К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


қайталанбас, сөз өнері, сезім күйі, әсерлілік



Pdf көрінісі
бет32/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62
қайталанбас, сөз өнері, сезім күйі, әсерлілік.
13.2. Мәтінді тыңдаңыздар, оқыңыздар, түсініңіздер. 
13.3. Адамды тәрбиелеу, адамға ой салу дегенді қалай түсінесіз? 
13.4. Жалғаулықтарды 
еске түсіріңіз. Соның ішінде себеп-салдар
ыңғайластық жалғаулықтарға тоқталыңыз.
13.5. Төменде берілген әдебиеттердің ішінен бірін оқыңыз. 
 Тахауи Ахтанов. Шырағың сөнбесін. 
 Ғабит Мүсірепов. Ана туралы әңгімелері. 
 Сайын Мұратбеков. Жабайы алма.
 Әзілхан Нұршайықов. Ақиқат пен аңыз.
 Мұқағали Мақатаев. Өлеңдері. 
 Фариза Оңғарсынова. Өлеңдері.
 Мұхтар Шаханов. Отырардың күйреуі, т.б.
13.6. Өзіңіз оқыған бір әдеби шығарма туралы, сол шығарманың маңызы 
туралы айтып келіңіз.
13.7. Мына нақыл сөздерден сын есімдерді табыңыз.


40 
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. 
Үлкенді сен сыйласың, кіші сені сыйлайды. 
Адамды, кісілікті терең ұғынған сайын кісі өзіне төреші бола алады. 
В.А.Сухомлинский 
Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста, сонда толық боларсың елден ерек. 
Абай 
13.8. Төмендегі нақыл сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер
Қызым – үйде, қылығы – түзде. 
Еңбекте өскеннің оты сөнбейді. 
Өнер көзі – өрнекте. 
13.9.
Лондонға мен де, әкем де баратын болдық. Мына кино қызық екен, 
бірақ мен концерт көргім келеді. Ағамның туған күніне не теледидар, не 
компьютер алып береді. Сен жұмысқа тағы кешіктің, себебі түнде кеш 
ұйықтайсың. Егер қазір айтпасаң, кейін кеш болады.
13.10. Тиісті шылауларды қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Ол газет сатып алды, ______________________________ жаңалықтарды 
оқығысы 
келіп 
тұр. 
2. 
Әсемнің 
Африкаға 
барғысы 
келеді, 
______________________________ ол ыстықты ұнатпайды. 3. Кеден 
______________________________ күту залының арасы қашық емес. 4. 
Тайландта көп көлік аыстырдық, ______________________________ кемеге 
міндік, 
______________________________ 
ұшақпен 
ұштық, 
______________________________ 
тікұшаққа 
отырдық. 
5. 
______________________________ қонақүйде тұрсаң, таңертеңгі асты сонда 
ішуге болады.
13.11. Сөйлемдердің жасалу жолдарын анықтаңыз. 
Мектепті бітіргенше асықтым, себебі ересек өмірді тезірек көргім келді. 
Әр адамның арманы бар, неге десеңіз армансыз адам, ормансыз бұлбұлмен 
тең емес пе?! Кеше халықаралық білім беру мәселелері туралы конференция 
болды, сондықтан бәріміз оның жақсы өтуіне көмектестік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет