Ферромагнитті материалдары бар магниттік тізбектерді
есептеу тҧрақты токтың электрлік тізбектерін есептеуіне ҧқсас.
Магниттік және электрлік тізбектерді есептеу кезінде тҥйінді
және контурлық теңдеулерді пайдаланады.
БАҚЫЛАУ СҦРАҚТАРЫ: 1. Магниттік тізбек дегеніміз не?
2. Электрлік тармағының теңдеуінің және оның магниттік тізбегі
ҥшін аналогы арасындағы ӛзгешелігі қандай?
3. Магниттік тізбегінің магниттік кедергісі қалай анықталады?
Кӛптеген электртехникалық қҧрылғылардың (электрмеханикалық
генераторлардың, трансформаторлардың) жҧмыстарының негізінде
1831 жылы М.Фарадей ашқан электрмагниттік индукция қҧбылысы
жатыр. Кешірек Ресей академигі Э.Ленц электрқозғаушы кҥшінің
бағытын анықтады. Ал индукцияланған ЭҚК магниттік ағынның
ӛзгеру жылдамдығынан сандық тәуелділігін Дж.Максвелл анықтады.