К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет34/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   195
39
 
Әрбір итерация барысында модель ұйымы өзгереді де, оған жаңа 
функционалдық мүмкіндіктер қосылады.
Бағдарламалық қамсыздандырудың сипаттамасы, жоба мен сату 
бірінен кейін бірі әзірленетін бөліктерге (increment) бөлінеді.
Осылайша, жүйенің бөлшектерін ауыстыруға қажеттілердің саны 
азаяды және клиенттер өздерінің ниеттерін біршама ұзақ уақытқа 
ойланып алуға мүмкіндік алады. Әдеттегі әрекеттерге сонымен қатар
әзірленетін 
өнімнің 
компоненттері 
(бөлшектері) 
пайдалануда 
болатындығын, олар клиентке өнімге қоятын талаптарын бұдан әрі 
анықтауында үлкен анықтылық алатындығын жатқызу керек.
Әрекеттерінің барысы келесідей болады: ең алдымен талаптар 
біршама жалпы түрде анықталады және өте маңызды және 
маңыздылығы жай деп ажыратылады. Бұдан кейін тапсырыс беруші ала 
бастайтын бағдарламалық қамсыздандырудың бөлігі анықталады.
Әрбір жеткізу жүйеге белгілі бір функционалдылықты қосады. Бұл 
ретте шығару басымдылығы жоғары болатын компоненттерден 
(бөлшектерден) басталады.
Жүйенің бөлшектері анықталған кезде бірінші бөлігін алады да, 
біршама сәйкес келетін процесті қолдана отырып, егжей-тегжейлі етуді 
бастайды. Осы уақыт ішінде тоқтатылып қалған осы жұмыстың 
талаптарының ағымдағы үйлесіміндегі басқа бөліктер үшін талаптарды 
анықтап алуға болады. Егер өте қажет болса, осы бөлігіне қайта келуге 
болады.
Егер бөлігі дайын болса, онда тапсырыс берушіге жұмысында 
қолдану үшін немесе кем дегенде, сынауға болатын бөлігі жеткізіледі. 
Бұл тапсырыс берушіге келесі компоненттер үшін немесе осы 
компоненттің келесі нұсқалары үшін қойылатын талаптарды анықтап 
алуына мүмкіндік береді. Жаңа бөліктері тиісті жүйемен жапсарласады.
Инкрементті стратегияның ерекшеліктері көршілес циклдердің 
итерациялары арасындағы циклдың азғантай ұзақтылығы мен кейбір 
ерекшеліктерінде әзірлеудің циклдарының көптеген саны болып 
табылады.
Инкрементті тәсіл әдетте каскадты модель элементтері мен 
прототиптеуді біріктіруге негізделген. Бұл ретте прототиптеуді қолдану 
әрбір инкрементті әзірлеудің ұзақтығы мен жалпы бүкіл жобаның 
ұзақтылығын біршама қысқартуға мүмкіндік береді.
Прототип деп әзірленетін бағдарламалық қамсыздандырудың 
жұмыс моделі айтылады, ол түрін өзгертуге жеңіл түсетін және 
ұлғайтылатын, оның толық іске асырылуына дейін тірек қасиеттері 
туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.
Инкрементті стратегияны заманауи іске асыру экстремалды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет