177-бабында
көрсетiлген себеп пен негiз болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу
бөлiмiнiң бастығы, тергеушi, прокурор қылмыстық iс қозғау туралы қаулы
шығарады.
Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кiм жасағаны, iс
қозғаудың себептерi мен негiздерi, ол кiмге қатысты немесе қандай факт
бойынша қозғалып отырғаны, белгiлер бойынша iс қозғалып отырған
қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ iстiң бұдан былайғы бағыты көрсетiледi.
Қылмыстық iс қозғау туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың
iшiнде прокурорға жiберiледi. Қабылданған шешiм туралы арыз берушiге
және өзiне қатысты iс қозғалып отырған адамға оған қылмыстық iзге түсудiң
басталуына байланысты құқықтар мен мiндеттердi түсiндiре отырып,
хабарланады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінiң
177-бабының
екінші бөлігінің 2)
тармағында көзделген тәртіппен қозғалған қылмыстық іс қозғау туралы
қаулыда
Қазақстан
Республикасы
Қылмыстық
кодексінің
бабы
көрсетілмейді.
59
Егер қылмыс жасаудан зардап шеккен адам белгiлi болса, қылмыстық
iс қозғаумен бiр уақытта ол жәбiрленушi деп танылады, ал егер қылмыс
жасалғаны туралы хабармен бiрге азаматтық талап қойылса, онда бұл адам
сонымен қатар азаматтық талапкер деп танылады.
3. Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту
Қылмыстық iс қозғауға негiздер болмаған кезде қылмыстық iзге түсу
органы қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшiрмесi
жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға және арыз берушiге жiберiледi. Бұл
ретте арыз берушiге құқықтары мен қаулыға шағымдану тәртібі түсiндiрiлуге
тиiс.
Тергеушiнiң, анықтаушының қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы
қаулысына тиiсiнше тергеу бөлiмiнiң бастығына, анықтау органының
бастығына, сондай-ақ прокурорға немесе сотқа осы Кодексте белгiленген
тәртiп бойынша шағымдануға болады. Соттың жеке айыптау туралы арызды
қабылдаудан бас тарту туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағымдануға
болады.
Егер келiп түскен арызда (хабарда) азаматтардың саяси, еңбек, тұрғын
үй, отбасы және өзге де құқықтарын бұзушылық, сондай-ақ азаматтық сот
iсiн жүргiзу тәртібімен қорғалатын ұйымдардың заңды мүдделерiн
бұзушылық байқалса, онда қылмыстық iс қозғаудан бас тартумен бiр уақытта
мүдделi адамдарға құқықтары және бұзылған құқықтар мен мүдделердi
қалпына келтiру үшiн азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен сотқа жүгiну
тәртібі түсiндiрiлуге тиiс.
Қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген лауазымды адам немесе орган
қылмыс туралы арызды немесе хабарды қылмыстық iс қозғамай, тергелуi
бойынша тек мынадай:
1) қылмыс бұл ауданнан тысқары жерде жасалып және қылмыстық iс
қозғау туралы мәселенi шешу үшiн қылмыс жасалған жерде тексеру iс-
әрекетiн жасау қажет болған;
2) қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн ол тергеуiне
жатқызылған орган ғана жүргiзе алатын тексеру iс-әрекеттерiн жасау қажет
болған жағдайларда ғана беруге құқылы.
Арыздың немесе хабардың қылмыстық iс қозғамай, тергелуi бойынша
берiлгенi туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурор хабардар етiлуге
тиiс.
Қылмыстық iс қозғамай сотталуы бойынша беруге жәбiрленушiлердiң
жеке айыптау тәртібімен iзге түсетiн қылмыстары туралы шағымдары ғана
жатады.
Қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн:
1) прокурор iстi алдын ала тергеу немесе анықтау жүргiзуi үшiн
тергеушiге немесе анықтау органына жiбередi;
2) тергеушi алдын-ала тергеу жүргiзуге кiрiседi;
60
3) алдын-ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын iстер бойынша
анықтау органы шұғыл тергеу iс-әрекеттерiн орындағаннан кейiн iстi алдын-
ала тергеу iсiн жүргiзуге жiбередi; қылмыстық іс жүргізу кодексінiң
Достарыңызбен бөлісу: |