Оқу құралының мақсаты магистранттарда әлеуметтік педагогиканың әлеуметтік тәжірибе саласы, ғылыми пән мен жүйелі білім беру кешені ретіндегі теориялық және әдіснамалық негіздері жөніндегі түсініктерін қалыптастыру, оларды әлеуметтік педагогиканың ғылыми теорияларын, әдіснамалық қағидаларын ғылыми тәжірибеде қолдануға үйрету.
Оқу құралының міндеттері
-магистранттарды XX ғасырдың 90-жылдары мен XXI ғасырдың басындағы әлеуметтік педагогиканың әдіснамасының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерімен таныстыру;
-магистранттарда әлеуметтік педагогиканың әдіснамасының мәні, мазмұны және құрылымы туралы білімдер жүйесін қалыптастыру;
- магистранттардың әлеуметтік педагогиканың гносеологиялық, дүниетанымдық, технологиялық және ғылыми-әдістемелік негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру;
Магистранттардың негізгі құзіреттіліктері:
Олар білуге тиіс:
-әлеуметтік педагогиканың логикалық-гносеологиялық, дүниетанымдық, технологиялық және ғылыми-әдістемелік негіздерітуралы түсініктерін;
- әлеуметтік педагогиканың логикалық-гносеологиялық құрылымыжайлы;
- әлеуметтік педагогиканың ғылыми-мазмұндық құрылымы жайлы;
-әлеуметтік педагогиканың ғылыми-мәселелік алаңы жайлы.
Біліктіліктері:
меңгерген теориялық және әдіснамалық білімдерін тәжірибеде қолдана алу;
әлеуметтік педагогиканың ұғымдық-терминологиялық аппараты көмегімен таным нысанасын сипаттай алу;
әлеуметтік педагогиканың ғылым, оқу пәні және білімберу кешені ретіндегі қызметтерін және мазмұнын ажыырата білу;
әлеуметтік педагогикасаласында ғылыми-зерттеу әрекетін ұйымдастыра алу.
Дағдылары:
әлеуметтік педагогиканың теориялық және әдіснамалық мәселерін талдау;
әлеуметтік педагогиканың қолданбалы міндеттерін шеше алу;
әлеуметтік педагогикалық әрекеттің тиімділігі мен сапасын өлшеу;
әлеуметтік педагогикалық зерттеу сапасын бағалау өлшемдері мен әдістемелерін оңтайлы пайдалану.
-алған білімдер, іскерліктер мен дағдылар әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану саласындағы зерттеуде және білім беру жүйесінде қолдануға үйрету.