К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет3/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195
5
 
бағдарлық сипатта, сол себепті оқу құралындағы теориялық 
материалдың негізгі көлемі «Бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу 
технологиясы» бірінші тарауында берілген.
Тоғыз бөлімнен тұратын «Бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу 
технологиясы» оқу құралының I тарауында халықаралық стандарттарға 
сәйкес қабылданған бағдарламалық жүйелердің өмірлік циклының 
ұғымы ашылады, жүйелі түрде өмірлік циклының барлық сатылары 
сипатталады, бағдарламалық қамсыздандыру сапасын қамтамасыз ету 
мәселелерінен, бағдарламалық өнімді тестіден өткізу технологиялары 
мен әдістерінен, оның тапсырыс берушіге жеткізілу процедурасынан 
хабардар етіледі. Ұсынылып отырған материалдың суреттер көлемі 
жеткілікті.
1-бөлім бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклын, оның 
негізгі, қосалқы және ұйымдастыру процестерін, сондай-ақ олардың 
арасындағы өзара байланысты қарастыруға арналған.
2-бөлімде 
бағдарламалық 
қамсыздандыруды 
әзірлеудің 
стратегиялары (каскадты, инкрементті, эволюциялық) беріледі, сондай-
ақ бағдарламалық жүйелердің өмірлік циклының түрлі модельдері 
қарастырылады. Олардың салыстырмалы сипаттамалары беріледі және 
оларды қолдаушы процестері сипатталады.
 3-бөлімде бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын талаптарды 
басқару жөніндегі мәліметтер, пәндік салаға тексеру жүргізу, тапсырыс 
берушінің талаптары бойынша функционалдық және пайдалану 
сипаттамаларын құру әдістері ашылады. Бұдан басқа, осы бөлімде 
бағдарламалық қамсыздандыру прототиптерін құру принциптері мен 
пайдалану артықшылықтары беріледі.
4-бөлімде бағдарламалық қамсыздандыруды жобалау мен әзірлеудің 
құрылымдық 
тәсілінің 
мәні 
түсіндіріледі, 
атап 
айтқанда, 
функционалдық диаграммаларды құру үшін SADT әдіснамасын қолдану 
мүмкіндіктері және DFD деректері ағынының диаграммаларын құру 
бірізділігі сипатталады.
5-бөлімде бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеудегі нысанға 
бағытталған тәсілге арналан. Мұнда UML модельдеу біріздендірілген 
тіліне сипаттама беріледі және UML кейбір диаграммаларын құру 
процедуралары, мысалы әрекет диаграммасы, бірізділік диаграммасы, 
пайдалану нұсқаларының диаграммасы және басқаларын құру 
процедурасын түсіндіреді.
6-бөлімде бағдарламалық қамсыздандыруды іске асыру кезеңдері 
қарастырылады, бағдарламалық жүйелердің түрлі сәулеті, модульді 
бағдарламалау принциптері мен модульдердің қасиеттері сипатталады. 
Бағдарламалық қателердің жіктемесі беріледі, бағдарламалық 
қамсыздандыруды дұрыстау тәсілдері ашылады, оның ішінде 
бағдарламалардың өрлемелі және төмендемелі әзірлемелердің әдістері 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет