К ә с І п т І к б І л І м б е ру г. В. Ярочкина электротехника негіздері



Pdf көрінісі
бет65/243
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#11318
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   243
Байланысты:
Ярочкина-Электр-техника-негіздері.-Оқулық

4.1. 
АЙНЫМАЛЫ ТОКТЫҢ БІРФАЗАЛЫҚ 
ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІ  
4.1.1.  АЙНЫМАЛЫ ТОК. НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ 
 
Айнымалы  ток  дегеніміз  шамасы  және  бағыты  бойынша  кезекті 
ӛзгеретін электр тогы. 
 
 
Айнымалы токты алу ҥшін жҧмысы электрмагниттік индукция 
қҧбылысына 
негізделген 
электрмашиналық 
генераторлары 
пайдаланылады.  Айнымалы  токтың  іс  жҥзіндегі  мәні  зор.  Барлық 
дерлік  электрлік  энергиясы  айнымалы  токтың  энергиясы  тҥрінде 
ӛндіріледі.    
 
Кернеуі  (жоғары  –  энергияны  ҥлкен  қашықтыққа  беру  ҥшін, 
тӛмен  –  әртҥрлі  тҧтынушыларды  қоректендіру  ҥшін)  әртҥрлі 
айнымалы  ток  алу  мҥмкіндігі,  айнымалы  токтың  генераторларының 
және  қозғалтқыштарының  қҧрылыстарының  қарапайымдылығы, 
олардың  сенімді  жҧмыс  істеуі,  пайдалану  қолайлылығы  және  жоғары 
техникалық сипаттамалары оларды кеңінен қолдануға жол ашты. 


 
Ең  кӛп  таралған  синусоидалды  ток.  Токтың  синусоидалды 
заңымен  ӛзгеруі  баяу,  кҥрт  ауытқусыз  ӛтеді.  Бҧл  ӛз  кезегінде, 
электрмашиналардың  және  аппараттардың  жҧмыс  істеуіне  оң  әсерін 
тигізеді.   
 
Синусоидалды  токтың  уақыттық  диаграммасы    4.1.-суретінде 
келтірілген. Оның лездік мәні келесі формуласымен сипатталады: 
 
Мҧнда  І
m
  –  токтың  максималды  мәні  (амплитуда);  бҧрыштық 
жиілік,  бастапқы  фаза  (уақыттың  бастапқы  лездегі  аргументтің  мәні, 
яғни, t=0 болғанда) болады. 
 
ЭҚК  айнымалысы,  айнымалы  кернеу  және  айнымалы  ток 
кезеңімен,  жиілікпен,  лездік,  максималды  және  қолданыстағы 
шамалардың мәндерімен сипатталады.  
 
4.1.-сурет. Синусоидалды токтың уақыттық диаграммасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет