6. 1- Бақылау жұмысы. Әлеуметтік педагогика әдіснамасының даму кезеңдеріне сипаттама беру үшін В.С Степиннің, В.Г. Гороховтың, М.А. Розовтың «Философия науки и техники». (Учебное пособие.- М.: Гардарика, 1996.- 400 с.), И.А.Липскийдің «Социальная педагогика. Методологический анализ: Учебное пособие». ( М.: ТЦ Сфера, 2004. -320 с.) кітаптарынан ғылымның даму логикасын қарастырыңыздар.
7. 2-Бақылау жұмысы Өз педагогикалық зерттеуіңіздің әдіснамалық тұғырларын анықтау және оны қолдану аясын нақтылау үшін Л.В. Мардахаевтың «Социальная педагогика» (Полный курс: учебник.- М.: Издательство «Юрайт», 2011.- 797 с.) оқулығын оқып, педагогикалық зерттеуіңіздің әдіснамалық тұғырларын мұқият зерделеңіздер.
8. 3-Бақылау жұмысы«Біртұтас педагогикалық үдерістегі әлеуметтік-педагогикалық әрекет мәні» тақырыбына реферат даярлау үшін Н.Д.Хмельдің «Методология педагогической науки. Программа спецкурса для магистратуры университетов».(Алматы, 1998.-34 с.), Г.К.Ахметованың, З.А. Исаеваның «Педагогика. Учебник для магистратуры университетов» (Алматы: Қазақ университеті, 2006.-328с.) еңбектеріндегі әлеуметтік-педагогикалық әрекетті сипаттаңыздар.
9. 4-Бақылау жұмысы. Зерттеу тақырыбыңыз бағытында әлеуметтік-педагогикалық ғылыми жоба құрастыру мақсатында . A.M. Новиковтың «Методология образования» (Издание второе. – М.: «Эгвес», 2006.- 488 с.), В.И. Загвязинскийдің «Исследовательская деятельность педагога» (учебное пособие. - М.: Изд. Центр "Академия", 2010. - 176 с.) атты кітаптарын зерделеңіздер.
10. 5- Бақылау жұмысы.«Өз зерттеуімді ақпараттық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша жоспар құрастыру үшін Я. Скалкованың «Методология и методы педагогического исследования». (М.: Педагогика, 1988. -144с) кітабын оқыңыздар, ақпарат жинау көздерін нақтылаңыздар.
1-тарау Әлеуметтік педагогика бастауы
Педагогикадағы әлеуметтік бағыт тереңнен бастау алады. Әлеуметтік педагогиканың бастау-көзін айқындайтын материалдарды зерттеу және жүйелеу, зерделеуді қажет ететін мынадай бірнеше тәсілдерді бөліп алуға мүмкіндік берді:
жеке тұлға дамуының әлеуметтік факторы қажеттіліктеріне қарай,
педагогика идеяларын (жеке тұлғалық-әлеуметтік тәсілдеме) дамыту;
өскелең ұрпақ тәрбиесіне қоғамның талап-тілегі (әлеуметтік-жеке тұлғалық тәсілдеме);
әлеуметтануды ғылыми білім және практика (орталық тәсілдеме) ретінде қалыптастыру және дамыту.
Барлық тәсілдемелер өзара тығыз байланысты, белгілі бір дәрежеде шартты түрде анықталды және әлеуметтік педагогиканың бастауын бірлесе отырып толықтырады.