К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева


Технологиялық фактормен байланысты әлеуметтік педагогика қағидасы



бет36/60
Дата27.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#129376
түріРешение
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
Байланысты:
УМКД

Технологиялық фактормен байланысты әлеуметтік педагогика қағидасы.



Технологиялық факторбұл шынын айтқанда, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің заңдылықтарын есепке алуды анықтайтын фактор. Ол тікелей әлеуметтік-педагогикалық қызмет технологиясының мүмкіндіктерін есепке алуды талап етеді. Өзінің мәніне қарай, оның қағидалары – бұл жалпы педагогиканың тәрбиелеу қағидалары. Оларда тәрбие технологиясы заңдылықтарының есебі елеулі дәрежеде сипатталады. Осы топқа мыналар жатады:
- мақсаттылық қағидасы;
- жүйелілік, сабақтастылық, кешенділік қағидасы;
- тұлғаның ұнамды қасиеттеріне сүйену қағидасы;
- тәрбиелеудің саналылық және белсенділік қағидасы.
Барлық қағидалар арасында өзара тығыз байланыс пен өзара шарттылық орын алған. Олардың бірде-бірі немесе қайсыбір топ әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін анықтамайды. Олар тек қызметтің бір немесе бірнеше жағына көңіл бөліп, орындалуы қызметтің тиімділігін қамтамасыз ететін неғұрлым маңызды талаптарды анықтайды. Әлеуметтік-педагогикалық қызметте қағидалар көбірек ескерілсе, одан соғұрлым биік нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Қағидалардың өзара байланысы әлеуметтік педагогикада белгілі бір жүйені (қағидалар жүйесі) көрсетеді. Қайсыбір қағиданы болмасын, бағаламау, қолданбау, елемеу қалайда нашарлаған немесе болжанбаған қызмет нәтижесіне алып келеді. Нақ қағидалар жүйесі әлеуметтік педагогикалық қызмет заңдылықтарының негізгі талаптарын есепке алуды қамтамасыз етеді және оның тиімді болуына мүмкіндік береді.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

  1. Әлеуметтік педагогиканың заңды, объективті сипаты неде?

  2. Әлеуметтік педагогиканың қандай негізгі қағидалары әлеуметтік тұлғаға байланысты?

  3. Әлеуметтік педагогиканың қандай негізгі қағидалары тұлғаның қалыптасуы және дамуының әлеуметтік факторымен байланысты?

  4. Әлеуметтік педагогиканың жеке тұлғаның, ортаның және тәрбиенің өзара байланысына негізделген негізгі қағидалары қандай?

  5. Әлеуметтік педагогика қағидаларының өзара байланысы неден көрінеді және олардың мақсатына, міндеттері, мазмұны және іске асыру тәсілдеріне ықпалы қандай?

  6. Әлеуметтік педагогқа практикалық қызметі барысында ескеруге тиісті әлеуметтік педагогика қағидаларының негізгі ұстанымдары қандай?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет