К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет375/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   607
Өкпенің гистологиялық кұрылысы. Жоғарыда баяндалғандай, өкпе
кұрылысы жағынан паренхималы мүше. Оның стромасын эластин 
талшықтарына бай борпылдақ дəнекер ұлпалық аралықтар құрайды. Строма
арқылы өкпеге қоректендіретін жəне газ алмасуға қан əкелетін қан 
тамырлары, лимфа тамырлары мен тыныс алу процесін реттейтін жүйкелер
өтеді. Ал оның паренхимасын өкпенің тыныс жолдары мен газ алмасу 
(респираторлы) бөлімі құрайды. Өкпенің тыныс жолдарына бронхтар


321
тарамының мүшелері жатады. Ал pecпираторлы бөлмді немесе өкпенің газ 


алмасу бөлімін терминальды бронхиолалардан кезегімен тарамдалатын:


альвеолалы бронхиолалар, альвеолалы жолдар, альвеолалы қапшықтар жəне 
олардың қабырғаларын түзетін альвеолалар құрайды. Осы аталған өкпенің
газ алмасу бөлімінің құрылындары өкпе бөлікшелерін немесе өкпе 


ацинустарым түзетін альвеолалар тарамын (arbor alveolaris) құрайды.


159 - сурет. Өкпенің альвеолалар тарамы 
1 — терминальды бронхиола, 2 — альвеолалы бронхиола, 3 — оның кесіндісі, 4 —
альвеолалы өтіс, 5 — оның кесіндісі, 6 — альвеолалы қапшық, 7 — оның кесіндісі, 8 — 
өкпе венасвнвң тармағы, 9 — альвеоланы сыртынан шырмаған қан капиллярлары 10 —
өкпе артериясының тармағы. 
Альвеолалы бронхиолалардың құрылысы терминальды бронхиолалар
қабырғаларының құрылысына ұқсас. Тек, олардың қабырғаларында тым 
жұқа қабырғалы жекеленген көпіршік тəрізді альвеол олар пайда болады.
Альвеолалы 
жолдар
мен

қапшықтардың


қабырғалары 
толығымен
альвеолалардан құралған. 


Альвеолалардың қабырғасы арқылы ауа мен қанның арасында газ
алмасу процесі жүреді. Альвеол алардың қабырғасын негіздік жарғақта 
орналасқан тым жұқа бірқабатты жалпақ тыныс алу (респираторлы)
эпителийі астарлайды. Альвеолалар қуысының альвеолалы қапшықтар 
қуысымен қатысатын тесіктерінің қабырғасында жекеленген бірыңғай
салалы ет миоциттері болады. Жұқа альвеолалараралық дəнекер ұлпалық 
аралықтарарқылы таралатын қан капиллярлары, альвеолалардың сыртқы
бетін шырмай қоршап жатады. Көрші екі альвеол алардың аралығында 
аздаған коллаген жəне эластин талшықтары, жекеленген жасушалар,
макрофагтар, қан капилляры болады. Қан капиллярының қабырғасын орташа 
қалындығы 0,15 мкм эндотелий жасушалары түзеді. Альвеолалар
қабырғасындағы 
респираторлы
эпителий 
екі
түрлі

альвеолоциттен


(пневмоциттерден): респираторлы жəне үлкен альвеолоциттерден құралған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет