Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


 Қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдар



Pdf көрінісі
бет19/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

4. Қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдар. 
Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар қатарына куә
сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы және сот 
приставы жатады. 
Куә
. Айғақ беру үшiн куә ретiнде iс үшiн маңызы бар қандай да болсын 
мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам шақырылуы мүмкiн және одан 
жауап алынуы мүмкiн (ҚР ҚПК 78-бап). 
Сарапшы
арнаулы ғылыми бiлiмi бар, сараптама жүргiзу үшiн сот 
пен тергеу органдарына тартылған адам. Сараптама анықтаушы, тергеушi 
және сот қаулысымен тағайындалады. Сараптама жүргiзiлетiн iс 
материалдарын зерттеу нәтiижесiнде iс үшiн маңызы бар мән-жайлар алынуы 
мүмкiн жағдайда тағайындалады. Зерттеу нәтижелерi бойынша сарапшы 
қорытынды жасайды. Сарапшының қорытындысы, оның ауызша түсiнiк-
темесi iс бойынша дәлелдемелер деп танылады. Бiрақ сарапшының 
қорытындысы Қылмыстық процестi жүргiзушi органдар үшiн мiндеттi болып 
танылмайды (ҚР ҚПК 79-бап). 
Маман
– техника, медицина, педагогика сияқты әртүрлi ғылыми 
салаларынан арнаулы ғылыми танымы бар адам.
Маман тергеуге және сот әрекеттерiне iске мүдделi емес, дәлелдердi 
жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ техникалық құралдарды 
қолдануда жәрдем көрсету үшiн шақырылуы мүмкiн (ҚР ҚПК 80-бап). 
Аудармашы
– аударма жасау үшiн қажет тiлдi меңгерген және күдiктi, 
айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары не жәбiрленушi, азаматтық 
талапкер, азаматтық жауапкер және де өзге де iске қатысушылар iс бойынша 
iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмеген жағдайда, сонымен бiрге жазбаша құжаттарды 
аудару үшiн тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысуға тартыл-ған, iске 
мүдделi емес адам. (ҚР ҚПК 81-бап). Қылмыстық процестi жүргiзушi орган 
адамды аудармашы етiп тағайындау туралы қаулы шығарады.
ҚР ҚПК-нiң 85-бабында көрсетiлген ережелер iс бойынша процеске 
қатысу үшiн шақырылған, мылқау немесе саңы-рау адамдардың белгiлерiн 
түсiнетiн адамдарға қолданылады.
Куәгер
– iске мүдделi емес, Қылмыстық процестi жүргiзушi органның 
тергеу әрекеттерiн толық және дұрыс қабылдауға қабiлеттi адам. Ол 
Қылмыстық iзге түсу органдарынан тәуелсiз тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу 
фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн куәландыру үшiн тартылады. Осы 
мақсатта кем дегенде екi куәгер iске тартылады. 
Куәгер дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн 
орындаудан бас тартқаны үшiн немесе жалтарғаны үшiн әкiм-шiлiк жауапқа 
тартылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет