К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


ЖАМБАС ҚУЫСЫ КАБЫРҒАСЫ МЕН ІШКІ МҮШЕЛЕРШІҢ



бет484/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ЖАМБАС ҚУЫСЫ КАБЫРҒАСЫ МЕН ІШКІ МҮШЕЛЕРШІҢ 

АРТЕРИЯЛАРЫ 

Жамбас куысы кабырғасынын, сүйектік негізін оң жəне сол жамбас 


сүйектері мен кұйымшак, сүйек жəне олардың бұлшық еттері мен тері
жабыны құрайды. Жамбас куысында азыққорыту, жыныс жəне зəр бөлу 
мүшелер жүйелерінің мүшелері орналасады. Артериялар құрсаққолқасының
соңғы бөлімдерінен бөлінеді. Құрсақ қолқасынан алдымен жануарлардың 
артқы аяқтарын қанмен қамтамасыз ететін оң жəне сол сыртқы мықын 

артериялары (a. iliaca externa dextra et sinistra) 5 (6) бел омырткалардың
тұсынан ажырайды. Ал жамбас куысы кабырғасы мен оның қуысындага ішкі 
мүшелерді қоректендіретін оң жөне сол ішкі мықын артериялары (a. iliaca
interna dextra et sinistra) құрсақ қолқасынан 6 (7) бел омыртқаның тұсында 
бөлінеді. Ішкі мықын артериялары ажыраған соң, құрсақ қолқасы орталық 
құйымшақ артериясы (a. sacralis mediana) — деп аталады. Құйымшақ
аумағын қоректендіретін дорсальды жəне вентральды артерия тармақтары 
бөлінгеннен кейін, орталық қүйымшақ артериясы орталық құйрық 

артериясына (a. caudalis mediana) айналады да, дененің құйрық аумағын
қанмен қамтамасыз етеді. 


Ішкі мықын артериясы (а. iliаса interna) құрсақ қолқасынан ажыраған
бойда төмен қарай жəне жамбас куысымен каудальды жақка бағытталып, 
жамбас куысынан кіші шонданай ойығы арқылы шонданай доғасы
жағындағы жамбас куысы кабырғасынан сыртқы бөксе аумағьша шығып


каудальды бөксе артериясы (a. glutaea caudalis) - деп аталады да, санарты
бұлшық еттер тобын тамырландырады. Ішкі мықын артериясы өзінен жамбас 
куысының қабырғасын қоректендіретін, париетальды артерияларды жəне
жамбас куысында жатқан ішкі мүшелерді тамырландыратьш, висцеральды 
артерия тармақтарын бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет