К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет44/60
Дата27.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#129376
түріРешение
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
Байланысты:
УМКД

Бейімделу үдеріс ретінде - адамның табиғи мүмкіндіктерінің белгілі бір өмірлік жағдайда (мысалы, бала бақшасында, сыныпта, топта, өндірісте, тынығуда т.б.) дамуы. Ол адамның өзінің табиғи мүмкіндіктерін жүзеге асыруымен, әлеуметтенуін білдіреді. Мысалы, баланың әлеуметтенуі белгілі бір оған жағымды ортадағы жағдайда өтуі. Ол отбасы, бала бақшасы, мектеп.
Бейімделу көрініс ретінде – типтік мінез-құлық, жүрі-тұрыс, яғни іс-қимылын, қарым-қатынасын, нақты орта жағдайындағы адам іс-әрекетінің нәтижесін, оның белгілі мерзімде нақты жағдайға бейімделуін (жағымды көңіл-күйі) сипаттайды. Баланың бойындағы бейімделу көріністерін, оның белгілі орта жағдайына бейімделуінен байқауға болады. Тәжірибе көрсеткендей, тәрбиеші баланың ортадағы типтік емес іс-қимылын (отбасында, бала бақшада, мектепте, көшеде, өз қатарларымен қарым-қатынаста) көп жағдайда анықтай алмайды. Оны дер кезінде анықтау үшін баланы жақсы тану және түрлі жағдайдағы оның мінез-құлқын, іс-қимылын білу керек. Баланың типтік емес іс-қимылын көре білу арқылы тәрбиеші оның жағымсыз әрекеттерінің алдын-ала білуі тиіс. Тәрбиеші осындай фактылардың себебін анықтап көре білуі арқылы, баланың алдында туындайтын қайшылықтар мен қиындықтарды жеңуге көмектесуі қажет. Тәрбиешінің алдын-ала жүргізетін іс-әрекеті баланы ортаға тез бейімделуге, оқу барысында, бос уақытта, өзгелермен қарым-қатынас жасау кезінде, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырып, әлеуметтенуіне көмектеседі.
Бейімделу нәтиже ретінде – баланың жас ерекшелігіне қарай өмірлік ортаға, белгілі жағдайға және оның іс-қимылы, қарым-қатынасы мен іс-әрекетінің сол әлеуметтік ортаға, әлеуметтік қалыптар мен ережелерге сәйкесуі, оның белгілі әлеуметтік ортаға қандай деңгейде бейімделгенін көрсетеді. Балаға қатысты бұл көрсеткіш – оның жасына сай әлеуметтік дамуы мен тәрбиеленуі, өз құрбы-құрдастарына тең (тең емес) екендігін бағалауы. Басқа сөзбен айтар болсақ, бұл баланың жасына сай әлеуметтік тұрғыдан дамуын немесе дамымау қалпын бағалау. Бір жағдайда оның іс-қимылдары, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы, оқуының нәтижелілігі мен түрлі ойындарда өзін табиғи қалыпта ұстай білуі және өзге балалардан ерекшеленбеуі. Бұлар оның әлеуметтенуі мен тәрбиесінің нәтижесін білдіреді. Мұндай бағалау бала бақшасында, мектепте, үйде қолданылады.
Адамның жеке басына тән ерекшеліктері – бұл оның тек өзіне ғана тән тұлғалық сапасы және кез келген жағдаятқа бейімделе алуы. Есейе келе адам өзгереді, оның сапалары жетіледі немесе кейбір мүмкіндіктерін жоғалтып, оның бейімделуіне ықпалын тигізеді. Адамның өзіндік ерекшелігіне оның өмірлік іс-әрекеті және түрлі жағдайға бейімделу тәжірибесі ықпал етеді.
Бейімделу тәжірибесі – жеке тұлғалық сапаның қалыптасуына ықпал етіп, жаңа жағдайға тез бейімделуіне көмектеседі. Адамның өзіндік ерекшелігі кез келген жағдаятқа сәйкес жинақталған бейімделу тәжірибесіне және соған ұқсас жағдаяттардағы іс-әрекеттеріне байланысты болады. Сонымен бірге оның әлеуметтену қабілеті, оның өмірге әлеуметтенуінің және өзін-өзі жүзеге асыруында маңызды рөл атқарады. Неғұрлым адамның бейімделу тәжірибесі мол болса, соғұрлым ол жаңа жағдайға тез бейімделеді. Ол өз тәжірибесіне ұқсас жағдайларға белсенді түрде бейімделуге қабылеттілік білдіреді.
Тәжірибе орта жағдайына бейімделу уақытын қысқартады. Бұл фактының тәжірибенің бейімделу мүмкіндіктерінің табиғи қалыптасуын түсінуге тигізетін маңызы зор. Үй жағдайында тәрбиеленген мектеп жасына дейінгі баланың бақшадағы балалар тобына және мектептегі сыныпқа бейімделуі қиын болады.
Адамның белгілі бір кезеңдегі жақсы өмірлік жағдайы, бейімделудің қажетсіздігі, оның іс-әрекеттік тәжірибесін қалыптастырмайды. Ал бейімделу қажет болса, онда оған белгілі бір қиындық келтіреді.
Көңіл түсу – бұл іштей бейімделуге көңілдің аууы. Ол адамның көңіліне әсер етеді. Тіпті тәжірибесі болса да өзін көрсетуге, өзін жүзеге асыруға көңілі түспесе, бейімделу іске аспауы мүмкін. Сонымен бірге адамның қызығуына түрткі жасау, тілек, ұмтылыс білдіруі арқылы өзін көрсету үдерісінің қалыптасуы байқалады.
Күй, хал-жай – іштей өзін көрсетуге дайындығын анықтайды. Ол көңіл түсуге жағымды немесе жағымсыз әсер етеді. Күй, хал-жай ішкі фактормен анықталады (мысалы, денсаулық, көңіл түсуі жағымды немесе жағымсыз, қорқыныш және т.б.) және сыртқы (жаңалығы, ортаның қабылдауы немесе қабылдамауы және т.б.). Күй, хал-жай бейімделу барысында орта жағдайы мен өзін іске асыруына байланысты оң немесе теріс жаққа өзгеруі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет