267
шартты белгілер. Рәсімдік алгоритмдерді таныстыруды сипаттайды.
Р МемСТ ИСО/ХЭК 12119-
2000. Ақпараттық технология.
Бағдарламалық құралдар топтамасы. Сапаға қойылатын талаптар
және сынақтар. Бұл стандартта бағдарламалар топтамасына қойылатын
талаптар және оларды берілген талаптарға сәйкестігіне сынақ жөніндегі
нұсқаулар белгіленген. «Бағдарламалық құралдар топтамасы» түсінігі,
бірнеше пайдаланушыға жалпы пайдалануы немесе қызмет істеуі үшін
жеткізілетін бағдарламалар, рәсімдер және ережелердің жиынтығы
ретінде қарастырылатын, нақты «бағдарламалық өнім» жалпы
түсінігімен теңдестіріледі. Әрбір бағдарламалық топтамасының өнім
сипаттамасы және пайдаланушылар құжаттары болуы тиіс.
Р МемСТ ИСО/ХЭК 9127-
94. Пайдаланушының құжаттары және
тұтынушылар бағдарламалық топтамасына арналған қаптамадағы
ақпарат. Стандарт пайдаланушының құжаттарын және тұтынушылар
бағдарламалық топтамасы жасақталуы тиіс, қаптамадағы ақпаратты
сипаттайды.
Пайдаланушының
құжаттары
пайдаланушыларды
бағдарламалық құралдарды орнатуға және өткізуге қажетті ақпаратпен
қамтамасыз етеді. Әдетте, бұл құжаттарды, қаптаманың ішіне
бағдарламалық құралдармен бірге салатын бір немесе бірнеше
нұсқаулық ретінде ұсынады. Нәтижесінде пайдаланушылар топтаманы
сатып алмағанша, нұсқаулықты қолдана алмайды.
Пайдаланушы
құжаттарының
тағайындалымы
соңғы
пайдаланушыны бағдарламалық құралдың мақсатын, қызметін және
сипаттамасын, бағдарламалық құралды қалай іске қосу және пайдалану
керектігін анық түсіну үшін жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету
болып табылады. Оқу құжаттарының тағайындалымы ретінде жаңа және
тәжірибесіз пайдаланушылар үшін топтаманы біртіндеп жұмысқа енгізу
мүмкіндігін беру борлып табылады. Топтаманың сыртындағы
қаптамасындағы ақпараттың мақсаты әлеуетті сатып алушыларға
аталмыш бағдарламалық құралды олардың қажеттіліктеріне сәйкес
қолданулығы туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беру болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: