бірінші категорияға жатады. Олар электр энергиясын кем дегенде екі
тәуелсіз және ӛзара резервілейтін қоректендіруші кӛздерден алулары тиіс.
Электрмен жабдықтау кезіндегі ҥзіліс ӛнімнің беру кемістігіне
әкелетін, қызметкерлердің, механизмдердің, ӛнеркәсіп кӛлігінің жаппай
тҧрып қалуын тудыратын, қала және ауыл тҧрғындардың айтарлықтай
бӛлігінің әдеттегі жҧмыс істеуін бҧзатын болса, ондай тҧтынушылар
екінші категорияға жатады. Олар электр энергиясымен екі тәуелсіз кӛздерден
қамтамасыз етіледі. Олардың біреуі электрмен жабдықтау кезінде бҧзылатын
болса, белгілі бір уақытқа электрмен жабдықтау ҥзілістерін жасауға болады.
Ал осы уақыт ішінде кезекші қызметкерлер немесе оперативті шығу
бригадасы резервті қоректендіруді қосулары қажет.
Ҥшінші категорияға электр энергиясын тҧтынатын қалған барлық
тҧтынушылар жатады. Бҧл тҧтынушыларды электрмен жабдықтау бір кӛзден
жасалынуы мҥмкін.
Кез келген электр энергия тҧтынушысының әдеттегі жҧмысы
электрмен жабдықтаудың ҥздіксіздігін ғана емес, электрлік энергияның
белгілі бір сапасын қамтамасыз етуді талап етеді. Электрлік энергияның сапа
кӛрсеткіштеріне: берілген номиналды мәндерден кернеу мен жиіліктің
ауытқулары, кернеу мен жиіліктің тербелістері, кернеу қисығы пішінінің
синусоидалды еместігі, ҥшфазалық кернеу жҥйесінің симметрия еместігі
жатады.
Тҥрлі тҧтынушылар ҥшін кернеудің мҥмкін болатын ауытқулары әр
тҥрлі болып келеді. Мысалы, жарықтандыру ҥшін олар –2,5-тен +5%-ды,
электрқозғалтқыштар ҥшін –5-тен +10%; қалған тҧтынушылар ҥшін – ±5%
номиналды ауытқуды қҧрайды.
Әр тҥрлі ӛнеркәсіптік кәсіпорындарының электрлік жҥктемесі бірнеше
ондықтан миллиондаған киловаттарға дейін баруы мҥмкін. Кӛптеген
қабылдағыштар ауыспалы токтың индуктивті сипаттамаға ие электрлік
энергиясын тҧтынады. Оларға, ең алдымен, асинхронды қозғалтқыштар және
трансформаторлар жатады. Ток пен кернеудің берілген мәндерінде ондай
тҧтынушылардың қуаты cos
қуат коэффициентінен тәуелді. Қуат
коэффициенті кӛздің номиналды қуаты қалай пайдаланылатынын кӛрсетеді.
Номиналды режим кезінде тҧтынушылардың cos
= 0.7 – 0.9
айтарлықтай жоғары болып келеді. Алайда аздаған жҥктеме кезінде қуат
коэффициенті де тӛмен болады. Желістер мен трансформаторларда реактивті
энергияның бар болуы энергия мен кернеудің қосымша жоғалтымдарының
туындауына әкеліп соқтырады. ЭЖЖ ӛткізу қабілеттілігін тӛмендетеді. Сол
себепті реактивті энергия кӛздерін оны тҧтыну жерлеріне барынша жақын
орналастыруға тырысады.
Реактивті энергия кӛздеріне компенсаторлық қондырғылар жатады.
Конденсаторлы батареялар мен синхронды қозғалтқыштар. Олар қоздыру
тогын ӛзгерту арқылы реактивті энергияның тҧтынылуын реттеп отырады.