К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет185/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   195
Сәйкестікті растау - өнімнің немесе өзге нысандардың, өндіріс 
процестерінің, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату, 
жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсетудің техникалық 
регламент 
талаптарына, 
стандарттардың 
ережелеріне 
немесе 
шарттардың талаптарына сәйкестігін құжат жүзінде куәландыру. 
Сәйкестікті растау жеткізушімен және тәуелсіз органдармен жүзеге 
асырыла алады. 
Сертификаттау - сертификаттау органымен жүзеге асырылатын, 
нысандардың техникалық регламент талаптарына, стандарттардың 
ережелеріне немесе шарттардың талаптарына сәйкестігін растауының 
нысаны. 


294 
Сәйкестік сертификаты - нысанның техникалық регламент 
талаптарына, стандарттардың ережелеріне немесе шарттардың 
талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат. 
Сертификаттау жүйесі - оның қатысушыларының сертификаттау 
бойынша жұмыстарды орындау ережелерінің және жалпы алғанда 
сертификаттау жүйесінің қызмет ету ережелерінің жиынтығы. 
Стандарт - ерікті түрде және көп мәрте пайдалану мақсатында, 
өнімнің сипаттамалары, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату 
және кәдеге жарату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсетудің 
процестерін жүзеге асыру ережелері және сипаттамалары белгіленетін 
құжат. Сондай-ақ, стандартта символикаға, қаптамаға, таңбалауға 
немесе зат белгілерге және оларды басу ережелеріне қойылатын 
талаптар да қамтылуы мүмкін.. 
Стандарттау - көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер 
және сипаттамалар белгiлеу арқылы өнім өндіру және айналымға 
шығару саласындағы және өнiмнің, жұмыстың немесе көрсетiлетiн 
қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ережелер мен 
сипаттмалар белгілеу жөніндегі қызмет. 
Техникалық реттеу - өнімге, өндіру, салу, монтаждау, баптау, 
пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне, 
қойылатын міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау 
саласындағы сондай-ақ өнімге, өндіру, салу, монтаждау, баптау, 
пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне 
қойылатын талаптарды ерікті түрде белгілеу және қолдану саласындағы, 
сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы қатынастарды құқықтық 
реттеу; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет