250
көтеріп, тері бетіндегі түк сабақтарын тікірейтеді. Тері түктері, терінің
сыртқы бетінде пішіні əр түрлі түк ағындарын (flumen pilorum) жасайды.
Олардың пішіндері дөңгелекше не сызықша болып келеді. Ағындардың
түктері не сыртқа қарай (дивергентті) немесе ішкі бағытта (конвергентті)
орналасады. Жануарлардың тері түктері белгілі бір мерзімге дейін осіп
жетіліп, сезім түктерден басқалары түлеп отырады. Түлеу кезінде түк
баданасының
негіздік
қабатындағы
түзгіш
эпителиоциттерге
түк
емізікшесінен тиісті мөлшерде қоректік заттар келмейді. Нəтижесінде түзгіш
эпителиоциттердің көбею процесі тоқтап, олардың түк сабағына жақын
жатқан бөлігі мүйізденеді де, түк баданасының тірі эпителиоциттерінен
бөлінеді. Осыдан соң, түбірдегі сабақ түк фолликулы өзегімен сыртқа қарай
жылжып, түсіп қалады. Бұл процесті
түлеу — деп атайды. Түлеу кезеңі
біткенннен кейін, түк баданасы жасушаларына қоректік зат керекті мөлшерде
жеткізіледі де, түк баданасы эпителиоциттерінен жаңадан түк өсіп жетіледі.
Жыл маусымына байланысты түлеу, əсіресе, жабайы аңдарда айкзын
көрінеді. Үй жануарларында да, мысалы, ит пен сиырда, маусымдық түлеу
байқалады Ал басқа жануарларда түлеудің аралас түрі кездеседі. Төлдердің
туғаннан кейінгі белгілі мерзім ішінде тері түктерінің топтап түлеуін
Достарыңызбен бөлісу: