К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет195/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ұсақ малдарда латеральды маңдай қойнауын (sinus frontalis lateralis) жасауға
қатысады. 


Жоғарғы жақ сүйек (верхнечелюстная кость) — maxilla — мұрын
куысының бүйір қабырғасы мен ауыз куысының төбесін құрайды. Оның 
алдыңғы жағы тұмсық сүйекпен, артқы жиегі торлы, тандай, бет, көзжасы
сүйектерімен, ішкі жағы соқаша сүйекпен, вентральды жиегі мұрын 
кеуілжірі сүйектерімен шектеседі. Жоғарғы жақ сүйек денеден, тандай
өсіндісінен жəне қанат-тандай, бепік, мұрын беттерінен тұрады. 


Жоғаргы жақ сүйек денесінің (corpus maxilae) төменгі бетінде азу
тістер ұялары (альвеолалары) (alveoli dentalis) орналасқан тісті жиек (margo 
alveolaris) болады. Жоғарғы жақ сүйектің денесі артқы бағытта жоғарғы жақ
сүйегі төмпегімен (tuber maxillae) аяқталады. Tic ұяларын бір-бірінен жұқа
сүйек

тақташалардан


тұратын

альвеолалараралық


перделер 
(septa
interalveolaria) бөліп тұрады. Tic ұялары жоқ жоғарғы жақ сүйектің жиегі 
аьвеолалараралық жиек (margo interalveolaris) — деп аталады.
Жоғарғы жақ сүйектің қанат-тандай беті (facies pterygopalatinus) қанат-
таңдай шұңқырын жасауға қатысады. Бұл шұңқырдағы каудальды тандай 

тесігінен (foramen palatini caudale) үлкен тандай өзегі (canalis palatinus major),

жоғарғы жақ тесігінен (foramen maxillare) көздікасты өзегі (canaiis
infraorbitalis), сына-таңдай тесігінен (foramen sphenopalatinum) сына-таңдай 


өзегі (canalis sphenopalatinus) басталады. Сына-таңдай өзегі мүұрын қуысына
барып ашылады. Көздікасты өзегі көзасты мұрын бөлігінің сыртқы бетіндегі 


көздікасты тесігімен (foramen infraorbitalis) аяқталады.


183



Тандай өсіндісі (processus palatinus) жоғарғы жақ сүйек денесінен 
медиальды бағытта шығып, қарсы жақтағы жоғарғы жақ сүйектің аттас
өсіндісімен 
жік
арқылы

байланысып,


сондай-ақ, 
таңдай
сүйектің 
горизонтальды тақташасымен жəне тұмсық сүйектің тандай əсіндісімен
қосылып, ауыз қуысын мұрын қуысынан ажыратып бөліп тұратын сүйек 


таңдайды (palatum osseum) құрайды. Сүйек тандай қатты тандайдың
сүйектік негізін құрайды. 
Жоғарғы жақ сүйек денесінен орталық жікке қарай бағытталған тандай
өсіндісінің сыртқы бетінде, сына-таңдай шұңқырындағы артқы тандай 
тесігінен (foramen palatinum caudale) басталатын тандай өзегі (canalis
palatinus) орналасқан. Тандай өзегі ауыз қуысының төбесі — сүйек 
таңдайдың төменгі бетіндегі үлкен таңдай тесігіне (foramen palatinum majus)
ашылады. Үлкен тандай тесігі жылқы мен итте жоғарғы жақ сүйектің 
таңдай өсіндісі мен таңдай сүйегінің горизонтальды тақташасының
шектескен жерінде, сиыр мен ұсақ малдарда горизонтальды тақташаның 
сыртқы бетінде, шошқада жоғарғы жақ сүйек тандай өсіндісінің каудальды
шетінде көрінеді. 
Мұрын қуысының ішкі бетіндегі жоғарғы жақ сүйектің аттас екі таңдай
өсінділерінің бір-бірімен шектескен тұсында, соқаша сүйек бекитін мұрын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет