К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ТАПСЫРМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет183/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   195
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
1. БҚБЖ 
номативтік-техникалық құжаттарының құрамы 
қандай? 
2. БҚБЖ негізгі жетіспеушіліктері қандай? 
3. Р МемСТ ИСО/ХЭК 12207 стандартының мағынасы неде? 
4. МемСТ 19.106-78 «Техникалық тапсырма» құжатының 
қандай бөлімдері бар? 
5. Бағдарламалық қамсыздандырудың талаптар сипаттамасы 
дегеніміз не? 
6. IEEE 830 стандарты нені сипаттайды. Бағдарламалық 
қамсыздандыруға қойылатын талаптардың сипаттамасын 
құру әдістемесі? 
7. Сапалы түрде құрылған сипаттама тапсырыс берушілерге, 
жеткізушілерге 
және 
басқа 
тұлғаларға 
қандай 
мүмкіншіліктер береді? 
8. Құрылған сипаттаманың дұрыстығы нені білдіреді? 
9. Қандай жағдайларда сипаттама (SRS) толық болып 
табылады? 
10. Қандай жағдайларда сипаттама (SRS) түрлендірілетін болып 
табылады? 
11. IEEE 830 стандартымен ұсынылған SRS құрамына не кіреді? 
Оның бөлімдерінің құрамы қандай? 
12. Р МемСТ ИСО/ХЭК
15910 стандарты нені сипаттайды? 
13. Р МемСТ ИСО/ХЭК 9126 стандартының мағынасы неде? 
14. Бағдарламалық 
қамсыздандырудың 
сапасы 
қандай 
сипаттамалармен бағалана алады? 
15. Пайдаланушының 
көзқарасынан 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың сапасы дегеніміз нені білдіреді? 
16. Бағдарламалық қамсыздандырудың сапасын бағалау процесі 
қандай кезеңдерден тұрады? Әрбір кезеңнің мақсаттары 
қандай? 


291 
14-тарау 
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ 
ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ 
СЕРТИФИКАТТАУ 
 
СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ 
НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
 
«Сертификаттау» 
сөзі латын тілінен аударғанда (sertifico) 
«растаймын, куәландырамын» дегенді білдіреді. Өз мағынасы бойынша 
сертификаттау, қарастырылып отырған нысанның белгілі бір талаптарға 
сәйкестігін белгілеуге және растауға бағытталған қызметін білдіреді.
Жалпы айтқанда, сертификаттау дегенде тауарлар немесе 
қызметтердің белгілі бір талаптарға сәйкестігін тәуелсіз растауын түсіну 
қабылданған.
Сертификаттау рәсімін орындау нәтижесі сәйкестік сертификаты 
болып табылады. 
Бүгінгі уақытта Ресей Федерациясындағы өнімдер мен тауарларды 
сертификаттаудың жалпы құқықтық негіздері № 184-ФЗ «Техникалық 
реттеу туралы» Федералды заңымен реттеледі, мұнда мемлекеттік 
басқару органдарының, сондай-ақ дайындаушылардың (сатушылардың, 
орындаушылардың) және сертификаттаудың басқа қатысушыларының 
сертификаттау 
саласындағы 
құқықтар 
мен 
жауапкершіліктер 
анықталған. 
Жалпы жағдайда сертификаттау келесі мақсаттарда өткізіледі: 
■ 
Ресей 
Федерациясының 
бірыңғай 
тауарлы 
нарығындағы 
кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпкерлердің 
қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-
техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысу 
үшін жағдайлар жасау; 
■ 
тұтынушыларға өнімді құзыретті таңдауда көмектесу; 
■ 
тұтынушыны дайындаушының (сатушының, орындаушының) арам 
ниеттілігінен қорғау; 
■ 
өнімнің қоршаған ортаға, өмірге, денсаулыққа және мүлікке 
қауіпсіздігін бақылау;
■ 
дайындаушымен мәлімделген, өнім сапасының көрсеткіштерін 


292 
растау. 
Құралдар мен ақпараттандыру жүйелерін сертификаттау Ресей 
Федерациясындағы жалпы сертификаттау жүйесінің элементі болып 
табылады.
Бағдарламалық қамсыздандыруды, ақпараттық технологияларды 
және қызметтерді сертификаттаудың басты мақсаттары: 
■ 
ақпараттандыру құралдары мен жүйелерінің пайдаланушыларын 
құралдар мен жүйелерді, соның ішінде өмірге, денсаулыққа, мүлікке, 
сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін импорттық сатып алудан 
қорғау; 
■ 
жүйе әзірлеушілерін және осы шынайы ақпарат жүйелерін 
пайдаланушылардың кең ортасын, отандық және шетелдік 
ақпараттандыру, телекоммуникация, ақпараттық технологиялар 
және қызметтер құралдар нарығының жай-күйі туралы шынайы 
ақпаратпен қамтамасыз ету; 
■ 
мемлекеттік ақпараттандыру жүйелерінің арасындағы ақпараттық 
алмасуды қамтамасыз ету (салық қызметі, құқық қорғау органдары, 
еңбек және жұмысты басқару қызметі, білім беру, денсаулық сақтау 
және т.б.); 
■ 
мемлекеттік емес керек-жарақтар субъектілерін мемлекеттік керек-
жарақтар субъектілерімен ақпараттық өзара әрекеттесуі үшін 
жағдаймен қамтамасыз ету; 
■ 
ғылыми-техникалық деңгейдің және отандық ақпараттандыру 
жүйесінің, ақпараттық технологиялар мен қызметтердің бәсекеге 
қабілеттілігінің артуына көмек көрсету; 
■ 
Ресейдің әлемдік ақпарат кеңістігіне кіруі үшін жағдай жасауға 
көмектесу. 
Ақпараттандыру құралдарын сертификаттау тек қана тұтынушының 
қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етіп қана қоймай, 
сонымен қатар өнім дайындаушыға (жеткізушіге) белгілі бір пайдалар 
алып келетіндігін ескерген жөн. Осылайша, жеке алғанда, 
сертификаттау өткізу нарығының кеңеюіне көмектеседі және 
бәсекелестердің өнімдерімен салыстыра отырып, фирманың өнімінің 
сапасының расталуын қамтамасыз етеді. Сауда өзара байланыстығын 
ұйымдастыру көзқарасынан, сертификаттау өнім өндірушілері 
(жеткізушілері) мен тұтынушыларының арасында сенімгерлік қарым-
қатынастың құрылуына көмектеседі. Отандық ақпараттық өнімнің 
нақты түрлерінің және ақпарат құралдарының нысанды расталған 
сапасы және қолданыстағы орны ғана оларды бәсекеге қабілетті ете 
алады және оларға ұсынысты шынайы қамтамасыз ететіндігін есте 
сақтаған жөн. 
№ 184-ФЗ «Техникалық реттеу туралы» Федералды заңында, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет