131
қорғаныс қызметтерін атқарады. Гиалинді шеміршек омырылғыш жəне морт
сынғыш келеді.
58 — сурет. Шеміршек ұлпалары А - гиалинді шеміршек ұлпасы, Б - эластинді
шеміршек ұлпасы, В - талшыкты шеміршек ұлпасы, Г - шеміршек ұлпасының
дамуы, Д - шеміршек жасушасының (хоңдроциттің) электронды микроскопиялық
құрылысы 1 - шеміршекқап (а - талшықты қабат, б - жасушалы қабат немесе
хондробластты қабат), 2 — жас шеміршек жасушалары, 3 — жасушааралық зат, 4 -
хондроциттердің изогенді топтары, 5 - эластинді талшықгар, 6 - хондробласт, 7 —
коллаген талшықтары, 8 — митохондрия, 9 — ядро, 10 - гранулалы эндоплазмалық тор, 11
— гликоген, 12 — Гольдж кешені.
Эластинді шеміршек — құлаққалқаны мен көмекей бөбешігінің
(тілшік) негізін құрайтын серпімді шеміршек ұлпасы. Эластинді шеміршектің
жалпы құрылысы гиалинді шеміршекке ұксас, Айырмашылығы, оның
жасушааралық затының құрамында қосымша эластин талшықтары болады.
Достарыңызбен бөлісу: