К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет3/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

КІРІСПЕ 
Қоғамдық тамақтандыру типі және мамандануы бойынша ажыратылатын 
және өндірісті ұйымдастыру және тұтынушыларға қызмет көрсету бірлігімен 
ерекшеленетін кәсіпорындардан құралған халық шаруашылық саласы болып 
табылады.
Қоғамдық тамақтандырудың дамуы: 
 техниканы, шикізатты, материалдарды рционылды қолдану салдарынан 
қоғамдық еңбектің біршама үнемделуін қамтамасыз етеді; 
 жұмыс күні бойыы жұмысшылар мен қызметкерлерге ыстық тағаммен 
қамтамасыз етеді, бұл олардың жұмыс қабілетін арттырады, денсаулығын 
сақтауға ықпал етеді
 балаларға арналған және оқу орындарында теңгерілген рационалды 
тамақтануды ұйымдастыру мүмкіндігін береді. 
Қонақжайлық 
индустриясындағы 
маңызды 
орынды 
қоғамдық 
тамақтандыру алып жатыр, оның дамуы мен жетілуі нарық қатынастарының 
орнауы шарттаында жүргізілетін экономикалық және әлеуметтің шаралар 
жүйесінде маңызды тетік болып табылды. 
Қоғамдық тамқтандыру еңбек және материалды қорларды тиімді 
қолдануға мүмкіндік береді, өнімділіктің артуына және еңбекті жақсы 
ұйымдастыруға ықпал етеді. Сондықтан халықтың тамақтануын ғылыми түрде 
ұйымдастыру керек, оның қауіпсіздігін арттыру керек. 
Азық-түлік нарығының шикізатпен және жартылй фабрикаттармен 
қанығуы, ғылыми-техникалық прогресстің үдеуі, аспаздық өнімдерді өндірудің 
жаңа технологияларының енгізілуі жаппай тамақтандыру индустриясын құру 
үшін негіз болып табылады. Аталған факторлар әсерінен еліміздің әртүрлі 
аймақтарында жоғары жаңа заманауи технологиялық жабдықтармен 
жабдықталған жаңа тамақтандыру кәсіпорындары ашылуда. Тоңазытылған, 
мұздатылған өнімдерді, жоғары дәрежеде дайын жартылай фабрикаттардың кең 
ассортиментін өндірудің прогрессивті және тиімділігі жоғары технологиялар 
енгізілуде, сонымен қатар прогрессивті қызмет көрсету түрлері қолданылуда.
Тамақтандыру кәсіпорындарының қауіпсіздігі, тиімділігі және бәсеке 
қабілеттілігі көп мөлшерде кәсіпорынды басқарумен, өндірісті рационалды 
ұйымдастырумен байланыты, сонымен қатар тамақтандыру саласында жұмыс 
істейтін жоғары білікті мамандарды кәсіби дайындау сапасына тікелей 
байланысты.
Көптеген қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары таза коммерциялық 
болып табылады, бірақ олармен қатар әлеуметтік тамақтану да дамуда: 
өндірістік кәсіпорындағы асханалар, студенттік, мектеп асханалары.
Әлеуметтік тамақтануды ұйымдастыру мәселелерін қолына алған тамақтану 
комбинаттары,фирмалар пайда болуда.
Бәсеке – нарық ортасының бөлінбейтін құрамдас бөлігі. Бәсеке-нарық 
экономикасының басты қозғаушысы. Тұтынушыларда таудау мүмкіндігі пайда 
болады. Әрбір кәсіпорынның басты мақсаты өндірілетін өнім мен ұсынатын 



қызмет сапасын жоғарылату болып табылады. Кәсіпорынның табысты жұмысы 
өнім мен қызмет өндірісімен қамтамасыз етіледі, олар: 
 белгілі бір қажеттіліктерге нақты жауап беру керек; 
 тұтынушы талаптарын қанағаттандырады; 
 әрекеттегі стандарттар талаптарына сәйкес келеді
 әрекеттегі заңдар мен басқа да қоғамдық талаптарға жауап береді; 
 бәсекеқабілетті бағалар бойынша ұсынылады; 
 пайда алуды негіздейді.
Алға қойған мақсаттарға жету үшін кәсіпорын өз қызметңн өнім сапасы 
мен қауіпсіздігіне әсер ететін барлық техникалық, әкімшілік және тұлғалық 
факторларды бақылау керек.
Ұсыныс сұраныстан көп болған жағдайда жұмысты ұйымдастыруда 
маркетингтік жолдар қолданылу керек. Тамақтану қызметтері мен қызмет 
көрсету бәсеке қабілетті болу керек. Бәсеке қабілеттіліктің негізгі критерийлері 
қауіпсіздік, сапа, ассортимент, баға, сервистік қызметтер болып табылады. 
Қызметтер сапасын маркетингтік зерттеу керек. Зерттеу нысаны тұтынушылар, 
олардың қызметтерге қатысы, өнім және қызметтердің сапасы мен 
ассортиментіне қойылатын талаптар болып табылады. Зерттеу нәтижелері 
кәсіпорынның сапа саласындағы саясат негізіне алынуы мүмкін.
Қоғамдық 
тамақтандырудың 
тиімділігін 
арттыру 
өндіріс 
интенсификациясының жалпы принциптеріне – материалды және еңбек 
қорларын аз шығындап жоғары нәтижелерге жетуге негізделеді.
Қоғамдық тамақтандыруда еңбекті бөлу түрлері мен ғылыми-техникалық 
прогресс жетістіктерін енгізуді жетілдіру керек. Қоғамдық тамақтандыруда 
еңбекті бөлудің түрлеріне концентрация, мамандандыру және кооперациялау 
жатады.
Өндірісті концентрациялау өндіріс құралдары мен жұмыс күшін алдын 
ала даярлау кәсіпорындары, сияқты ірі кәсіпорындарға шоғырландыруды 
қарастырады.
Өндірісті мамандандыру кәсіпорынның белгілі бір өнім ассортиментін 
шығаруға және өткізуге немесе технологиялық үрдістің белгілі бір кезеңдерін 
орындауға бағытталған әрекет болып табылады.
Мамандандырудың екі түрін ажыратады заттық және технологиялық 
(кезеңдік). 
Заттық мамандандыру келесі бағыттарда дамиды: 
 жұмысы мен оқуына байланысты жеке тұтынушылар контингентінің 
тамақтануын ұйымдастыру; 
 емдік және емдәмдік тамақтануды қажет ететін тұтынушылардың 
тамақтануын қамтамасыз ету; 
 ұлттық аспаздық және шетел аспаздығы тағамдарының өндірісі; 
 бір шикізат түрінен аспаздық өнімдер өндіру (вегетариандық асханалар, 
сүт кафесі, балық кәсіпорындары) және т.б. 



Технологиялық мамандандыру мәні өнім өндіру үрдісін екі кезеңге 
бөлуден тұрады: алдын-ала даярлау кәсіпорындарында шикізатты механикалық 
өңдеу және жартылай фабрикаттар дайындау және толық даярлау 
кәсіпорындарында дайын өнім даярлау. Технологиялық мамандандыру 
өндірісті концентрациялаумен тығыз байланысты. 
Кооперациялау – бірігіп белгілі бір өнім даярлайтын кәсіпорындар 
арасындағы өндірісітік байланыстар түрі. Коопреациялау салаішілік, мысалы 
алдын-ала даярлау кәсіпорны мен толық даярлау кәсіпорны арасында болуы 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет