К ә с І п т І к б І л І м б е ру г. В. Ярочкина электротехника негіздері


БАЯНДАМАЛАР МЕН РЕФЕРАТТАР ТАҚЫРЫБЫ



Pdf көрінісі
бет180/243
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#11318
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   243
Байланысты:
Ярочкина-Электр-техника-негіздері.-Оқулық

БАЯНДАМАЛАР МЕН РЕФЕРАТТАР ТАҚЫРЫБЫ 
1. 
Асинхронды қозғалтқыштардың ӛндірісте қолданылуы. 
2. 
Қуаттылығы аз электрқозғалтқыштар (микроқозғалтқыштар). 
3. 
Асинхронды тахогенераторлар және олардың ӛндірісте қолданылуы.  
4. 
Сызықтық асинхронды қозғалтқыштар. 
 
СИНХ7.3. СИНХРОНДЫ МАШИНАЛАР                                                
7.3.1. СИНХРОНДЫ МАШИНАЛАРДЫҢ 
НЕГІЗГІ ҦҒЫМДАРЫ МЕН ҚОЛДАНЫС АЯСЫ 
Синхронды  машиналарда  ротордың  айналу  жиілігі  статордың 
магниттік ӛрісінің айналу жиілігіне тең. Демек, f желі тогының жиілігі мен 
р полюстері жҧбының санымен анықталады:  
 


 
Кез-келген  электрлік  машина  секілді  синхронды  машина  қайтарымды 
болып табылады. Яғни генератордың да, қозғалтқыштың да режимдерінде 
жҧмыс істей алады.  
1876  ж.  орыс  ғалымы  П.  Н.  Яблочков  электромагнитті  қозуы  және 
онымен  жасалған  доғалық  электрлік  шамдарды  (Яблочков  шамдары) 
қоректеуге  арналған  электрлік  тҥрде  байланыспаған  фазалары  бар  кӛп 
фазалы  синхронды  генераторлардың  бірнеше  ҥлгілерін  жасаған  болатын. 
Алғашқы  ҥшфазалы  синхронды  генераторды  белгілі  орыс  электротехнигі 
М.  О.  Доливо-Добровольский  ойлап  тапқан.  Аталмыш  генератордың 
қуаттылығы  230  кВ  •  А,  айналымға  гидротурбинадан  орындалады  және 
ҥшфазалы  токтың  тӛрт  жетекті  электрлік  сызығы  ойынша  Франкфуртте 
1891  жылы  ӛткен  халықаралық  электротехникалық  кӛрмені  электрмен 
қамтамасыз еткен.  
Сол уақыттан бері синхронды машиналардың негізгі электромагниттік 
схемасы  ӛзгеріссіз  қала  берді.  Бірақ  олардың  қҧрылымдық  орындамасы 
жетілдірілді  және  электромагниттік  жҥктемелер  артты.  Бҧл  ӛз  кезегінде 
синхронды 
машиналардың 
массагабариттік 
және 
энергетикалық 
кӛрсеткіштері мен жҥктемелік қабілетін айтарлықтай арттыруға мҥмкіндік 
берді. Синхронды генератордың сыртқы тҥрі 7.12-суретте келтірілген.  
Синхронды  машиналарды  негізінен  ауыспалы  токтың  электр 
энергиясының  кӛзі  ретінде  қолданады.  Оларды  қуатты  жылулық, 
гидравликалық  және  атомдық  электрстанцияларында,  сонымен  бірге 
жылжымалы  электрстанциялар  мен  транспорттық  қондырғыларда 
орнатылады  (тепловоздар,  автокӛліктер,  ҧшақтар).    Синхронды 
генератордың қҧрылымы негізінен жетектің тҥрімен анықталады.  
 
7.12-сурет. Синхронды генератордың сыртқы тҥрі 


Осыған  байланысты  турбогенераторлар,  гидрогенераторлар  және  дизель-
генераторлар  кездеседі.  Турбогенераторлар  айналымға  бу  немесе  газдық 
турбиналармен  келтірілсе,  гидрогенераторлар  –  гидротурбиналармен, 
дизель-генераторлар – іштен жану қозғалтқыштарымен жҥреді.  
Синхронды машиналарды 100 кВт және одан кӛп қуаттылығы кезінде 
сорғылардың,  компрессорлардың,  желдеткіштердің  және  тҧрақты  айналу 
жиілігінде  жҧмыс  жасаушы  басқа  да  механизмдердің  жетектерінде  кең 
тҥрде  қолданылады.  Желі  қуаттылығының  коэффициентін  жақсарту  және 
оның  кернеуін  реттеу  мақсатында  реактивтік  қуатты  тҥрлендіру  және 
тҧтынуда синхронды компенсаторлар қолданылады.  
Электртҧрмыстық  қондырғылар  (магнитофондарда,  ойнатқыштарда, 
киноқондырғыларда)  мен  басқару  жҥйелерінде  әртҥрлі  синхронды 
микромашиналар  –  тҧрақты  магниттері  бар,  индукторлық,  реактивті, 
гистерезисті, қадамдық кең қолданысқа ие болды.  
  БАҚЫЛАУ СҦРАҚТАРЫ 
1. 
Қандай электрлік машина синхронды деп аталады?  
2. 
Синхронды машинаның қайтарымдылығы дегенде не тҥсіндіріледі?  
3. 
Синхронды генераторлардың қолдану аясы қандай?  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет