К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет46/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   195
55
 
ӨМІРЛІК ЦИКЛДЫҢ ШИЫРШЫҚТЫ 
МОДЕЛІ 
Өмірлік циклдың шиыршықты моделі каскадты модельдің аталған 
проблемаларын жеңу үшін ұсынылған болатын және жобалау сияқты, 
сатылы прототиптеу сияқты бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу 
процесін береді. БҚ процесі шиыршықты түрінде берілуінде, әрбір 
шиыршықты орамында бағдарламалық өнімнің жаңа нұсқасы немесе 
жаңа прототип құрылады.
Өмірлік 
циклдың 
шиыршықты 
моделі 
бағдарламалық 
қамсыздандыруды әзірлеудің эволюциялық стратегиясын қолдайды, 
мұнда өмірлік циклдың басында барлық талаптар анықтала бермейді. 
Шиыршықты модельдің негізгі концепциясы келесіде болады. 
Бағдарламалық өнім нұсқалардың бірізді түрінде құрыалды. 
Нұсқалардың әрқайсысы талаптардың кейбір көптеген түрлерін іске 
асырады. Әрбір нұсқаны іске асырғаннан кейін талаптар анықталып 
алынады.
Шиыршықты модель (2.5-сурет) каскадты модельге қарағанда 
бағдарламалық 
қамсыздандыруды 
әзірлеудің 
эволюциялық 
(итерациялық) процесін болжайды. Бұл ретте талдау мен жобалау 
сияқты өмірлік циклдың бастапқы сатыларының мәні артады. Бұл 
сатыларда прототиптерді құру арқылы техникалық шешімдердің іске 
асырылуы тексеріледі және негізделеді. 
Әрбір итерация әзірлеудің аяқталған циклын береді, ол аяқталған 
жүйе болу үшін итерациядан итерацияға жетілдірілетін бұйымның 
(немесе көптеген соңғы өнімнің) ішкі немесе сыртқы нұсқаларын 
шығаруға әкеледі.
2.5-сурет. БҚ өмірлік циклының шиыршықты моделі


56
 
Әрбір итерацияда жоба бөлшектері тереңдетіліп және ізінше 
нақтыланады, соның нәтижесінде соңғы іске асыруға дейін жеткізілетін 
негізделген нұсқа таңдап алынады.
Шиыршықты модельді қолдану жобаны орындаудың келесі 
сатысына өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ол ағымдағы сатының 
аяқталуын күтуді қажет етпейді - толық орындалмаған жұмысты келесі 
сатыда орындауға болады. Әрбір итерацияның басты міндеті - жүйе 
пайдаланушыларына көрсетуге болатын жұмысқа қабілетті өнімді 
тезірек көрсету. Осылайша, жобаға анықтап алу мен толықтыруларды 
енгізу процесі де біршама жеңілдейді.
Шиыршықты модельдің артықшылықтары. Бағдарламалық 
қамсыздандыруды әзірлеуге шиыршықты тәсіл каскадты модельдің 
біршама кемшіліктерін өткеруге мүмкіндік береді және сонымен қатар, 
әзірлеу процесін икемді ете отырп, қосымша мүмкіндіктердің қатарын 
қамтамасыз етеді.
Маңызды артықшылықтарының бірі тәуекел деңгейін азайту болып 
табылады. Тәуекел біріктіру кезінде анықталады, сол себепті тәуекел 
деңгейі жобаны әзірлеуді бастаған кезде максималды. Әзірлеудің алға 
жылжуына қарай тәуекелдің күтілген деңгейі азаяды. Бұл кез келген 
әзірлеу моделі кезінде әділетті, алайда шиыршықты модельді 
қолданғанда тәуекел деңгейінің азаюы көбірек үлкен жлдамдықпен 
болады. Бұл итерациялы тәсілде біріктіру бірінші итерацияда 
болатындығымен байланысты, және бастапқы итерацияларда жобаның 
көптеген аспектілері, мысалға, қолданылатын аспаптық құралдардың 
және 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың 
жарамдылығы, 
әзірлеушілердің біліктілігі және т.с.с. анықталатын болады. 2.6-суретте 
кестелерді салыстырғанда тәуекел уақытының каскадты және 
шиыршықты модель үшін әзірлеу уақытына тәуелділігі берілген.
Итерациялық әзірлеме жобаны басқаруда үлкен икемділікті 
қамтамасыз етеді, әзірленетін бұйымға тактикалық өзгерістерді енгізуге 
мүмкіндік 
береді. 
Мысалы, 
әзірлеу 
мерзімдерін 
жүйенің 
функционалдылығын қысқарту арқылы болады немесе жүйенің 
құрамдас бөлшегі ретінде өз әзірлемелерінің орнына басқа тараптық 
фирмалардың өнімдерін қолдану. Бұл бәсекелестердің ұсынған 
өнімдерінің алға жылжуына қарсы келе алатын бәсекелестік 
жағдайларда өзекті болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет