К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет36/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   195
41
 
Бағдарламалық құралдар мен жүйелерді әзірлеудің 
эволюциялық стратегиясы
 
 
 
Эволюциялық стратегия әзірлеу сатыларының бірнеше өткелдерін 
білдіреді.
Бұл стратегия әзірленетін бағдарламалық құралға немесе жүйеге 
әзірлеу процесінің басында қойылатын талаптарды жекелей анықтауға 
негізделген. Талаптар әзірлеудің бірізді циклдарында біртіндеп 
анықталады. Әзірлеудің әрбір циклының нәтижесі бағдарламалық 
өнімнің кезекті жеткізілетін нұсқасын береді.
Жалпы алғанда, эволюциялық стратегия үшін инкрементті 
стратегиямен салыстырғанда циклдың ұзақ жалғасуында әзірлеудің 
циклдерінің саны аз болуы тән. Бұл ретте әзірлеудің әрбір циклының 
нәтижесі (бағдарламалық өнімнің кезекті нұсқасы) алдыңғы циклдың 
нәтижелерінен біршама көбірек айырмашылығы бар.
Инкрементті стратегия кезінде сияқты эволюциялық стратегияны 
іске асырғанда көбінесе прототиптеу жиі қолданылады.
Бұл жағдайда прототиптеудің негізгі мақсаты талаптарды толық 
түсіну болып табылады. Ол жобаны әзірлеудің өнімділігі жоғары және 
шығындардың бір уақытта азаюымен қолжеткенде өнімге қойылатын 
талаптарды 
итеративті 
түрде 
анықтауға 
мүмкіндік 
береді. 
Прототиптеуді қолдану жаңа концепциялар немесе жаңа технологиялар 
жобада қолданылған жағдайларда біршама тиімдірек, себебі бұл 
жағдайларда әзірлеудің алғашқы ерте циклдарында жүйеге немесе 
бағдарламалық құралға қойылатын техникалық талаптарды егжей-
тегжейлі толық және дұрыс әзірлеу жеткілікті дәреже күрделі болады. 
Прототиптеуді қолданған кезде талаптарды итеративті анықтап ау үшін 
әзірлеу циклына тапсырыс беруші қатысуы тиіс.
Эволюциялық стратегияны іске асыратын модельдердің өкілдері 
шиыршықты модельдер болып табылады.
Эволюциялық 
стратегияның 
негізгі 
жетістіктері 
болып 
табылатындар:
■ 
әзірлеу процесінде жаңа талаптарды анықтап алу және енгізу 
мүмкіндігі; 
■ 
аралық өнімнің пайдалану үшін жарамдылығы; 
■ 
тәуекелді басқару мүмкіндігі; 
■ 
пайдаланушының жобаға кеңінен қатысуын қамтамасыз ету, ең 
алғашқы сатыларынан бастап, ол тапсырыс берушілер мен 
әзірлеушілердің арасындағы келіспеушіліктерді азайтып, жоғары 
сападағы өнімнің жасалуын қамтамасыз етеді; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет