К. М. Мырзағалиева Махамбеттану



бет3/26
Дата10.12.2023
өлшемі328,47 Kb.
#135805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Мырзағалиева К.М. Махамбеттану

Теңсіздік, ауыртпалық зардабын тек кедей шаруалар ғана емес, байлар да, старшындар да, билер де тартты. Хан рулық старшындарды тыңдамай шекаралық әкімдердің нұсқауларын пайдаланды. Әділ билер шеттетіліп, олардың орнына ханның сөзін сөйлейтін, ханның сойылын соғатындар сайланды. Қалыптасқан салт-дәстүр бұзылып, орыс заңы кіре бастады. Отаршыл өкіметтің саясаты елді жерден, тұрмыстан қысып алауыздыққа, бірліктен гөрі бөлінуге, берекесіздікке апарды.

Орысшыл болып өскен Жәңгір хан елдегі жиындардың өзіне басына қоқайтып папах киіп, полковниктің киімімен баратын болады. Хан сарайында би биленіп, арақ ішілетін әдет шығады. Хан енді нөкерлерімен тамақты үстелге отырып ішіп, қазақша тағамдардан гөрі орыс тамағына әуестік таныта бастайды.


Мұның бәрі отарлау саясаты идеологтарының ойлап тапқаны еді. Сол жүзеге аса бастады. Бұл арам пиғыл “Ішкі Бөкей Ордасын басқарудың тәртібі” деген құжатта анық көрсетілген:
“Хан басшылығынан басқа басшылықты білмейтін қазақтар біз ойлаған шұғыл, тосын өзгерістерге дайын емес, асығыстық – жартылай жабайы халық арасында орталық әкімшіліктен жырақ шекаралық далаларда соңы неге апарып соғары белгісіз жайсыздықтар туғызуы мүмкін. Сол себепті Ішкі Орда жағдайындағы дайындық яки өтпелі кезеңнің ерекшеліктерін ажырата білген жөн. Сондықтан төмендегідей іс-шара ұсынылады:

  1. Хан басшылығы Астрахандағы бөтен ұлттарға қамқорлық басқармасына тәуелді болуға тиісті, оны ханға көмек, халық тұрмысына қамқорлық деген бүркемемен хан мен Ордаға қолайлы қалыпқа түсірген жөн: ханның іс-қағазын жүргізу үшін орыс кеңсесі құрылсын.

  2. Қазақтардың орысқа бойын үйрету үшін мерзімдік Жәрмеңкелермен бірге хан Ордасында үзбей сауда жасайтын мекеме болған жөн. Онда біртіндеп орыс халқының көбейюі – біздің уездік әкімшілік пен гильдиялық саудаға тірек боларлық уездік қалаға айналдыруға жағдай туғызары сөзсіз.

  3. Жерді ру-руларға бөліп беріп, қазірден отырықшылықты құнттаған жөн, келешекте оларды болыстарға, ауылдарға бөлшектеуге болады.

  4. Ордада орыс тілін орнықтыру үшін училище ашу керек.

  5. Ордада дәрігер, малдәрігер, акушер ұстау керек.

Жоғарыда айтылғандарды біртіндеп жүзеге асыру - Ордада орыс
әкімшілігін орнықтыруға алғы шарт болмақ, ал ол орыс әкімшілігінің ел басқару ісіндегі артықшылығына халықтың көзін жеткізер еді” /7/.
Қазақта жер дауы, жесір дауы дегеннің үлкен әлеуметтік мәселе екені белгілі. Малдың өрісі тарылып, шұрайлы жерлердің Жәңгір ханның жақын-жуықтары мен жаңа қоныстанушыларға – орыс- казактарға берілуі бүкіл саяси-әлеуметтік мәселелердің өзекті буынына айналды. Онсыз да ашу-ызаға булығып, кектеніп жүрген бұқара халықтың ханға қарсы тұрып, қолдарына қару ұстауына осы жер мәселесі үлкен әсер еткені анық.
Өйткені:
Арғымақтың баласы
Аз оттар да, көп жусар.
Азамат ердің баласы
Аз ұйықтар да, көп жортар –
Дұшпанға кеткен ары мен
Талауға түскен жері бар.
(Махамбет)
Махамбет бұл әділетсіздікке қылыш, найзамен бірге өткір де уытты өлеңдерін де қару етіп қарсы тұрды. “Махамбет музасын соғыс, шайқас, күрес поэзиясы деп атауға болады. Бұл орайда ақын шайқас даласын біреуден естіген сыңайда, сырттай бақылаушы ретінде емес, осынау ұлағатты істі өзінің қаны мен тері арқылы бейнеледі” /8/.
Оның жырлары – сол өзі өмір сүрген дәуірдің бет- бейнесі, замандастарының ой-мақсаты, қуаныш-қайғысы, шындық.Бірақ өмірде болған оқиғаның, құбылыстың көшірмесі ғана емес, шығармашылық құштарлық (тенденция) пен қиялдың да жемісі.
Кеңес үкіметі тұсында барлық болған оқиға, құбылысқа, жаңалыққа, марксизм-ленинизм қағидаларына сүйеніп, таптық көзқарас негізінде қарау қалыптасты. Осыдан келіп шынайы тарих бұрмаланып, жалғандық үстемдік алды.
Кім-кімді де, барлық жетістік – бақыт та, байлық та, мәдениет те, тарих та, әдебиет те, өнер де тек қана Ұлы қазан революциясынан кейін пайда болды, гүлдене түсті деп жазуға мәжбүр етті. Бұл методологиямыздың, зерттеу әдістеріміздің ілгерілеуіне кедергі болып келді.
Қазір енді еліміз егемендік алғалы өткенге бүгінгі күн биігінен қарап, кезінде кеткен қателіктердің орнын толықтыру үстіндеміз.
Исатай, Махамбет басқарған ұлт-азаттық көтерілісі де бұрмаланып, “шаруалар көтерілісі, қазақтың кедей шаруалар тобының патша саясатына хан, старшын, сұлтандарының, байларының қанауына қарсы топтың көтерілісі” делініп келді. Қазір де біраз еңбектерде солай айтылып жүр.
Мәселен, 1979 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрген Махамбеттің “Жыр-семсер” деп аталатын кітабының алғы сөзінде “Махамбет Өтемісовті тудырған ондай кезеңді шақ – патша отаршылдығы мен хан өкіметінің езгісі мен қысымына қарсы бұрынғы ішкі Орда шаруаларының 1836-1837 жылдардағы көтерілісі” /9/ делінсе, “Қазақтың көне тарихы” кітабында “...Исатай-Махамбетбастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі” /10/ деп көрсеткен. Осы секілді 1997 жылы жарық көрген “Қазақстан тарихы” /11/ оқулығында да “Қазақстан тарихындағы ең ірі көтерілістердің бірі 1837-1838 ж.ж. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар қозғалысы”, – деп жазылыпты. Барлық еңбектерде дерлік “шаруалар көтерілісі” делінеді.
“Патша саясатына қарсы”, “Отаршылдыққа қарсы” дегендердің сыртында “Шаруалар көтерілісі”, “Шаруалар қозғалысы” деген сөз біздіңше артық сияқты.
Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс бір күнде бұрқ ете түскен жай ашу-ыза емес, Қазақ халқы – шыдамды халық. Бұл – ұзақ жылдар бойы тепкі, теңсіздік, әділетсіздік көрген елдің бойындағы жиналған кек, бодандық бұғауынан шығуға деген ұмтылыс, қажеттілік еді.
Мұны Махамбет Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінде:
Хан баласы ақсүйек
Ежелден табан аңдысқан,
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім, – деп өзі де ашық айтқан.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Қажым Жұмалиев те “Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі”,- дейтін ұзақ өлеңі даңқты халық көтерілісінің алдарына қойған негізгі нысанасын айқындауға болсын, көтерілістің туу себептерінің тамыры тереңде жатқандығын, хан-сұлтандарға халық наразылығы арғы заманнан келе жатқандығын көрсетуде болсын – мәні зор” /12/, -деп, бұл толқудың халық көтерілісі екенін, оның түп тамыры өте тереңде жатқанын дәл айтқан болатын.
Көтерілістің мақсатын да:
Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Еңсесі биік ақ орда,
Еріксіз кірсем деп едім.., - деп Махамбет шынайы көрсеткен.
Исатай да, Махамбет те ханның қолшоқпары Қарауылқожа Бабажанов, Төлеген Тыныштықұлы дегендердің елге көрсеткен зорлық-зомбылығын айтып бірнеше рет сұлтан Зұлқарнайынға, хан Жаһангер Бөкейханұлына, сұлтан депутат Медет Шәкісұлтанұлына, Орал әскерінің әскери атаманы полковник Василий Осипович Покатиловке “арыз-хат” жазады. Бірақ ешқандай нәтиже шықпайды. Бұл хаттарды оқығанда да, Орынбор шекаралықкомиссиясындаподполковник шенінде қызмет атқарған, орыс тілінің түсіндірмесөздігінің авторы Владимир Иванович Дальдің жазғандарынанда Жәңгір ханның, оның қолшоқпарларының елді аяусыз тонағанын, халықтың әл-ауқатының мүлде нашарлап, аштыққа ұрынған бейшара халін көресіз.
Владимир Иванович Даль: “Шекара бойындағы қайсақтар өте кедей тұрады:Гурьев пен Звериноголовскінің арасын, ұзындығы 1850 шақырымжерді қыстайтын жиырма мың үйдің әрқайсысында орта есеппен бес жаннан бар, ал он үйге шаққанда жеті мүйізді ірі қарадан, бес жылқыдан, бір түйеден, жүз қойдан келеді. Бірақ, ондаған мың қой, жылқы біткен байлар мен жалғыз ешкіге қарап отырған тақыр кедейлер бар: олар бүкіл ауыртпалығын осы жалғыз ешкіге артып,сүтін күнәра, тіпті үш күнде бір кезек-кезек қорек қыльш отыр..Бұл ойдан шығарылған ертегі емес, таза шындық” /13/, -деп жазады. Ол “Северная пчела” деп аталатын газетте де “Шекара бойындағы қайсақтар (қазақтар – К.М.)осы қыста тағы да өз балаларын сата бастады” (1834. №101),-деп жазыпты.
Мұндай озбырлық, мұндай ауыр азап, басқа түскен киындық халықтың ашу-ызасын тудырмай қоймайтыны белгілі. Бұл көтеріліс Сырым батыр (1783-1797), Арғынғазы сұлтан, Есет Көтібаров (1853- 1858), Жанқожа (1856-1857), Кенесары (1837-1847) бастаған ұлт- азаттық қозғалысымен іштей ұласып жатыр. Біздіңше, “шаруалар көтерілісі ” деген сөз Кеңес үкіметі тұсында саясат үшін, болған оқиғаны жұмсартып, халықтың назарын, ойын басқа жаққа бұру мақсатында айтылған құйтырқы іс-әрекет. Саясаттандырылған сөз. Әйтпесе, бұл шындығында да таптық жіктелуден туындаған шаруалар көтерілісі емес, саяси-әлеуметтік қайшылықтар мен шиеленістерден бастау алған патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына, оларды қолдау, қолпаштау арқылы өз өктемдіктерін нығайта түсуге тырысқан хан, сұлтандар мен старшындарға, байларға, олардың жандайшаптарына қарсы күрес еді.
Исатай, Махамбет көтерілісінде батырлар қолдарына айыр, күрек, кетпен емес, үстеріне сауыт, дулыға киіп, алмас қылыш, садақ алып шықты.
Оны Махамбеттің “Дулығалы бас кесіп” (“Исатай деген ағам бар”), “Исатайдың сол күнде ақтабан аты астында, дулығасы басында” (“Соғыс”), “Күмісті мылтық қолға алып” (“Күмісті мылтық қолға алып”), “Толғамалы найзамен” (“Мен едім”), “Балдағы алтын құрыш болат” (“Беркініп садақ асынбай”) деген жолдарынан да байқауға болады.
1836-1838 жылдардағы бұл Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің себептерін анықтау үшін оның қоғамдық, саяси- әлеуметтік мән-мағынасына көңіл аудару ләзім.
Бұл ру мен рудың немесе бай мен кедейдің арасындағы шатақ емес, өйткені, бір рудың адамдарының өзі екіге бөлініп, біреулері Исатай-Махамбет жағында енді біразыЖәңгір хан төңірегінде топтасты. Олардың бір-біріне қарсы шығусебептері – кімді қолдағандықтарында: азаттық жолына түсті ме,әлде патша саясатын ұстанған хан, сұлтандар мен билердің шылауындакетті ме?!
Халел Досмұхамедұлының мына бір пікірін оқиықшы: “...кіші жүздегі еңкөп болған он екі ата байұлынан тек төрт рудың он адамының қол қойғаны, қалған сегіз рудан бір адамның болмағаны, кіші жүздекөптік жағынан екінші орын алған Әлімұлынан тек екі адамның болғаны, қалың қара қазақтың патша өкіметіне бағынуға риза болмағандығын көрсетеді” /14/.
Одан әрі автор одақтастыққа ант берген, қол қойған кісілердің қай рудан екендігін көрсете отырып, терең талдау жасайды. Сөйтіп Исатай мен Махамбет басқарған көтерілістің бұқара халықтың патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі екенін дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Манаш Қозыбаев та еліміз егемендік алғаннан кейін (1994) жарық көрген “Жауды шаптым ту байлап” деген кітабында “Исатай, Махамбет бастаған 1836-37 жж. ұлт-азаттық қозғалысы қазақ халқы тарихының келелі бір кезеңі... Хан үкіметінің, оның қазыналық функциясының күшеюі чиновниктік озбырлықты туғызды. Бюрократиялық аппарат елді сүліктей сорды. Міне, осы кезде аса көрнекті қалың елдің ортасында қайнап шыққан ел қайраткері Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов халық көтерілісін басқарды” /15/, -деп жазады.
Нақты, тұжырымды айтылған ғой. “Халық көтерілісі” десек те, “ұлт-азаттық көтерілісі” десек те олардың арасында шаруалардың да, басқалардың да болғаны белгілі емес пе?!
Исатай бастаған көтеріліс таптық мақсаттағы қозғалыс емес, жалпы халықтық қозғалыс. Бұл – бодандыққа, рухани құлдыққа қарсылық. Бай, кедей, старшын, би болып бөлінбей оған азаттық аңсаған елдің бәрі қатысқан. Мұны Н.Савичев “Таймановтың қорлық көрген халықты қорғап, көтеріліске шығуына бір ғана адамның жеке мүддесі емес, шетке шығарылған жалпы қазақтар мүддесі де себеп болғанын сипаттайды” /16/ деген сөзі де айғақ.
Тарих – шындық болуы керек. Оқиғаның неліктен, нендей себеппен, қашан, қайда, қалай болғаны анық көрсетілуі тиіс. Саясаттанған сөздерді алып тастау - шындықтың бетін ашып, бүркемеленген оқиғалардың мән-мағынасын түсінуге жол ашарын туғызған қоғамдық, тарихи жағдай әлеуметтік қайшылық, күйзеліс XIX ғасыр басында күшейе түсіп, Махамбеттің буырқанған ашу- кекке толы, еркіндік аңсаған поэзиясының өмірге келуіне негіз болды” /6/.
Әр ақын көбінесе өзі өмір сүрген кезеңнің тыныс-тіршілігін, көзімен көріп, басынан өткергенін жыр етеді. Оның өлеңдері - өз өмірбаяны да іспетті. Сондықтан да ақын, жыраулар өлеңдерін оқи отырып ықылым замандарда болған небір ғажайып оқиғаларға жолығасың, сол дәуірдегі тарихи тұлғалармен танысып, олардың қуанышы мен қайғысына ортақтасасың, шығармашы өмір сүрген кезеңнің болмысын, елдің тұрмыс-тіршілігін көз алдыңа әкелесің.
Сонау V-VІІІ ғасырларда тіршілік еткен түркі тайпаларының тасқа ойып жазып кеткен “Орхон-Енисей” жазуларынан сол тұста болған соғыстар мен қақтығыстар, Күлтегін сияқты қолбасы мен Тонүкүк секілді мемлекет қайраткерлерінің батырлығы мен біліктілігі әңгіме болса, 1069 жылы жазылған Юсуф Хас Хаджибтің өлеңмен жазылған “Құтты білік” (“Қүтадғу біліг”) атты түркі тектес халықтарға ортақ трактатынан да халқымыздың рухани жан дүниесі мен рухани байлығын терең ұғынып, сол дәуірдің тыныс-тіршілігін де сезінеміз. 1505-1530 жылдар аралығында жазылған хорезмдік Нүрсейіт баласы Мұхамед Салықтың “Шайбанинама” дастанынан ХV-ХVІ ғасырлардағы қазақ, өзбек ұлысының тарихын, Бұхара соғысын, Бұхара әмірі Бақи тарханды Шайбанидің жеңгенін, тағы да басқа оқиғаларды оқып білеміз.
“Хандық дәуірде өмір сүрген Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздер көбіне ноғайлы ұлысының бүлінуін жырлаған болса, XVII ғасырдағы Жиембет, Марғасқа поэзиясынан көбіне Кіші жүз ханы Есімнің жорықтарына, қазақ-ойрат соғысына қатысты деректер табамыз”, /5/
Ақтамберді (1675-1768), Тәтіқара (XVIII), Үмбетей (1706-1778) жыраулар жоңғар басқыншыларының шабуылдарын айтып, ерлікті, өрлікті жырлайды.
Махамбет өмір сүрген XIX ғасырдың бірінші жартысы қазақ тарихында қайшылығы мен қақтығысы мол кезең болатын. Қазақ елінің бодандыққа кіргеніне ғасырға жуық уақыт өтіп, патша үстемдігі қазақ даласын түгелқамтып тұрған дәуір еді. Қазақ елінде хандық билік жүйесі Батыс өңірде ғана сақталғанымен, хан патшаға тәуелді болып, оның айтқанынан шыға алмайтын күйге жеткен.
“Бастау бұлағы – Бұқар жырау, белді өкілдері Шортанбай, Дулат, Мұрат болған әдебиеттегі зар-заман деп аталған ағымға кіретін ақындардың өлең-жыр, дастандарындағы өзекті сарын отаршылдыққа наразылық идеясы болғаны белгілі. Соларды туғызған қоғамдық, тарихи жағдай әлеуметтік қайшылық, күйзеліс XIX ғасыр басында күшейе түсіп, Махамбеттің буырқанған ашу- кекке толы, еркіндік аңсаған поэзиясының өмірге келуіне негіз болды” /6/.
Бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі” /10/ деп көрсеткен. Осы секілді 1997 жылы жарық көрген “ Қазақстан тарихы” /11/ оқулығында да “Қазақстан тарихындағы ең ірі көтерілістердің бірі 1837-1838 ж.ж. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар қозғалысы”,– деп жазылыпты. Барлық еңбектерде дерлік “шаруалар көтерілісі” делінеді.
Исатай, Махамбет көтерілісінде батырлар қолдарына айыр, күрек, кетпен емес, үстеріне сауыт, дулыға киіп, алмас қылыш, садақ алып шықты.
Оны Махамбеттің “Дулығалы бас кесіп” (“Исатай деген ағам бар”), “Исатайдың сол күнде ақтабан аты астында, дулығасы басында” (“Соғыс”), “Күмісті мылтық қолға алып” (“Күмісті мылтық қолға алып”), “Толғамалы найзамен” (“Мен едім”), “Балдағы алтын құрыш болат” (“Беркініп садақ асынбай”) деген жолдарынан да байқауға болады.
1836-1838 жылдардағы бұл Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің себептерін анықтау үшін оның қоғамдық, саяси- әлеуметтік мән-мағынасына көңіл аудару ләзім. Бұл ру мен рудың немесе бай мен кедейдің арасындағы шатақ емес, өйткені, бір рудың адамдарының өзі екіге бөлініп, біреулері Исатай-Махамбет жағында,енді біразыЖәңгір хан төңірегінде топтасты. Олардың бір-біріне қарсы шығусебептері – кімді қолдағандықтарында: азаттық жолына түсті ме,әлде патша саясатын ұстанған хан, сұлтандар мен билердің шылауъндакетті ме?!
Халел Досмұхамедұлының мына бір пікірін оқиықшы: “...кіші жүздегі еңкөп болған он екі ата байұлынан тек төрт рудың он адамының қол қойғаны, қалған сегіз рудан бір адамның болмағаны, кіші жүзде көптік жағынан екінші орын алған Әлімұлынан тек екі адамның болғаны, қалың қара қазақтың патша өкіметіне бағынуға риза болмағандығын көрсетеді” /14/.
Одан әрі автор одақтастыққа ант берген, қол қойған кісілердің қай рудан екендігін көрсете отырып, терең талдау жасайды. Сөйтіп Исатай мен Махамбет басқарған көтерілістің бұқара халықтың патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі екенін дәлелдейді.
1.Исатай, Махамбет басқарған ұлт-азаттық көтерілістердің тууына себеп болған жағдайлар
Жоспар:
1. Махамбет өмір сүрген ХIХғасырдағы тарихи кезең.
2. Исатай – Махамбет бастаған көтеріліс.
Бақылау сұрақтары:
1. Жәңгір ханның бұқараға жасаған қиянаты.
2. Махамбеттің хан ордасынан кетуі.
3. Ішкі Бөкей ордасындағы басқару тәртібі.
4. 1836-38 жылдардағы Исатай – Махамбет көтерілісінің шығу себептері.
5. Исатай – Махамбеттердің қол жиып, шайқасқа әзірленуі.

Өзіндік тапсырмалар:


1. Махамбет – жауынгер ақын.
2. Исатай – Махамбет бастаған халық көтерілісі туралы.
3. Тастөбе түбіндегі шайқас.
4. Қ. Жұмалиев – Махамбеттанушы.
5. «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі» .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет