Ерекшеліктері. Жылқыда терең иық артериясы өте жақсы жетілген.
Ол жылқыда жетілмеген каудальды айналмалы иық артериясының
төмендеген тармағының қызметін атқарады. Ал басқа жануарларда терең иық
артериясы салыстырмалы нашар жетілген.
Ерекшеліктері. Жылқы мен шошқада коллатеральды шынтақ
артериясы шынтақ артериясына (a. ulnaris) айналады. Күйіс қайтаратын
жануарлар мен итте бұл артерия нашар жетілген.
3) екібасты бұлшық ет артериясы (a. bicipitalis) иық артериясынан
тоқпан жіліктің орта тұсынан ажырап, екібасты бұлшьгқетті қанмен
қамтамасыз етеді.
4) шынтақтың көлденең артериясы (a. transversa cubiti) шынтақ
буынының бүккіш бетінен краниальды бағытта бөлініп, тізе жəне бақай
буындарының жазғыш бүлшық еттерін тамырландырады.
тізе торын (rete carpi dorsale) жəне терең пальмарлық доғаны (arcus
palmaris profundus) түзуге катысады. Терең пальмарлық доғадан өз кезегінде
жіліншіктің пальмарлық терең артериялары (аа. metacarpeae palmaris
profundae) шығады.
Ерекшеліктері. Жылқыда жəне күйіс кайтаратын жануарларда сүйекаралық каудальды артерия жетілмеген. Шошқа мен итте сүйекаралық
каудальды артерия сұйекаралық краниальды артерияға қарағанда ірі болып
келеді.