К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет48/60
Дата27.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#129376
түріРешение
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60
Байланысты:
УМКД

«Реабилитациялық іс-әрекет» сөзтіркесін қарастырайық. Адамның немесе топтың сыртқы ортаның белгілі бір жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін белсендіруге бағытталатын іс-шаралар жиынтығы. Ғалымдардың пікірінше, реабилитация адамға психоәлеуметтік ықпал ету әдістері және оның әлеуметтік іс-әрекетін (еңбек терапиясы, кәсіби білім беру немесе қайта дайындау), клиентпен, туыстарымен жүргізілетін арнайы педагогикалық, психотерапевтік жұмыстарын белсендіретін кезең болып саналады. Реадаптивтілік - бейімделмеуді жеңген адам.
Топқа байланысты байқалатын құбылыс – «коадаптация» (лат.co...- қосымша және adapter - бейімдеу) – өмірлік ортаның өзгерісіне байланысты жалпы және өзара бейімделу.
Бейімделу, бейімделмеу және бейімделмеуді жеңу әр адамға тән. Ол түрлі өмірлік жағдаяттарда байқалып, адамның белгілі бір әлеуметтік қалыптар мен ережелерді бойына сіңіруін немесе олардан арылуын көрсетеді. Қандай да әлеуметтік тәжірибені жоғалтуына байланысты бейімделмеу және бейімделмеуді жеңу, жағымды немесе жағымсыз сипатта болады. Тәрбиешілер осы фактыны ескеріп, оны өзінің кәсіби жұмысында мақсатты қолдана білуі тиіс.
Қиын балалармен жұмыс жүргізуде, оларға басқа өмірлік орта жасау қажет. Сондай ортада қиын бала жаңа жағдайға байланысты өзін көрсете алады, басқа қалыптар мен ережелерді орындау арқылы, олардың сапалық қасиеттері өзгереді. Өз мәнінде өзгеше жасалған орта жағымсыз іс-қимыл тәжірибесін, қарым-қатынасын, іс-әрекетін төмендетіп, жаңа жағымды тәжірибені игеріп, бейімделмеуді жеңеді.
Тәрбиешілер өздерінің тәжірибелік іс-әрекеттерінде осындай жағдаяттарды балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу үшін жасайды. Орта өздігінен тәрбиелемейді, оны тәрбиелік ортаға айналдыра білу қажет. Тек осындай жағдайда тәрбиеленуші тәрбиешінің ойын қабылдап, оның мәнін түсініп, белсенді өмірлік әрекетті игереді. Тәрбиешінің шеберлігі, тәрбиеленушіні тәрбие үдерісінің белсенді мүшесіне айналдырып, тәрбиелік ортаның барлық талаптарын орындатуы тиіс.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

1.Бейімделу, әлеуметтік бейімделу, баланың әлеуметтік бейімделуі дегеніміз не?


2. Баланың әлеуметтік дамуындағы бейімделудің орны.
3. Бейімделу үдеріс, көрініс, нәтиже ретінде нені білдіреді?
4. Адамның бейімделуіне ықпал ететін факторлар және олардың сипаты.
6. Бейімделу және бейімделмеу, ортаға бейімділік: мәні және мазмұны.
7. «Дезадаптация» түсінігі: мәні мен мазмұны.
8. Бейімделмеу (дезадаптация) үдеріс, көрініс және нәтиже.
9. Бейімделмеу, бейімделмеген бала, бейімделмеген топ және олардың сипаттамасы.
10. Адамның бейімделмеуіне ықпал ететін (сыртқы және ішкі) факторлар және олардың сипаттамасы.
11. Балалар мен жеткіншектердің бейімделмеуінің алдын алу жолдары.
12. «Адамның реадаптациясы» түсінігі. Бейімделмеуді жеңу (реадаптация) үдеріс, көрініс және нәтиже.

13. Балалар мен жеткіншектерді түзету мен қайта тәрбиелеу жұмысында бейімделмеу және бейімделмеуді жеңу түсініктерін қолдану.


РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ


1. Бейімделмеген бала, оның айналаны бүлдіру мәселелерін төмендету.


2. Бейімделмеген типтегі бала, оның әлеуметтік-педагогикалық сипаты.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1.Беличева С.А. Социально-педагогические методы оценки социального развития дезадаптированных подростко// Вестник психосоциальной и коррекционно-реабилитационной работы. 1995, №1.


2. Буянов М.И. Ребенок из неблагополучной семьи: Записки детского психиатра. –М., 1988.
3. Социальная дезадаптация детей и подростков: причины, проявления, преодоление. –М., 1995.
4. Школьная дезадаптация.Эмоциональные и срессовые растройства у детей и подростков –М., 1995.
5. Шибаева Л.В. Программы психологической реабилитации школьников. –М., 1996.
6. Северный А.А., Иовчук Н.М. Социум как пусковой фактор реализации конституциональных и патологических предрасположений к отклоняющемуся отконению поведения детей и подростков// Социальная дезадаптация: нарушения поведения у детей и подростков. – М., 1996.

VIII – ТАРАУ


ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ: МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
«Әлеумет» термині («әлеуметтік») (лат. socialis – қоғамдық) қоғамдық өмірмен байланысты және адамдар арасындағы қарым-қатынастарды білдіреді. Әлеуметтік тәрбие өз мәнінде мақсатты бағытталған тәрбие іс-әрекеті, адам өмірімен байланысты қоғамдық тәрбие. Оны қоғам (мемлекет), әлеуметтік институттар (отбасы, білім беру мекемелері, әлеуметтік, т.б. ұйымдар), адамның өзіндік әлеуметтік факторлары тұрғысынан қарастыру қажет.
Бұл тақырыпта мынадай мәселелер қарастырылады:

  1. мемлекет (қоғам) тұрғысынан әлеуметтік тәрбие;

  2. әлеуметтік институттар және оның субьектісі ретіндегі жеке тұлғаның әлеуметтік тәрбиесі.

1 Мемлекет (қоғам) тұрғысынан әлеуметтік тәрбиенің мәні
Әлеуметтік тәрбиенің мағынасы - баланы жасанды ортаға емес, шынайы өмірге, бірінше орында оның әлеуметтік күш-қуатын және жан дүниелік әлеуетін қоғамдық өмірге дайындау. Мемлекет (қоғам) тұрғысынан әлеуметтік тәрбие азамат қалыптастыруға бағытталады. Ол платон кезеңінен белгілі жәйт. Әр мемлекет өзінің тарихи даму кезеңдерінде арнайы немесе арнайы емес бағытта әлеуметтік тәрбие беруді көздейді, ол өскелең ұрпақты болашақ қоғамдық өмірге дайындауды белгілейді.
Әр кезеңдерде философиялық және педагогикалық ағымдар, жеке педагогтар мен философтар әлеуметтік тәрбие идеясын алға мақсат етіп қойған. Ол еңбектер әлеуметтік педагогика теориясының негізіне алынып, тек ХIХ ғасырдың соңында ғана қоғам қабылдады. ХХ ғасырдың басында ол идеялар Ресейде әлеуметтік тәрбие түрінде дами бастады.
Әлеуметтік тәрбиенің мәні мен мазмұнын түсінудің екі жолын қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет