К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет49/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   607
14 — сурет. Центросома 
1 - аналық центриоль, 2 - кейіннен тұзілген жас центриоль, 3 - серік, 4 - центросфера
микротүгікшелері, 5 – центриольдің микротүтікшелер триплеті 
Микротүтікшелер — тубулин белогінен құралған, сыртқы диаметрі —
24 нм, қуысының диаметрі — 15 нм, қабырғасының калыңдығы — 5 нм 
қуысты түтікшелер.

Негіздік денешік кейбір жасушалардағы ұзындығы — 5-10 мкм,
жуандығы — 200 нм кірпікшелердің жəне сперматозоид құйрығы 
талшығының цитоплазмалық бөлігінде орналасып, олардың негізін құрайды.
Негіздік денешіктің құрылысы центриольге ұқсас, яғни оның қабырғасы 9 
үштік топ (триплет) микротүтікшелерден құралған.


59
Біліктік жіп (аксонема) жасушалар кірпікшелері мен талшықтарының


негізін құрайды. Аксонема да іші қуыс түтікше құрылым. Оның қабырғасын
екі-екіден топтаса орналасқан 9 жұп (дублет) шеткі микротүтікшелер 
құрайды. Ал қуысында 2 орталық микротүтікшелер орналасады. Біліктік жіп
сыртынан плазмолеммамен қалталған. 


Микрожіпшелер — жуандығы 10 нм жіпшелер шоғыры. Олар
микротүтікшелермен қатар жасушадағы тіректік қызмет атқаратын белоктық 
құрылым. Əр бір ұлпалардың микрожіпшелері, олардың өздеріне тəн
белоктарынан түзілген. Эпителиоциттер тонофибриллалары — кератин, 
фибробласттар микрожіпшелері — виметин, миоциттер мен ет талшықтары
миофибриллалары — десмин жəне скелетин белоктарынан құралған. 


Микрофиламенттер — жиырылғыш белоктар — актиннен, миозиннен,
трипомиозиннен түзілген жуандығы 5-7 нм жіпше шоғырлар. Олар 
жасушалардың цитоқаңқасын жасаумен қатар, олардың қимыл-қозгалысын
қамтамасыз етеұлпа жиырылғыш аппарат. Микрофиламенттер жасуша 
цитоплазмасының шеткі жағында, плазмолемманың астында орналасады.
Олар қозғалатын жасушаларда, мысалы, лейкоциттер жалған аяқтарында, 
фибробласттар өсінділерінде, ішек бүрлері жасушаларында жақсы дамыған.

Қосындылар — жасушаның тұрақсыз құрылымдары. Оларға қоректік
(трофикалық), секреторлық, экскреторлық жəне пигменттік (бояғыш) заттар 
жатады. Қосындылардың жасушадағы мөлшері зат алмасу процесіне тікелей
байланысты. Трофикалық қосындыларға жасуша гиалоплазмасындағы 
бейтарап май тамшылары, күрделі көмірсулар (жануарлардағы гликоген),
белок

түйіршіктері


(жұмыртка 
жасушасындағы
вителлин) 
жатады.
Секреторлық 
қосындылар

жасуша 

цитоплазмасынан


бөлінеұлпа 
биологиялық белсенді заттар. Олар жасуша тіршілігіне байланысты
түзілеұлпа сел құрамындағы əр түрлі ферменттер. Экскреторлық қосындылар 
— жасушадағы зат алмасуға (жасуша метаболизміне) байланысты түзіліп,
сыртқа шығарылуға тиісті ыдырау өнімдері. Пигменттік қосындылар — 
бояғыш заттар. Оларға каротин, гемоглобин, гемосидерин, билирубин,
меланин, липофусцин пигменттері жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет