1 дәріс. Кіріспе Стандарттар туралы жалпы түсінік, стандарттардың мақсаты, ұстанымдары



бет1/12
Дата11.11.2022
өлшемі146 Kb.
#49339
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1-15.Дәрістер


1 дәріс. Кіріспе
Стандарттар туралы жалпы түсінік, стандарттардың мақсаты, ұстанымдары
1.Жалпы стандарттар дегеніміз не?
2.Республикалық басылымдарда қолдану деңгейі қандай?
3. Республика баспа өнімдерінің статистикасы деген не?

Баспа өнімдерінің стандарттары дегеніміз - біздің күнделікті пайдаланып жүрген баспа өнімдері- кітап , газет, журнал сол сияқты басқа да ақпараттық басылымдардың шығарылым мағлұматтарын бір ізге түсіріп, реттейтін нормативті-техникалық құжат. Стандарт - басылымдарын түрлеріне қарай бірыңғайластырылғандықтан оқырман кітаптың авторын, суретшісін, аудармашысын, жанрын, қандай оқырманға арналғандығын, сонымен бірге қысқаша мазмұнымен, басылған жері, тиражы, көлемі туралы бірден ақпарат ала алады. Сонымен бірге стандарттау библиография, статистика және кітап саудасы саласында басылым туралы ақпараттар жүйесін әмбебап етеді. Стандарттау әрине, баспа саласында шектеулер қоятыны шындық, бірақ баспа өнімдерімен жұмыс істейтін ақпарат, кітапхана және оқырман арасын бір деңгейде түсіністікке келтіретін қажеттілік. Баспа ісін реттейтін стандарт «Ақпарат, кітапханатану және баспа ісі жөніндегі стандарттар жүйесінде» қаралады. (Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу- СИБИД). Бұл жүйедегі стандарттарда барлық ақпарат, библиография және баспа ісіне байланысты басылымдардың шығарылым мағлұматтарын, басылымдардың библиографиялық жазбаларын, кітапханалық жүйеде орналастыру, электронды басылымдардың мағлұматтарын орналастыру қаралып, реттеледі. Стандарттар жүйесі мемлекетаралық деңгейде қолданылады, сондықтан ГОСТ –деп аталады. ТМД елдерінде біріңғай дәрежеде сақталуы керек. Бұл стандарттардың барлығы да ISO- ға сәйкестендіріліп жасалады. Қолданылуына қарай стандарттар мемлекеттік, республикалық және салалық болып бөлінеді. Біздің баспа ісінде қолданылатын стандарттарымыз мемлекеттік және республикалық болып келеді.


Болашақ баспагерлер шығаратын өнімдерінің баспа ісіне қойылатын талаптардың барлығына сәйкес болу үшін бірінші көңіл аударатын мәселелері : Кітаптың тыстамасын қалай безендіруді, титул парақ және оның сыртқы бетіне не орналастыру керектігін, негізгі мазмұнын қалай безендіруді, компьютер арқылы мәтінді теру барысында қандай ережелерді сақтауды және соңғы бетке қандай мәліметтер орналастыру керектігін білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет