К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет376/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Респираторлы пневмоциттер негізінен альвеоланың ішкі бетін
астарлайтын альвеолоциттер. Олар бір қабатта негіздік жарғақга орналасады. 
Респираторлы пневмоциттердің орташа қалыңдығы 0,2 -0,3 мкм. Ядролары
орналасқан тұста 5-6 мкм -ге дейін биіктейді. Цитоплазмасында барлық 
органеллалар жеткілікті деңгейде жетілген. Пневмоциттердің альвеола
қуысына қараған беті белоктардан, фосфолипидтер мен гликопротеидтерден 
тұратын жұқа үлдір тəріздес сурфактант қабатымен қапталған. Сурфактант
альвеолалардың ішкі беттерінің бір-біріне жабысып қалмауын қамтамасыз 
етумен қатар, ауаның құрамындағы микроорганизмдердің өкпе ұлпаларына
енуіне жол бермей, қорғаныс қызметін де атқарады. 


Үлкен пневмоциттер респираторлы пневмоциттердің аралықтарында
жекеленіп, кейде топтасып орналасады. Ірі ядролы үлкен пневмоциттердің 
апикальды
ұшында

қысқа
микробүрлер 


болады.
Цитоплазмасында 
органеллалардан басқа фосфолипидтерден түзілген тығыз денешіктер


322
(цитосомалар) кездеседі. Үлкен пневмоциттер альвеоланың ішкі бетін қаптап 


тұратын сурфактантты бөледі.



Өкпенің құрылымдық жəне ідызметтік бірлігі — өкпе бөлікшесі
(ацинусы). Ацинусты қан жəне лимфа тамырлары мен жүйкелерін қоса 
дəнекер ұлпалық аралықтар арқылы байланысқан бір альвеолалы
бронхиоланың тармақтары (альвеолалы жолдар, альвеолалы қапшықтар, 
олардың қабырғаларындағы альвеолалар) құрайды. Өкпенің респираторлы
бөліміндегі газ алмасу процесі қан мен ауаның аралығында жатқан 
эндотелиоциттер қабарғалары арқылы, тым жұқа дəнекер ұлпасы мен
респираторлы пневмоциттер қабырғалары арқылы, оттегі мен көмірқышқыл 
газы концентрациясының айырмашылықтарына байланысты жүреді. Оттегі
ауадан қанға, көмірқышқыл газы қаннан ауаға өтеді. Сөйтіп, газ алмасу 
процесінің нəтижесінде вена қаны артерия қанына айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет