К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет283/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Терінің дамуы. Жануарлар онтогенезінде тері эпидермисі сыртқы ұрық
жапырақшасы 
эктодермадан,
нағыз

тері
/дерма/

мезодерманың
дерматомынан, теріасты қабаты — шел мезенхимадан дамиды. Іштегі 
дамудың алғашқы кезеңінде эпидермис бірқабатты эпидермоциттерден
қалыптасып, соңынан оның құрылысы күрделеніп, көпқабатты эпидермиске 
ауысады. Құрылысы жағынан күрделену процесі мезодерма сомитінен
қалыптасқан дермотом мен мезенхимада да қатар жүріп, олардан дерма мен 
шел қабаттары жетіледі. Іштөлінің даму мерзіміне қарай тері қабаттарымен
қатар тері туындылары да құрделеніп жетіле бастайды. Осы кезеңдерде 
эктодермадан тері түктері мен бездері, майтабан, тұяқ, тырнақ, мүйіз дами
бастайды. Іштөлі терісі мен оның туындыларының қалыптасу процесі жылқы 
мен сиырда 4-4,5 ай, қойда 2,5-3,5 ай, шошқада 2 ай мерзім ішінде негізінен
аяқталады. 
Филогенезде төменгі сатыдағы омыртқасыз жəндіктердің тері жабыны
эктодермадан жетілген бір қабат эпидермоциттерден ғана тұрады. Хордалы 
жануарлардың ішінде қандауырша (ланцетник) терісінің құрылысы
қарапайым. Ол екі қабаттан: сыртқы эпидермистен (бір қабат цилиндр тəрізді 
эпидермоциттерден құралған) жəне оның астындағы нашар жетілген дəнекер


248
ұлпалық дермадан тұрады. Қосмекенділер личинкасында эпидермис екі қабат 


эпидермоциттерден құралған. Дөңгелек ауыздылардан бастап барлық


хордалы жануарлардың тері эпидермисін көпқабатты жалпақ эпителий 
құрайды. Жануарлар денесі құрылысының күрделенуіне сəйкес терінің
құрылысы да күрделеніп, мезодермадан дерма дамиды. Теріде эпидермис пен 
тері түктеріне қажет тері бездері дамып жетіле бастайды. Бастапқы кезде,
мысалы, балықтарда тері бездері кілегей бөлуге ғана маманданған бір 
жасушалы бездер түрінде дамиды. Кейіннен олар күрделеніп, көп жасушалы
бездерге ауысады. Бүған мысал ретінде қосмекенділер терісіндегі 
көпжасушалы көпіршікше бездерді жатқызуға болады. Қоршаған орта
əсерлеріне бейімделу, организмдегі белгілі бір зат алмасу процесін 
қамтамасыз етуге мамандану нəтижесінде сүтқоректі жануарларда тер, май,
сүт бездері, күстарда қүйрық бездері дамыды. Жануарлардың əр түрлі 
тіршілік ортасына бейімделуіне байланысты, олардың терілерінде жануарлар
түрлеріне тəн тері туындылары дамып жетілді. Мысалы, балықтарда 
қабыршақ, жүзу қанаттары; бауырымен жорғалаушыларда қабыршақ,
тырнақ; құстарда қауырсын, тырнақ; сүтқоректілерде тері түктері, майтабан, 
тұяқ, тырнақ, мүйіз т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет