орындайтын немесе біркелкі ерекшеліктермен жұмыс
істейтін барлық әдістер біріктіріледі.
Клиент нысанның қызметтеріне тек интерфейс және оның әдістері
арқылы рұқсат алады. Бұл механизм негізгі болып табылады. Клиентке
нысан қасиеттерінің және әдістерінің құрамы туралы түпкілікті ақпарат
алу үшін бірнеше негізгі интерфейсті білген жеткілікті. Сол себептен,
кез келген клиент олардың құрастыру ортасына қарамастан жұмыс
жасай алады.
СОМ сипаттамасына сәйкес, әлдеқашан құрылған интерфейс ешбір
жағдайларға қарамастан өзгертілуі мүмкін.
Бұл СОМ негізіндегі
қосымшаның, кез келген түрлендіруге қарамастан, тұрақты жұмыс
қабілеттілігіне кепілдік береді.
Нысан үнемі СОМ серверінің құрамында жұмыс жасайды. Сервер
динамикалық кітапхана немесе орындалатын файл бола алады.
Нысанның өз қасиеттері мен әдістері болуы мүмкін немесе сервердің
деректері мен қызметтерін қолдана алады.
Нысанның әдістеріне рұқсат алу үшін,
клиент тиісті интерфейске
нұсқаушы алуы тиіс. Әрбір интерфейс үшін өзінің жеке интерфейсі
болады. Осыдан кейін клиент, жай ғана оның әдістерін шақыра отырып,
нысанның қызметтерін пайдалана алады. Нысандардың қасиеттеріне
рұқсат тек оның әдістері арқылы жүзеге асырылады.
СОМ технологиясын пайдаланатын қосымшаның құрастыру кезінде,
құрылымдық элементтер қолданылады:
■
интерфейс COM (COM Interface) - оның көмегімен СОМ нысаны
өзінің сыртқы клиенттерге арналған функционалдық (қызметтің)
мүмкіншіліктерін ұсынатын құрал. COM нысаны әдістер мен
қасиеттердің әрбір жиынтығын интерфейспен қамтиды.
COM кез
212
келген нысанның бір немесе бірнеше интерфейсі болады;
■
COM (COM-server)
сервері - СОМ нысанына арналған кодты
қамтитын кейбір модуль (exe немесе dll);
■
COM (COM-client)
клиенті - СОМ нысанының интерфейс(тер)і
арқылы серверден қажетті қызметтерді алатын бағдарламалық код.
Клиент серверден не алғысы келетіндігін біледі, бірақ оның сауалы
сервердің ішінде қалай орындалатындығын білмейді. Көптеген
жағдайларда клиент Automation controller (дәл ActiveX-клиент
секілді) іске асырылады;
■
Достарыңызбен бөлісу: