Ӛлшеу нәтижелерін алу әдістеріне байланысты ӛлшеу тікелей
және жанама болып келеді.
Тікелей ӛлшеуде физикалық шама тікелей ӛлшенеді. Тікелей
ӛлшеулерге келесі мысалдар бар: ҧзындықты сызғышпен ӛлшеу,
уақытты секунд ӛлшеуішпен, ал ток кҥшін амперметрмен.
Жанама ӛлшеуде тікелей мәнін білуге қажет шаманы емес,
ізделініп отырған шамамен қандай да бір математикалық тәуелділіктегі
басқа шамалар ӛлшенеді. Мысалы, дене тығыздығын оның массасы
және кӛлемін ӛлшеу арқылы анықтайды. Ал кедергіні Ом заңы
бойынша, яғни ток кҥші мен кернеуін есептейді.
Ӛлшеу әдістері мен қҧралдарына байланысты тікелей бағалау
және салыстыру әдістері бар.
Тікелей бағалау әдісі ӛлшенетін шаманың мәні тікелей ӛлшем
қҧралының ӛлшемдік қҧрылысы арқылы (ток мәні амперметрмен,
кернеу мәні вольтметрмен және т.б.) анықтауы болып табылады. Бҧл
бағалау әдісі қарапайым болғанымен, салыстырмалы жоғары емес
нақтылығымен ажыратылады.
Салыстыру әдісі арқылы ӛлшенетін шама қалпына келетін
шамамен салыстырылады. Бҧл әдіс тікелей бағалау әдісімен
салыстырғанда ӛлшеуді жоғары нақтылықпен қамтамасыз етеді. Бірақ
ӛлшеу процесі кҥрделенеді.
Ӛлшеу қҧралдарын да ҧйымдастыру шараларының, сонымен қатар
біздің сезім мҥшелеріміздің жетілмеу себептерінен ӛлшеулер нақты
жҥргізіле алмайды. Яғни әрбір ӛлшем тек шамалап қана нәтиже береді.
Бҧдан басқа, ӛлшеу нәтижелерінің ауытқу себептері жиі ӛлшенетін
шаманың ӛзінен болып келеді. Мысалы, пештің белгілі бір нҥктесінде
термометрмен немесе терможҧппен ӛлшенетін температура конвекция
мен жылу ӛткізгіштігі себебінен белгілі бір шекте ауытқиды. Ӛлшеу
нәтижесінің нақты бағалау шамасына ӛлшеу қателігі қызмет атқарады.
Ӛлшеу қҧралдары қателіктерінің тҥрлі әдістеріне абсолют,
салыстырмалық және келтірілген қателіктер жатады.