К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет141/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   195
.NET FRAMEWORK ПЛАТФОРМАСЫ 
___________________________________ 
.NET амалының тұжырымдамасы 
 
Microsoft .NETFramework - web-сервистер мен қосымшаларды 
құруға, өрістетуге және іске қосуға арналған платформа. Ол 
қолданыстағы қосымшаларды келесі буынның қосымшалары мен 
сервистеріне кіріктіруге мүмкіндік беретін, сонымен қатар Интернет 
қосымшаларды өрістету және пайдалану міндеттерін шешетін өнімділігі 
жоғары, стандарттарға негізделген көптілді ортаны білдіреді. .NET 
Framework сәйкестендірілген кітапханаларды орындаудың жалпы тілдік 
ортасынан және иерархиялық жиынтығынан тұрады. 
Платформа қарапайым және серверлік қосымшаларды қолдайды. 
Microsoft, Java от Sun Microsystems бәсекелесі ретінде .Net Framework 
платформасын шығарды. Java сол сәтте ең үздік платформа деп 
танылған және Microsoft сапасы жоғарырақ платформа жасап шығаруды 
шешті. 
. NET Framework платформасын құрастыру кезінде келесі мақсаттар 
ескерілді: 
■ 
нысанды кодты жергілікті сақтау және орындауға, Интернет 
10.5.
 


217 
желісінде үлестірілген кодты жергілікті орындау, немесе 
қашықтықтан орындауға арналған келісілген нысанға бағытталған 
бағдарламалау ортасын қамтамасыз ету; 
■ 
бағдарламалық қамсыздандыруды және нұсқаларды басқаруды 
өрістету кезінде қақтығыстарды төмендететін, кодты орындау кодын 
қамтамасыз ету; 
■ 
кодты қауіпсіз орындауға кепілдік беретін коды орындау ортасын 
қамтамасыз ету, беймәлім немесе толық емес сенім білдірілген 
өндірушімен құрылған кодты қоса алғанда; 
■ 
сценарийлерді орындау ортасы немесе түсіндірілетін кодтың 
өнімділігінің проблемаларын болдырмайтын, кодты орындау 
ортасын қамтамасыз ету; 
■ 
Windows 
қосымшалары 
және 
веб-қосымшалар 
сияқты 
қосымшалардың әртүрлі типтеріне арналған жұмыс істеудің 
бірыңғай қағидаларын қамтамасыз ету; 
■ 
. NET Framework платформасының кодын кез келген басқа кодпен 
біріктірілуін қамтамасыз ететін өнеркәсіптік стандарттардың 
негізінде өзара әрекеттестікті құрастыру. 
Платформа бағдарламалық өнімдердің төрт тобынан тұрады. 
1. Тілдер жиынтығы, оған С# және Visual Basic .NET кіреді; 
құрастырудың аспаптық құралдары жиынтығы, соның ішінде Visual 
Studio .NET; Windows және Интернетте жұмыс істейтін Web-қызметтер 
мен қосымшаларды құруға арналған кластардың кең кітапханасы; 
сондай-ақ CLR (Common Language Runtime - орындаудың жалпы тілдік 
ортасы) бағдарламасының ортасы, онда осы платформада құрылған 
нысандар орындалады. 
2. Реляциялық дерекқорларға жүгіну, электронды поштаны қолдану 
және 
т.б. 
арналған 
мамандандырылған 
функционалдық 
мүмкіншіліктерді ұсынатын .NET Enterprise Servers серверлер 
жиынтығы. 
3. .Net MyServices деп аталытын коммерциялық веб-қызметтердің 
бай таңдауы. Мардымсыз ақыға құрастырушылар, тұлғаның жеке басын 
сәйкестендіруді және басқа деректерді талап ететін қосымшаларды 
құрастыру кезінде осы қызметтерді пайдалана алады. 
4. .NET 
құралдарын қолдайтын жаңа компьютерлік емес 
қосымшалар - ұялы телефондардан бастап ойын приставкаларына дейін. 
Microsoft .NET тек қана тілдік тәуелсіздікті ғана емес, сонымен бірге 
тілдік кіріктіруді де қолдайды. Бұл құрастырушының бірнеше тілдермен 
бір мезгілде жұмыс істеу кезінде, кластардан мұралануын, 
ерекшеліктерді өңдеуге және полиморфизм артықшылықтарын 
пайдалана алады дегенді білдіреді. .NET Framework платформасы CTS 


218 
(Common Type System - типтердің жалпы жүйесі) сипаттамасының 
көмегімен осындай мүмкіншілікті береді, ол орындау ортасымен 
қолданатын деректердің барлық типтерін толығымен сипаттайды, 
деректердің бір типтері басқалармен әрекеттесе алатындығын және 
олардың .NET форматында қалай ұсынылатындығын анықтайды. 
Мысалы, .NET-те кез келген болмыс белгілі бір кластың нысаны, 
System.Object түбірлі кластың туындысы болып табылады. 
Барлық .NET бағдарламалау тілдерінде CTS анықталған деректердің 
барлық типтері міндетті түрде қолданылуы тиіс емес екендігін түсіну 
маңызды. CLS (Common Language Specification - жалпы тілдік 
сипаттамасы) сипаттамасы барлық тілдер ұстануы тиіс заңдарды 
анықтайтын негізгі ережелерді орнатады: басты сөздер, түрлер, 
қарабайыр типтер, әдістерді артық жүктеу және т.с.с. CLS сипаттамасы 
.NET платформасының тіліне ұсынылатын минималды талаптарды 
анықтайды. Осындай сипаттаманы қанағаттандыратын компиляторлар, 
бір-бірімен өзара әрекеттесуге қабілеті бар нысандарды құрады. CLS 
талаптарына сәйкес келетін кез келген тіл, FCL (Framework Class Library 
- платформа кластарының кітапханасы) кітапханасының барлық 
мүмкіншіліктерін пайдалана алады. CLS бағдарлама қамсыздандырусын 
құрастырушыларына да, жеткізушілерге де, өндірушілерге де тілдерге 
арналған ережелердің жалпы жиынтығының, компиляторлардың және 
дерек типтерінің шегінен шықпауға мүмкіндік береді. 
.NET Framework платформасы операциялық жүйенің үстіңгі 
құрылысы болып табылады, ол ретінде кез келген Windows нұсқасы 
бола алады. Бүгінгі күні .NET Framework платформасының құрамына 
кіретіндер: 
■ 
Төрт ресми тілдер: С#, VB.NET, Managed C++ (C++ басқарылатын) 
және JScript .NET; 
■ 
CLR (Common Language Runtime) нысанға бағытталған ортасы, 
Windows және Интернетке арналған қосымшаларды құру үшін 
бірігіп қолданылады; 
■ 
FCL (Framework Class Library) жалпы атауымен кластардың өзара 
байланыстырылған кітапханалар қатары. 
.NET Framework платформасының сәулеттік компоненттерінің 
қатынасы тұжырымдамалық көзқарастан 10.1-суретте берілген. 
CLR деңгейінің үстінде платформалардың негізгі кластырының 
жиынтығы бар, оның үстінде деректер мен XML кластарының қабаты, 
сондай-ақ веб-қызметтер (Web Services), Web- және Windows- 
қосымшалар (Web Forms және Windows Forms) құруға арналған кластар 
қабаты орналасқан. Бір жерге жиналған,бұл кластар FCL (Framework 
Class Library) - кластар кітапханасы атты жалпы атауымен танымал. Ол 


219 
ертеректе мүмкін болған тек API Windows арқылы, сондай-ақ веб-
құрастырма (ASP.NET) арналған қолданбалы функцияларға, қолжетімді 
болған (ADO.NET) деректеріне рұқсатты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету 
және қашықтықтан басқаруды қоса алғанда желілік функцияларға 
рұқсатты ашады.
10.1-сурет. Microsoft .NET Framework негізгі компоненттері
Платформаның негізгі кластар жиынтығы, файлдық енгізу/шығару, 
графиканы өңдеу және компьютер жабдығымен әрекеттесу секілді 
әдеттегі төменгі деңгейлі операцияларды жасырып қана қоймай, 
сонымен бірге заманауи қосымшаларда қолданылатын қызметтердің көп 
мөлшерін (қауіпсіздікті басқару, желілік байланысты сүйемелдеу, 
есептеу ағындарын басқару, бейнелеулермен және топтамалармен 
жұмыс істеу және т.б.) сүйемелдеумен қамтамасыз етеді. 
Осы деңгейдің үстінде, деректерді және XML басқаруды қамтамасыз 
ету мақстымен, негізгі кластарды кеңейтетін кластар деңгейі бар. 
Деректер класы серверлік дерекқорда сақталатын ақпаратты басқаруды 
іске асыруға мүмкіндік береді. Осы кластардың құрамына SQL 
(Structured Query Language, құрылымдалған сауалдар тілі) кластары 
кіреді, олар бағдарламашыларға SQL стандартты интерфейсі арқылы 
ұзақ мерзімді сақтау орындарына жүгінуге мүмкіндік береді. Мұнан 


220 
басқа, ADO.NET деп аталатын кластар жиынтығы, тұрақты деректерді 
пайдалануға мүмкіндік береді. .NET Framework платформасы сондай-ақ, 
XML-деректермен күрделі әрекет жасауға және XML түрлендіру және 
іздеуді орындауға мүмкіндік беретін бірқатар кластарды қолдайды.
Web Forms және Windows Forms аспаптық құралдары Web- және 
Windows- қосымшаларды құру үшін RAD технологиясын қолдануға 
мүмкіндік береді.
.NET Framework құрастыру кезіндегі негізгі идеясы құрылғылардың 
әртүрлі типтерінде және әртүрлі орталарда орындауға қабілетті, әртүрлі 
типті қосымшаларды құру мүмкіндігін беру арқылы құрастырушының 
еркіндігін қамтамасыз ету болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет