8.2. ЭЛЕКТР ЖЕТЕКТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ҦҒЫМДАРЫ МЕН
ҚОЛДАНУ АЯСЫ
Алғашқы электржетегі 1838 жылы ресей академигі Б.С.Якоби
аккумуляторлы батареядан қоректенетін тҧрақты ток электрқозғалтқышын
сынаған кезде жасалды. Ол кеменің ескек винтін жетектеу ҥшін
пайдаланылды. Электржетектің кең ӛнеркәсіптік қолданылуының бастамасы
айналмалы магниттік ӛріс қҧбылысының ашылуымен және орыс инженері М.
О.
Доливо-Добровольский
қҧрастырған
ҥшфазалық
асинхронды
электрқозғалтқышының жасалуымен байланысты болды. 1890 жылдары
ӛнеркәсіптік кәсіпорындарда электржетек кең қолданысқа ие еді. Бҧл
электржетектің ішінде атқарушы органдарға жҧмыс машиналарының
қозғалысын
хабарлайтын,
фазалық
роторы
бар
асинхронды
электрқозғалтқыш орнатылған болатын.
1890 жылы электрқозғалтқыштардың жалпы қуаты ӛнеркәсіпте
қолданылатын барлық типтегі қозғалтқыштар қуатына қатысты шамасы 5%-
ды қҧрады. 1927 жылы бҧл кӛрсеткіш 75%-ға дейін ӛсіп, 1976 жылы 100%-ға
жақындады.
Электржетек дегеніміз электрлік энергияны бір немесе бірнеше
жҧмыс
механизмдерінің
механикалық
энергиясына
тҥрлендіретін
электрмеханикалық жҥйесі.
Электржетекті энергияны тҥрлендіру, жеткізу және тарату жҥйелері
мен бҧл процестерді басқару жҥйесін қҧрайды. Және ол топтық,
индивидуалды және ӛзара байланысқан жетек болып бӛлінеді.
Топтық жетекте бір қозғалтқыш бір топ механизмдерді немесе бір
механизмнің бір топ жҧмыс органдарын, мысалы бірнеше станоктарды, не
болмаса бір станоктың тҥрлі жҧмыс органдарын тармақталған беріліс
кӛмегімен қозғалысқа келтіреді.
Бҧндай жетектің кинематикалық схемасы кҥрделі әрі ҥлкен болады. Ал
жетектің ӛзі ҥнемсіз. Сол себепті қазіргі кезде ол сирек кезде қолданылады.
Электрқозғалтқыш бір ғана жҧмыс органын қозғалысқа келтіретін
болса, ондай жетекті
индивидуалды жетек деп атайды. Индивидуалды
электржетек механизмнің кинематикалық схемасын айтарлықтай оңайлатады.
Тиімділікті арттырады және бірқатар жағдайларда электрқозғалтқышты
механизм ішіне орналастыруға мҥмкіндік береді. Бҧл оның металл
сыйымдылығын тӛмендетеді. Электрқозғалтқыштың жҧмыс органымен
байланыстың мысалы ретінде тҥрлі электрлік саймандарды қарастыруға
болады (электрлік бҧрғы, электрқайрағыш, электршпиндель және ӛзгелері).
Достарыңызбен бөлісу: