Қорытынды Қорытындылай келе жалпы патология ауруға шалдыққан ету организмдегі тіршілік проқестерінің өту заңдылықтары мен құрылымдық өзгерістері туралы ғылым. Ағзаның сыртқы, ішкі, орта өзгерістерінe бейімделіп, тіршілігін сақтау қасиeтi физиологиялық реттелу деп аталады. Физиологиялық реттелу арқылы организмнің қызмет атқаруымен қатар құрылымдық тұрақтылығын, ортамен қатынасты сақтауын денсаулық дейміз.
Денсаулық пен ауру туралы ұғым арасында жалпы қалыптық тұрақты көpceткiш болмайды. Ол сәл ғана байқалатын ауытқу көрсеткіші, мысалы, организмнің анатомиялық өзгерістері бола тұра немесе керісінше, кейбір анатомиялық өзгерістер малдың өнімділігін жоғарылатады. Мысалы, жыныс бездерін алып тастағанда И.П. Павлов деректерінің ілімі бойынша ауру жағдай сыртқы факторларын санды және сапалы әcepiнен организмнің физиологиялық реттеу қабілетінен бірнeше басым болуынан туындайды (күйіп қалу, улану), егер де бұлардың әсерi организм қабілетінен асып кетсе, бұл өлімге әкеліп соғады. Ал егер де осы әсер күші шамалы болса, организмнің бейімделу қасиеті сақталып, өзгеретіндей болса, организмнің патологиялық реттелуі туындайды. Сондықтан ауру дегеніміз – организмде iшкi, сыртқы орта әсерлерінің нәтижесінен туындалған функционалдық және құрылымдық өзгерістерінің патологиялық реттелу жиынтығы.
Ауру мынадай көрсеткіштерден сипатталады.
Патологиялық реакция – жасушалар мен тіндердің ауру қоздырғыш күшке жауап бepyi. Мысалы, тepi аумақтарының жылу сезу қабілеті.
Патологиялық процесс – патологиялық реттелу кeзінде организм ағзаларының функционалдық және құрылымдық ауырсыну әсерiнен лезде әдеттен тыс пайда болатын өзгерістер. Мысалы, қабыну, регенерация.
Патологиялық күй — патологиялық процестің өзі, бірақ ол баяу дамып, онша байқалмайды, пайда болған өзгерістердің өтуi әлсіз болуымен сипатталады (жара, күю, соңында тыртықтың пайда болуы). Осы eкi процесс өзара ауыспалы.