К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


жанашыры, жаны ашу, қадір



Pdf көрінісі
бет34/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62
жанашыры, жаны ашу, қадір. 
14.2. Мәтінді тыңдаңыздар, оқыңыздар, түсініңіздер. 
14.3. Реттік сан есімдерді, күрделі сан есімдерді, олардың жасалу жолдарын 
еске түсіріңіз.
14.4. Отансүйгіштік туралы Бауыржан момышұлының сөздерін жазып 
келіңіз.
14.5. «Туған жердей жер болмас» тақырыбына шығарма жазыңыздар.
14.6. Төменде берілген өлеңді түсініп оқыңыз, жаттап алыңыз.
 
 
Фариза Оңғарсынова 
О, туған жер! 


42 
О, туған жер! 
Кең пейіл, құшағың кең, 
Саған көңіл бұлқынар күш, ағынмен, 
Сағынышымды қанат қып саған қарай 
Балапандай талпынып ұшамын мен. 
Алақаны анамның – топырағың, 
Сендік махаббатымның оты – жалын. 
Сені қалай сүюдің керектігін мен, 
Ешқандай кітаптан оқымадым. 
Сенде тас та қастерлі, аспан да – алау, 
Сенде жанды тербетер дастан бар-ау. 
Менің мынау өмірге құштарлығым 
Сені жақсы көруден басталған-ау. 
Кешірме сен,
Жат қылықпен жаныңды жараласам
Бар сырымды бүкпесіз саған ашам. 
Мен ел кезіп кетермін отансыздай, 
Үмітіңді ақтауға жарамасам. 
Сұхбаттар: 
1. 
– Туризм туралы не білесің? 
– Туризм тамыры өте тереңде жатыр. 
– Сонда туризм қай ғасырда пайда болған? 
– Туризм 18 ғасырда пайда болған.Бірақ ертеде діни саяхаттар болған. 
– Туризм деген сөзді кім ойлап тапқан? 
– «Тур» деген сөзді алғаш рет Томас Кук ойлап тапқан. 
2. 
– Қазақстанда қандай әдемі жерлер бар? 
– Біздің елімізде әдемі жерлер өте көп. 
– Мен тек қана Алматы қаласының керемет табиғатын тамашаладым. 
3. 
– Сіз жазғы демалыста қай жерде демаласыз? 
– Маған Қазақстанның табиғаты ұнайды, сондықтан өз елімде демалғанды 
ұнатамын. 
– Сіз Қазақстанның қандай жерлерінде болдыңыз? 
– Мен көп жерлерде болдым. Мен тауда демалуды ұнатамын.Әсіресе, 
маған Көкшетау, Қарқаралы таулары ұнайды. 


43 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет