К ә с І п т І к б І л І м б е ру г. В. Ярочкина электротехника негіздері



Pdf көрінісі
бет154/159
Дата16.10.2023
өлшемі7,04 Mb.
#116057
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
БАҚЫЛАУ СҦРАҚТАРЫ 
1. Электролиз деп нені атайды? 
2. Гальваностегияның гальванопластикадан айырмашылығы неде? 
3. Алюминийді электрохимиялық процестер кӛмегімен қалай алады? 
4. Вакуумдық тозаңдау қайда қолданылады? 
8.3.3. ЭЛЕКТРЛІК ЖАРЫҚТАНДЫРУ 
Электрлік жарықтандыру мен жарық кӛздері адам еңбегі мен 
демалысы ҥшін қажетті жарық жағдайларын қалыптастыруға арналған. 
Соңғы жылдары жарық кӛздері технологиялық мақсаттарға (кептіру, 
ауылшаруашылық ӛнімдерін сәулелендіру, химиялық заттектерді алу, 
ақпараттық техникада және т. б.) кеңінен қолданылып келеді. Біздің елімізде 
жарықтандыру ҥшін барлық ӛндірілетін электр энергиясының 10 %-дан 
артығы қолданылады.
Жарық кӛзі деп энергияның тҥрленуі нәтижесінде жарық шашатын 
денені атайды.
Іс жҥзінде барлық заманауи жарық кӛздері ӛңделмеген энергияны 
тасымалдағыш ретінде электр тогын пайдаланады және электрлік деп 
аталады. Жарық кӛздеріне спектрдің кӛрінетін бӛлігі оптикалық (толқын 
ҧзындығы 380—780 нм), ультракҥлгін (10—380 нм) және инфрақызыл (780 
— 10 нм) сәулеленген қҧрылғылар жатады. 


Оптикалық сәулелендіру кӛздері жылу (қыздыру денесін жоғары 
температураға дейін қыздыру кезінде) және газразрядты (электр тогының 
газдарда ӛтуі кезінде) болып бӛлінеді. 
Жылу кӛздеріне қыздыру шамдары, кӛмір доғалары, инфрақызыл 
электржылытқыштар, ал газразрядтағыларға люминесценттік шамдар, доғалы 
сынап шамдар, доғалы жоғары сапалы және импульстік разрядты шамдар 
жатады. 
Жарықтың электр кӛздері электрлік және жарық параметрлерімен 
сипатталады. Электрлік парметрлерге жататындар. Номинал кернеуі, Рн
номинал қуаты, 1н шамының номинал тогы, жарық параметрлеріне –– 
шамнан шашылатын, люменмен ӛлшенетін Ф жарық ағыны, шамның жарық 
берісі, жарық ағынының тҧрақтылығы. 
Қыздыру шамының негізгі бӛлігі (8.13-сурет) болып электр тогы 
ӛткенде қызған кезде оптикалық сәулелендіруге алып келетін қыздыру денесі 
табылады. Қазіргі кезде қыздыру денесі ретінде вольфрам негізіндегі 
қорытпалардан жасалған спираль пайдаланылады. Шыны қҧты 1 денені 3 
және электродтарды 4, 5 (ток кіргізімдері) сыртқы ортадан оқшаулайды.
8.13-сурет. 
Заманауи 
қыздыру 
шамының қҧрылымы:
1 — қҧты; 2 — қҧты қуысы 
(вакуумдалған 
немесе 
газбен 
толтырылған); 3 — қыздыру денесі; 
4, 5 — қыздыру денесін ілмек-
ҧстағыштар; 7 — шам аяқшасы; 8 — 
кіргізім токтарының сыртқы буыны, 
сақтандырғыш; 

— 
цоколь 
корпусы; 
10 
— 
цоколь 
оқшаулағышы (шыны); 11 — цоколь 
тҥпшесінің тҥйіспесі 


Қҧты қуысынан ауа сорылады және ол инертті газбен немесе газдар 
қоспасымен толтырылады. Ток ӛткізгіш жетектер бір-бірінен оқшауланған 
сыртқы электродтарға балқытып жапсырылған. Жарық беруді кҥшейту ҥшін 
қыздыру денесінің бетін арттырады. Сол себепті кӛпшілік шамдарда қыздыру 
денесі жіп немесе жіңішке жіптен жасалған спираль тҥрінде жасалады. 
Қыздыру 
шамдарының 
кейбір 
қҧрылымдарында 
шағылыстыратын 
қаптамалар пайдаланылады. 
Қыздыру шамдары қҧрылысы бойынша және пайдалануда қарапайым 
болып келеді. Арзан және арнайы іске қосу аппаратурасын қолдануды қажет 
етпейді. Олардың маңызды кемшілігі –– жарық тудыратын спектрдің 
кҥндізгіден айырмашылығы және аз жарық беруі. Мҧндай шамдар қызметінің 
орташа ҧзақтығы шамамен 1000 сағ. 
Люминесценттік лампа – кӛрінетін жарық негізінен разрядты 
ультракҥлгін сәулелендіру әсерінен жанатын люминоформен сәулеленетін 
жарықтың газразрядты кӛзі (8.14-сурет). Разрядтың ӛзі де кӛрінетін жарықты 
сәулелендіреді. Бірақ айтарлықтай аз дәрежеде болады. 
Люминесценттік шамның жарық беруі бірдей қуатты қыздыру 
шамдарына қарағанда бірнеше есе кӛп болып келеді. Люминесценттік 
шамдар қызметінің мерзімі қыздыру шамдарының қызметі мерзімінен
электрлік қоректендірудің, баланстың қажетті сапасының қамтамасыз етілуі 
мен қосу және сӛндіру мӛлшері бойынша шектеулердің орындалуы 
жағдайларында 10 есе кӛп болуы мҥмкін. 
Люминесценттік шамдар қоғамдық ғимараттарды (мектептерді, 
ауруханаларды, кеңселерді және т. б.) жарықтандыруда кең қолданыс тапты. 
Люминесценттік 
шамдар 
танымалдылығы 
олардың 
келесі 
артықшылықтарына негізделген: 


8.14-сурет. Люминесценттік шамдардың алуан тҥрлері біршама кӛп 
жарық беруі (20 Вт люминесцентттік шам жарықты 100 Вт қыздыру шамы 
секілді береді). Ҧзақ қызмет ету мерзімі (2000-нан 20000 сағатқа дейін), 
шашыраңқы жарығы, жарық реңктерінің әртҥрлілігіне байланысты болады.
Люминесценттік шамдарды жалпы жарықтандыру, ең алдымен, 
ауданы ҥлкен ғимараттарды жарықтандыру ҥшін жағдайларын жақсартуға 
және энергия тҧтынуды 50 — 83 %-ға тӛмендетуге және шамдардың қызмет 
ету мерзімін арттыруға мҥмкіндік беретін жҥйелермен бірге қолданған жӛн. 
Люминесценттік шамдар жҧмыс орындарын жергілікті жарықтандыруда
жарық арқылы кӛрсетілетін жарнамада, ҥйдің алдын жарықтандыруда 
кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет