15
д) Қазакстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік
қаулыларының;
ж) қылмыстык сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдар
ережелерінің талаптарын дәл сақтау;
- соттардың адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілген
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретің заңдарды және өзге де
құқықтық актілерді қолдануына тыйым салынады;
— егер сот қолдануға жататын заң немесе өзге де нормативтік
құқықтық акт адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілген
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп ұйғарса, ол іс
бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және сол актіңі конституциялық емес
деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті;
— соттың, қылмыстық қудалау органдарының қылмыстык істер
бойынша іс жүргізу кезінде заңды бұзуына жол берілмейді;
— сот, қылмыстық қудалау органдары қылмыстық істер бойынша
процестің барысында заңның бұзылуына жол берген жағдайларда кінәлілер
заңмен белгіленген жауаптылыққа тартылады;
— заңсыз актілерді жарамсыз деп тану және олардың күшін жою..
Заңдылық қағидатының қос сипатты әсері бар. Бір жағынан — уәкілетті
органдардың қызметі олардың процестің қызметіңе араласуға салынған
тыйым, қылмыстық сот ісін жүргізуші адамдар мен органдардың заңды
талаптарына бағынбау немесе олардың қызметіне заңсыз араласу әрекет не
бөгет жасауға әкеліп соғатын құқықтық жауапшылық түріндегі заң күшімен
қорғалады. Екінші жағынан — заңда қылмыстық сот ісін жүзеге асырушы
органдар мен адамдардың заңсыз ықпал жасауының азаматтардың қорғалуын
қамтамасыз ететін, заңсыз іс-әрекеттер мен шешімдер іс жүргізу құқық
қатынастарына қатысушылардың конституциялық құкықтары мен заңды
мүдделеріне шек қоятын болса, сол іс-әрекеттер мен шешімдерге сотқа
шағым беру түріндегі кепілдіктер көзделген.
Достарыңызбен бөлісу: