Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»



Pdf көрінісі
бет2/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
«Қылмыстық 
істер 
бойынша 
процессуалдық 
құжаттарын
құрастырудың практикумі» арнайы пәндер iшiнде маңызды курстың бiрi 
болып табылып, күндiзгi оқу бөлiмдерiнiң тыңдаушыларына оқытылады. 
Айтылған курс мемлекеттiк органдар мен қылмыстық iстердi тергеу 
және тексеру бойынша лауазым иелерiнiң жиында көп қырлы 
қызметтерiмен таныстырады. Қылмыстық iс жүргiзу құқығы оқу пәнi 
сияқты жалпы және ерекше бөлiмдерден тұрады.
Ерекше бөлiмдi оқу кезiнде тыңдаушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру
сатысының түсiнiгi мен тәртібін, алдын ала тергеу, анықтау және 
хаттамалық нысанда іс жүргізу, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтау және 
іс бойынша прокурор айыптау актісін бекіту және істі сотқа жіберу, басты 
сот талқылауың, оның жалпы шарттарың, апелляциялық, кассациялық 
өндірістердің, ерекше қылмыстық іс жүргізудің сатыларың, айрықша 
өндірістің тәртібі мен т.б. меңгерулерi тиiс. 
Қылмыстық іс жүргізу басқа пәндермен тығыз байланыста, бұл басқа 
құқықтық ғылымдар арасында оның орнын анықтауға мүмкіндік береді. 
Соңдықтан оның реттеудің пәні мен әдісінің тұтастығын атап көрсеткен 
жөн. Қылмыстық құқықпен қатынасын нысан және мазмұнның тұтастығы 
ретінде анықтауға болады, яғни, іс жүргізушілік нысан – бұл қылмыстық 
норманың жүзеге асурыдың нысаны. Қылмыстық заң норманы өзгерту, 
қылмыстық құқықтық қатынастардың материалдық және процессуалдық 
құқық тұтастығының салдарын туындатады.
Қылмыстық және азаматтық процестің қызметтік бағытының тұтастығы, 
сот өндірісінің конституциялық қағидалардың жалпылығы, әділ сот 
мақсаттарының сай келуі құқықтың бұл салаларының тығыз байланысын 
куәландырады. Қылмыстық іс жүргізушілік және конституциялық құқықтар 
жалпылығы, қылмыстық сот өндірісінің қағидаларымен анықталатын 
Конституция мен конституциялық заңдардағы процедуралық ерекшеліктері 
бойынша арнайы ережелер.
Қылмыстық іс жүргізушілік құқықтық қарым–қатынасты реттеуші 
әдістері мен құралдар бірлігі, прокурорлық қадағалау теориясы мен 
қылмыстық іс жүргізушілік құқықтарының заңдылықтарын қағида ретінде 
сақтау болып табылады. Қылмыстық іс жүргізушілік заң криминалистика 
ғылымының 
құқықтық 
қоры 
(базасы) 
ретінде 
орын 
алып, 
криминалистикалық тактика нысанының өзгеруі қылмыстық іс жүргізушілік 
заңның дамуына үлкен әсерін тигізеді. Көрсетілген ғылымдардың ерекше 
байланысы қылмысты-процессуалдық дәлелдеу түсінігінен айрықша 
байқалады. Қылмыстың жасалуына әсер ететін себеп пен жағдайды анықтау 
мақсаты мен куәгерлік аппараттар бірлігі қылмыстық іс жүргізужілік құқығы 
мен криминалогияны толықтырады. Сонымен қатар қылмыстық процесте 
соттық статистика, соттық медицина, психиатрия мен соттық әтика 
мәліметтері белсенді қолданылады.



Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi оқу – сотқа дейінгі тергеп 
тексерудің басталуы, алдын ала тергеу мен сотта қарау және шешудiң ретi 
мен тәртiбiн оқуда негiзделедi. Тыңдаушылар жеке процесуалдық 
әрекеттердiң тәртiбi мен мазмұнын, iс жүргiзудiң негiздердiң ретiн және 
тергеу және сот қимылдарының iс жүргiзу мақсаттарын меңгеруi тиiс. Одан 
басқа кейбiр қылмыстық iстер бойынша, сондай-ақ кейбiр санаттардағы 
адамдарға қатысты iс жүргiзудiң тәртiбi мен ретi оқылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет