К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет134/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ірі талшықты сүйек ұлпасы — ұрықтық кезеңде шеміршек орнында
қалыптасатын ұлпа. Ірі талшықты сүйек ұлпасының жасушалары 
салыстырмалы көп болады жəне жасушааралық затындағы ірі шоғырлы
коллаген талшықтары əр түрлі бағытта орналасады. 


Пластинкалық 

сүйек 

ұлпасы

сүйек 

жасушалары




остеоциттерден жəне жасушааралық зат — сүйек пластинкаларынан 
құралған ұлпа. Сүйек пластинкаларының органикалық негізін — бір-біріне
параллелді орналасқан жіңішке коллаген талшықтары құрайды. Олар негізгі 
аморфты зат — оссеомукоидпен желімденіп, кальций жəне фосфор тұздарын
сіңіріп қаталды. 


Дентинді сүйек ұлпасы — жануарлар тісінің дентин қабатын құрайды.
Дентинді сүйек ұлпасының остеоциттері жасушаарлық зат — сүйек 
пластинкаларынан тыс орналасады. Сүйек ұлпасына олардың тек өсінділері
кіріп жатады. 
Сүйек ұлпаларының жасушаларына остеобласттар, остеоциттер жəне
остео-класттар жатады. 


Остеобласттар — пішіні цилиндр тəрізді, диаметрі 15-20 мкм, ірі
ядросында 1-2 ядрошық орналасқан жас сүйек жасушасы. Цитоплазмасында 
белоктарды синтездеуге белсенді қатысатын органеллалар (гранулалы
эндоплазмалық тор, Гольдж кешені, митохондриялар) жақсы жетілген жəне 
минералдық зат алмасуда маңызды роль атқаратын РНҚ, белсенді
ферменттер, 
оның
ішінде

сілтілі
фосфатазалар 


көптеп
кездеседі. 
Остеобласттар бөлініп көбеймейді. Олар негізінен жасушааралық затты
(сүйек

апатиті
сіңірілген 


коллаген
талшықтары— 
оссеин
мен

оссеомукоидты) түзеді. Толық пісіп жетілген остеобласттар жасушааралық


затты түзу процесін тоқтатып, өздері жасаған жасушааралық заттың 
аралығында қалып, остеоциттерге айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет