К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет113/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   195
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ 
ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ САПАСЫН 
БАСҚАРУ
 
 
Бағдарламалық қамсыздандырудың сапасы, басқа өнімнің сапасы 
сияқты - бұл оның тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестігі. БҚ 
сапасын арттыру үшін өнімді құру және сүйемелдеу процесін жақсарту 
керек.
Бағдарламалық қамсыздандыруды өнеркәсіптік әзірлеу - жоғары 
технологиялық процесс, мұнда түрлі міндеттері мен түрлі біліктілігі бар 
әзірлеушілердің ұжымы тартылады.
Көптеген әзірлеушілердің үйлескен жұмысы кезіндегі негізгі 
міндеттердің бірі - бірыңғай жұмыс схемасын қамтамасыз ету. Бұл 
жүйенің түрлі тораптарының тұтастығы мен қарама-қайшы болмауын 
қамтамасыз ететін жұмысты жоспарлауға мүмкіндік береді, сондай-ақ 
тапсырыс берушінің үмітіне БҚ сәйкес келетіндігіне кепілдік беруді 
7.4.
 


174 
қамтамасыз етеді. Бұл міндетті орындау үшін БҚ әзірлеу процесін бір 
регламенттерге - әзірлеудің түрлі қырларын анықтайтын технологиялық 
талаптарға бағынады.
Әртүрлі типтегі бағдарламалық жүйелерді әзірлеген кезде 
технологиялық талаптар ажыратылуы мүмкін. Сонда да, әдетте 
технологияларды әзірлеуде енгізу бір негізгі мақсатты ұстанады - 
әзірленетін бағдарламалық өнімнің сапасын қамтамасыз ету және 
кепілдік беру. Жүйелерді әзірлеу технологияларына қойылатын 
талаптарды анықтайтын құжаттарды құруға - сапа стандарттарына 
алғышарт болады.
Сапа жүйесінің стандарттары тәсіліне сәйкес, сапа - бұл 
тұтынушының 
белгіленген 
және 
болжанған 
талаптарын 
қанағаттандыруға 
қабілеттілігіне 
қатысты 
нысанның 
сипаттамаларының жиынтығы. Сапа объектісі деп жеке бағдарламалық 
өнім немесе оны шығару процесі түсіндіріледі, сонымен өндіруші - 
ұйым немесе жеке қызметкер.
Бұл стандарттарда өнімнің өмірлік циклының сатыларының 
әрқайсысы үшін тән болатын сапасының белгілері айқындалады. Сапа 
стандарттарының негізгі мақсаты - технологиялық процестерге 
қойылатын талаптарды анықтау, оның ішінде әзірлеу процестері, 
құрылатын жүйелер сапасының деңгейінің таңдап алынған белгілерін 
анықтау көзқарасымен үнемі кепілдік беруге мүмкіндік береді.
Сапа стандарттарын қолдану саласы қаншалықты кең болса (жеке 
саладан жалпы қолданылуға дейін), оларды қарастырудың негізгі 
нысаны нақты әзірлеу әдістемелері емес, жалпы технологиялық 
процестер болып табылады.
Стандарттардың көбі жүйенің нақты өмірлік циклына тікелей 
тәуелді емес процестерге бағдарланған. Әрбір процесс үшін осы 
мақсаттарға жету құралдары сипатталып, мақсаттары анықталады. 
Өмірлік 
циклдың 
деректері 
үшін 
стандарттарда 
мақсат 
қанағаттандырылғандығын көрсететін сипаттама беріледі.
Стандарттарда қарастырылатын негізгі процесс - бағдарламалық 
қамсыздандыруды 
әзірлеу 
процесі, 
ол 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың өмірлік циклының моделіне байланысты таңдалған 
жоқ. Әзірлеу процесі әдетте, ұсақ қосалқы процестерге ажыратылады. 
Қосалқы процестер келесі үш санаттарға жатқызылуы мүмкін:
1) БҚ жоспарлау процесі; 
2) БҚ әзірлеу процестері, олар әдетте БҚ қойылатын талаптарды 
әзірлеуді, БҚ жобалау мен кодтауды қамтиды; 
3) Тұтастылықты қамтамасыз ету процестері, олар БҚ анықтауды, БҚ 
сапасына кепілдік беруді, БҚ конфигурациялар басқаруды және 


175 
сертификаттау кезінде өзара байланысты қамтиды. 
ISO 9000 стандарттар тобы - өнімдерді шығару кезінде сапа 
менеджменті ережелерін белгілейтін халықаралық стандарттардың 
тобы. Халықаралық ISO 9000 сәйкес келетін стандарттардың отандық 
тобы МемСТ Р ИСО 9000 деген атау алды. «Өнім шығару» ұғымы деп 
бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу де түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет