Кадрларды іріктеу әдістері мен процедураларын формализациялау



бет4/5
Дата18.03.2022
өлшемі75,47 Kb.
#28364
1   2   3   4   5
Қорытынды
Нарықтық қатынастарға өту, өнім сапасына баса назар аудару мен оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету еңбекке деген шығармашылық қарым-қатынастың және жоғары кәсібиліктің маңызын жоғарлатты. Бұл жаңа басқару түрлерін іздеуге, қызметкердің потенциалды қабілеттіліктерін дамытуға, оның

Адамдық ресурстарды басқару мекеменің маңызды қызмет бағыттарының бірі және оның экономикалық жетістігінің негізі көрсеткіші болып табылады.

Жаңа технологиялар бола тұрса да, қызметкерлердің біліктілігі төмен болса жұмыс тереңдемейді. Олай болса, бизнестің маңызды құраушысы – кадрларды басқару, қызметкерлерді басқару технологиясы.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қызметкерлерді басқарудың теориясы қарасытырылған. Қызметкерлерді басқару басқарудың толық тарихымен үздіксіз байланысты. Бірақ көптеген ғасырлар бойы, тіпті ХХ ғасырға дейін қызметкерлерді басқару арнайы функция ретінде бөлінген жоқ.

Қазіргі заманғы экономикадағы адамдық фактордың маңыздылығының өсуіне байланысты өзгерістер қызметкерлерді басқаруды басқарушылық қызметте алдыңғы орынға шығарды.

Басқарудың маңызды саласы ретінде мақсатты бағытталғандығын көрсету үшін бөлімде қызметкерлерді басқарудың түсінігі, функциясы мекеменің белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған осы қызметтің маңызды бағыты.

Курстық жұмыста басты назар туристік мекемесіндегі қызметкерлерді басқаруға аударылады. Кадрлік жұмыстағы жоспарлау толық мекемені басқарудың құрамдас бөлігі, кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымындағы өзгерістерді қадағалауды қамтиды және жұмыс күшінің тенденцияларын анықтауға, оларға деген сандық сапалық қажеттіліктерді уақытында анықтауға міндетті.осының бәрі кадрлік әлеуетті тиімді пайдалануды жүзеге асырады.

Қызметкерлердің жоғары ынтасы – мекеме жетiстегінің маңызды шарты. Жұмысшылардың бір жұмыстың орнына екінші жұмысты калауына не себеп? Неге олар бірдей ынталандыруға әртүрлі жауап береді. Неге олар бір жағдайда ынталы жұмыс істейді, ал кейбір жағдайларда уақытты текке әнгімелесу мен темекі тартуға жұмсайды? Басшылар осы сұрақтарды жиі қояды және оларды үш негізгіге жатқызуға болады: адамдарды не және неге ынталандырады, оларға тапсырылған жұмыстың соңғы нәтижесіне осы және жұмыс істету үшін не істеуі керек. Көптеген басшылардың бұған беретін жауабы анық. Ақша – адамның жұмысқа деген негізгі ынтасы. Қазіргі күні де басшылардың көпшілігі де осындай көзқарасты ұстанады. Бірақ кейбір адамдар жалақысы қанағаттандырмаса да, беріліп жұмыс істеуі мүмкін. Ал кейбір адамдар қанша ақша төлесе де, белгілі бір жұмыс түрін таңдамайды. Яғни, еңбекті ынталандыруда жұмыс орнын және еңбекке деген қарым- қатынасты таңдауды анықтайтын, ақшадан басқа да факторлардың бар екендігін көрсетеді.

Адамдық фактор кез-келген өндірістік үрдістің шешуші ролі болып табылады. Қызметкерлерді басқару үрдісінің технологиясы жұмыстың толық маңызды орын алады.

Бұл курстық жұмыс туристік мекеме басшысының алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуде көмек бола алады, себебі мұнда нарықтық қатынастар жағдайында мекеменің қызметкерлерін басқару тұжырымдамасы ашылған. Басшы мәселелерді қалай шешу керектігін, қызметкерлерді басқарудың сәйкес технологиялары мен әдістерін іскерлікпен әрі орынды қолдана білуі керек. Мұнда іскерлік сәйкес дағдыларды тәжірибелік білу дегенді көрсетсе, орынды қолдану қолданылатын әдістің мекемедегі жағдайға барабарлығын көрсетеді.

Нәтижесінде, қызметкерлердің жұмысын басқару кез-келген кәсіпорынның жылжытушы күші болып табылады, әсіресе, турфирманың. Оның мақсаты тұтынушылардың қалауларын жаулап алу, баску фирмалармен салыстырғанда нарықта айрықша орын алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет