К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет192/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Жылқыда маңдай қойнауының қуысы мұрын
қуысындағы дорсальды мұрын кеуілжірі қойнауымен жалғасып, мандай-


кеуілжір қойнауын (sinus conchofrontalis) түзеді. Маңдай қабыршағы ішкі
тақташасының торлы жиегі (margo ethmoidalis) арқылы торлы сүйекпен 
байланысады.

Сиыр мен шошқада мандай қойнауьшың куысы шекаралас жатқан тбе,
самай, шүйде сүйектер қойнауларымен жалғасып жатады. Ол алдыңғы 
жағындағы тесік арқылы мұрын куысымен де жалғасады.
Маңдай сүйектің бет өсіндісі жылқыда, сиырда жəне ұсақ малдарда 
бет доғасымен жалғасады. Ал шошқа мен итте ол бет доғасына жетпейді.
Онымен тек кездік байлам (ligamentum orbitale) арқылы жалғасады. Бет 
өсіндісінің ішкі бетінде көзжасы безінің тұңқыры (fossa glandulae lacrimalis)
болады.

Маңдай сүйектің көздік бөлігі (pars orbitalis) көздіктің (көз шарасының,


аңғалақтың) ішкі (медиальды) қабырғасын түзеді. Маңдай сүйектің көздік 
бөлігінде торлы тесік (foramen ethmoidale) орналасады.
Мандай сүйектің мұрын бөлігі (pars nasalis) мұрын сүйекпен бірге 
мұрын қуысының дорсокаудальды төбесін құрайды. Оның сыртқы мұрын
жəне ішкі торлы жиектері аралығында мандай қойнауының тесігі (apertura 
sinuum frontalium) болады. Торлы жиектен төменірек сагиттальды сызықтың
бойында мұрын перделігін (septum nasi) жасауға қатысатын перделік өсінді 
(processus septalis) шығып тұрады. Перделік осіндінің артқы жағы ми
куысындағы əтеш айдарына жалғасады. 


Торлы сүйек (решетчатая кость) — os ethmoidale — ми сауытының
алдыңғы қабырғасын түзіп, ми қорабы куысын мұрын куысынан бөліп 
тұратын шекаралық сүйек. Торлы сүйек үш түрлі жұқа сүйек тақташадан
(тесікгі, перпендикулалы, көздік) жəне екі түрлі торлы шытырманнан (ішкі 
иірмектерден, сыртқы иірмектерден) тұрады.
Тесікті тақташа (lamina cribrosa) ми сауытының алдыңғы қабырғасын
жасауға қатысады. Оның тым ұсақ көптеген тесіктері арқылы мұрын 
куысынан иіс жүйкесінің талшықтары ми қорабы куысындағы иіс миы
баданасына өтеді. Бұл тақташаның бүйір бетінен торлы артерия өтетін торлы 

181
тесік көрінеді. Тесікті тақташаның ми қуысы бетінде иіс баданалары 


орналасатын жұп терең иіс шұңқыры болады. Иіс шүңқырларын бір-бірінен


орталық сызық бойымен өтеш айдары бөліп тұрады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет