К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет39/60
Дата27.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#129376
түріРешение
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60
Байланысты:
УМКД

Дайындық кезеңі оның мазмұнын анықтайтын мынадай кезең бөліктерін құрайды;

  1. Ішкі әлеуметтік-педагогикалық үдерістің ерекшеліктерін айқындау

және әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мақсатын анықтау. Негізінен, мәселе функционалдық тәсілдеме мағынасындағы қызметтің диагностикалық-болжамдау кезеңі туралы айтылып отыр.
Аталмыш кезең бөлігі мынадай құрауыштарды қамтиды.
Объектінің диагностикалық және жеке дара қасиеттерін анықтау. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет нақтылы жеке тұлғаға бағдарланады. Объектінің (баланың, жасөспірімнің) әлеуметтік проблемаларына, оның жеке дара мүмкіндіктеріне, соның ішінде, өтемдеуіштік (компенсаторлық) және шектеуліктеріне (дене, физиологиялық, психологиялық), күнделікті әлеуметтік танылу өзгешеліктеріне байланысты, қызметке нысаналы түрде болжамдау жүргізуге болады.
Диагностика мыналарды анықтауды қарастырады:
- адамның жеке дара ауытқушылықтары мен онымен байланысты туындаған әлеуметтік проблемалары;
- клиенттің жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, оның өзінің қабілеттерін іске асыру үшін мүмкіндік беретін оңды әлеуеттері;
- адам ұстанымының ерекшеліктері, оның өзінің қабілеттерін іске асыруға көзқарасы, мақсатқа жетудегі (жеке тұлғалық) мүмкіндіктері, өзін-өзі жетілдіру жұмысындағы белсенділігі, әлеуметтік педагогқа қарым-қатынасы;
- клиент өмір сүретін орта және онымен байланысты өзінің қабілеттілігін іске асыру мүмкіндіктері.
Әлеуметтік педагогтың түрлі ауытқушылықтары, ерекше мұқтаждықтары бар адаммен жұмыс істейтіндігін ескере отырып, диагностика түрлі медициналық, психолог мамандардың қатысуын жиі қажет етеді. Мұндай тәсілдеме тәрбиелеушіге, клиентке неғұрлым толық диагностиканы мынадай негізде жүргізуге мүмкіндік береді:
- әлеуметтік-педагогикалық сипаттама;
- тәрбиеленушіге (клиентке);
- оның негізгі әлеуметтік- педагогикалық проблемаларын тұжырымдау;
- әлеуметтік педагогқа тәрбиеленушімен (клиентпен) жұмыста ұсынымдар әзірлеу; айғақ; күні бұрын сақтандыру (оның басты мақсаты – «зиян келтірме»); клиентпен және оның маңайындағылармен өзара неғұрлым оңтайлы әрекеттесуін орнату үшін кеңестер.
Диагностикалық факторлардың адамның жеке дара қасиеттерін (жеке дара ерекшеліктерін, мүмкіндіктері) айқындауға мүмкіндік беруі келесі кезең бөліктеріне өтуге жол ашады.
Әлеуметтік- педагогикалық болжамдау. Негізінде, мәселе ішкі әлеуметтік -педагогикалық үдеріс білімі және оның байқалу динамикасын бағдарлай білу туралы.
Әлеуметтік-педагогогикалық болжамдау. Негізінде, мәселе ішкі әлеументтік-педагогогикалық үдеріс білімі және оның байқалу динамикасын бағдарлай білу туралы Әлеуметтік педагог адамды және оның даму зандылықтарын (жеке тұлғаның маманды қызықтыратын сапалық қасиеттері) түсіну есебімен педагогикалық болжамдау мүмкіндіктеріне ие болады.
Әлеуметтік-педагогикалық болжамдаудың нысанасы ретінде:
- ішкі әлеуметтік-педагогикалық үдеріспен байланысты құбылыстардың бағыттылығы, динамикасы және қарқындылығы; клиенттің өз проблемаларын өзі шешуі бойынша ішкі ұстанымының бағыттылығы мен мүмкін болатын динамикасы; клиенттің ішкі ұстанымының тұтастай (жалпы) немесе жекелеген өзгеру мүмкіндігі анықталады;
- сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдеріспен байланысты проблемалар; әлеуметтік педагогтың клиенттің өз проблемаларын дербес шешу жөніндегі ұстанымы мен белсенділігінің оңтайлы және бағытталған түрде өзгеруін қамтамасыз етуге және болжанған мақсатқа жетуге қабілеттілігі; әлеуметтік педагогтың және клиенттің болжанған мақсатқа жету мүмкіндіктеріне жағдайдың сәйкестігі анықталады.
Болжамдау, біріншіден, клиенттің жеке тұлғасы туралы жеткілікті түрде толық мәліметтің болуына, екіншіден, әлеуметтік-педагогикалық қызмет субьектісінің жеке тәжірибесі мен ішкі түйсігіне негізделеді.
Кәсіби қызметінің басында маман (әлеуметтік педагог) оқу құралдарының деректерін, клиенттің әлеуметтік проблемаларын оның жеке бас ерекшелігіне қарай шешу мүмкіндігін арнаулы зерттеуді пайдаланады және қандай жағдайда жұмыстың қандай нұсқасын қолданған жөн, оның мүмкіндіктері қандай екендігі туралы ұсынымдарға сәйкес жұмыс істейді. Уақыт өте келе түрлі технологияларды қолдана отырып, жұмыс тәжірибесін жинақтайды, педагогикалық түйсігін дамытады, клиенттің болашағын және өзінің әлеуметтік педагогикалық қызметінің болашағын неғұрлым сенімді болжауға мүмкіндік алады.
Әлеуметтік педагог өзінің әлеуметтік мақсаттарын жеке басының түсінуіне және тәрбиеленушімен (клиентпен) жұмыс мүмкіндіктеріне сәйкес, оның жеке дара ерекшеліктерін және қызмет жағдайларын біле отырып, өз қызметінің мақсаты мен міндеттерін анықтайды. Мақсатты анықтау деп атауға болатын әлеуметтік-педагогикалық үдерістің келесі кезең бөлігінің мәні осында.
Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің мақсаты әлеуметтік педагогтың клиентпен өзара әрекетінде неге ұмтылу керектігін анықтайды. Өз мәніне қарай, бұл - әлеуметтік педагогтың осы тәрбиеленушімен (клиентпен) жұмысында ұмтылатын әлеуметтік мұраты болып табылады. Мақсатқа сәйкес, оған қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін шешілуге тиіс міндеттер анықталады.
2. Сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдерісті іске асырудың мазмұны мен тәсілін айқындау - технологияны таңдау және оны іске асыру тәсілі.
Бұл кезең бөлігі мынадай құрауыштарды қамтиды:
Әлеуметтік-педагогикалық модельдеу. Оның мағынасы - әлеуметтік педагогтың жеке тәжірибесі мен ортаның мүмкіндігі есебімен болжамды мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін нақтылы технологияны іске асыру бойынша, мақсатты қызметтің бейнесін эмпирикалық түрде жасау болып табылады. Ол жалпы немесе жеке сипатта болуы мүмкін: жалпы мақсатқа жету немесе жеке міндетті шешу. Модельдеудің басты мақсаты - әлеуметтік педагогқа тиісті жағдаятта болжамды нәтижеге жетуіне мүмкіндік беретін неғұрлым қонымды педагогикалық технологияны таңдауға көмек беру.
Технологияны таңдау. Технология бұған дейін жинақталған тәжірибенің немесе субъектінің нақтылы жағдаятта қолдану үшін айқындаған және негіздеген мақсатқа жету жолдарының бірі болып табылады.
Әлеуметтік педагогқа технологияны таңдау (жасау) үшін мыналарды білу қажет:
- клиенттің әлеуметтік проблемалары;
- клиенттің әлеуметтік проблемалары мен оның туындау себептері;

  • клиенттің жеке дара қасиеттері: ауытқушылықтар, ұстанымы мен мүмкіндіктері;

  • мақсаты (неге ұмытылады, нені күтуге болады) және оған жету үдерісінде шешілуге тиіс негізгі міндеттер;

  • технологияларды іске асыру жағдайлары (мамандандырылған орталықта, үйде);

  • технологияны іске асырудың мүмкін нысандары (стационар жағдайында; үй жағдайында; әлеуметтік қызмет көрсету орталығында);

  • технологияның қайсыбір түрлерін қолданудағы өз мүмкіндіктері;

  • технологияны іске асыру уақыты бойынша шектеулер.

Әрбір әлеуметтік-педагогикалық проблеманы шешу үшін бір не бірнеше технология қолданылуы мүмкін. Олардың әрқайсысы клиенттердің белгілі топтарына және шешілетін проблемаға бағдарланған. Ол: оның шешімі бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтің нұсқасын суреттеу; іске асыруға арналған ұсынымдар, жеке тұлғаға, әлеуметтік педагогтің кәсіби даярлығына және қызметіне қойылатын негізгі талаптарды қамтиды. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мамандандырылған орталығында түрлі әлеуметтік проблемалар бойынша технологиялар банкі құрылуы мүмкін.
Бұдан әрі оның технологияны іске асыру тәсілін – жобалауды анықтау қажет.
Әлеуметтік-педагогикалық жобалау таңдап алынған технологияны іске асырудың неғұрлым мақсатқа сай тәсілді таңдауға және жоба құруға мүмкіндік береді. Бұдан кейін келесі құрауышқа өту іске асырылады.
Қызметті жоспарлау жұмыстың түрлері, орны мен уақытын іске асырудың кестесін әзірлеуді қарастырады (қызмет сипаты). Ол қызметтің кешенділігі мен қарқындылығын қамтамасыз ете отырып, түпкі ойды іске асыруға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет