34
олардың өкілдері, сол сияқты кез келген азамат, кәсіпорын, мекеме және
ұйым беруі мүмкін.
Сонымен, дәлелдемелерді жинау, сотқа дейінгі іс жүргізу процесінде
және сот талқылауы процесінде жүзеге асырылады. Дәлелдемелерді жинау
тәсілі — ҚПК-де қаралған тергеу және сот іс-қимылдарын жүргізу.
Дәлелдемелерді жинау кезеңдері мыналар болып табылады: табу, бекіту,
алу.
Дәлелдемелерді зерттеу
. Дәлелдеу процесінің келесі кезеңі
дәлелдемелерді зерттеу болып табылады. Дәлелдемелерді зерттеу жөніндегі
қызметтің процессуалдық-құқыктық негізі болады: ҚПК-нің 24-бабы (істің
мән-жайын жан-жакты, толық және объективті зерттеу туралы); ҚПК-нің
364-382-баптары (соттық тергеуде дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі туралы),
сондай-ақ өзге де нормалар. Дәлелдемелерді зерттеудің субъектілері
анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот болып габылады. Сонымен бірге
теория мен практикадағы дәлелдемелерді зерттеудің мәнісі бір мәнді емес
тұрғыдан түсіндіріледі.
Дәлелдемелерді бағалау
. Дәлелдемелерді бағалау — бұл іс бойынша
шындықты анықтауда жиналған дәлелдемелердің рөлін айкындауға
бағытталған логикалық ой процесі. Дәлелдеу процесінің осы кезеңдегі
(элементі) кұкықтық негізі ретінде КПК-нің 125-бабы бой көрсетеді, онда
былай деп жазылған: судья, прокурор, тергеуші және анықтаушы заңды және
құқыктық танымды басшылыкқа ала отырып істің барлық жағдайларын
олардың жиынтығында жан-жақты толық және объективті түрде қарауға
негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша дәлелдемелерді бағалайды және
қандай да болсын дәлелдеменің судья, прокурор, тергеуші және анықтаушы
үшін күні бұрын белгіленген күші болмайды.
Сонынен, дәлелдемелерді бағалау — өзінің шектері мен шектеулері бар
белгілі бір процессуалдық маңызды шарттарға негізделген қызмет.
Достарыңызбен бөлісу: