К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет429/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

179 — сурет. Калқаншамаңы безі 
I - паратироциттер, 2 — бездін дəнекер ұлпалық капшығы, 3 — қан тамырлары.


Ерекшсліктсрі. Жылқыда қалқаншамаңы бездері қалқанша безден 
бөлек орналасады. Сыртқы бездің ұзындығы 1,0-1,5 см, ішкі без 0,5-1,0 см,
салмағы 290-310 мг. 


Сиыр мен ұсақ малдарда сыртқы қалқаншамаңы безі қалқанша безден
бөлек орналасады. Оның ұзындығы сиырда 0,8-1,2 см, салмағы 300 мг. Қой 
безінің ұзындығы 0,8 см, салмағы 200 мг.

Шошқада тек ішкі қалқаншамаңы безі болады. Оның салмағы 100 мг -
дай.

Иттің сыртқы безінің ұзындығы 0,2-0,4 см, ішкі безі 0,7 см, салмағы 50-
120 мг.


367



БҮЙРЕКҮСТІ БЕЗІ 
Бүйрекүсті безі (glandula suprarenales) шығу тегі мен құрылысы жəне
қызметі əр түрлі қыртысты жəне бозғылт заттардан құралған, пішіні бүйрекке 
ұқсаған, сопақша келген қоңыр-қызғылт түсті жұп без. Бүйрекүсті безі
бүйректің медиальды бетінде орналасады. Без паренхимасы бір-бірінен анық 
ажырап көрінетін сыртқы қыртысты жəне ішкі бозғылт заттардан құралған.
Эмбриондық кезенде бүйрекүсті безінің қыртысты заты шажырқай түбірінің 
екі қапталындағы куыстық (целомалык) мезодермадан, ал бозғылт заты
симпатикалық ганглийлермен бірге жүйке тарақшаларынан дамып жетіледі. 
Бүйрекүсті безі сыртынан тығыз дəнекер ұлпалық қапшықпен қапталған.
Оның ішкі беті борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. Қапшықтан без 
паренхимасының ішіне қарай қан жəне лимфа тамырларымен бірге тым жұқа
дəнекер ұлпалық аралықтар өтеді. Қапшық астында майда эпителиоциттер 
қабаты болады. Бұлар қыртысты заттың эндокриноциттері жетілетін
камбиальды жасушалар. Бүйрекүсті без қапшығының астында, бездің сыртқы 
жағында ідыртысты зат, ал орталығында бозғылт зат орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет