Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»



Pdf көрінісі
бет37/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

Алдын ала тергеудің аяқталуы дегеніміз – алдын ала тергеу сатысының 
қорытынды бөлімі (кезеңі). 
Ол істің мән-жайын толық, жан-жақты және 
объективті зерттеу бойынша барлық тергеу (іс жүргізу) әрекеттері аяқталып, 
істің ары қарайғы тағдыры туралы шешім қабылдау қажет болғанда 
туындайды. ҚІЖК-нің 289-бабының редакциясы бұл талданып отырған 
кезеңнің басталу және қадағалаушы прокурордың жазбаша нұсқауы бойынша 
қылмыстық істі тоқтату мүмкіндігінің бар екендігін көрсетеді. Алдын ала 
тергеудің аяқталуы бірқатар іс жүргізу әрекеттерін қамтиды, оларды іс 
жүргізу шешімдері тиісінше рәсімделгенге дейін орындау қажет. «Алдын ала 
тергеудің аяқталуы» термині кейде басқа мазмұнда пайдаланылады: 
аттас кезеңде жүзеге асырылатын анықтаушы органның, тергеушінің, 
прокурордың іс жүргізу қызметі және қылмыстық-іс жүргізу қызметі. 
Алдын ала тергеу саты ретінде тіптен отызыншы жылдары бөліктерге 
(кезеңдерге) бөлінді. Мысалы, В.И.Громов (1930 ж.) тергеу барлық материал 
аяқталған тергеу бойынша жинақталып қорытылғаңда, Н.В.Крыленко
(1935 ж.) - алдын ала тергеудің қорытынды кезеңімен аяқталады деп санаған. 
С.П.Бекешко (1979 ж.) бұл кезеңнің мазмұнына дәлелдемелерді жинауды 
тоқтату туралы шешім қабылдау жөніндегі, іс бойынша іс жүргізуді жүйелеу 
және рәсімдеу, тергеудің аяқталғаны туралы процеске қатысушыларға хабар 
беру, қылмыстық істің ары қарайгы тағдырын анықтайтын шешім қабылдау 
жөніндегі және т.б. заңда көзделген іс жүргізу әрекеттерін жатқызады. 


48 
Б.А.Викторов (1971 ж.) және басқа бірқатар авторлар алдын ала тергеудің 
өздері бөліп алған алты кезеңінің төртіншісін алдын ала тергеудің аяқталуы 
деп атады. Бесіншісін олар алдын ала тергеу аяқталатын қорытынды құжатты 
(айыптау қорытындысы, т.б.) жасау және алтыншысын — прокурордың 
қылмыстық істі оны ары қарай жіберу мәселесін шешу үшін қарауы деп 
санады. 
А.Я.Дубинскийдің (1984 ж.) пікірінше, бұл аталған кезеңдердің 
алтыншысы тергеуден тыс жатыр, ал бесінші кезең төртіншіні өзіне сіңіріп 
алады. Соңдықтан да ол қорытынды кезеңнің мазмұнына қылмыстық іс 
материалдарын біржола жүйелеу, жинақталған дәлелдемелерді бағалау, 
процеске қатысушыларды тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы 
хабардар ету, оларға танысу үшін қылмыстық іс материалдарын ұсыну, 
түскен өтініштерді шешу,ақтық шешімді қалыптастыру, қорытынды іс 
жүргізу құжатын рәсімдеу және істі сотқа жіберу жөніндегі әрекеттерді 
жатқызған. Әдетте, бұл кезеңде, тек, іс жүргізу және ұйымдық-техникалық 
әрекеттер ғана жүргізіледі. Анықтау органының жедел іздестіру қызметі тек 
кейбір жағдайларда: жасырынып қалған қылмыскерді және тығып қойған 
құндылықтарды іздестіргенде, жаңа қылмыстардың алдын алғанда және 
алдын ала тергеу сатыларының қалыпты аяқталуына кедергі келтіру ниетін 
тыюда қажет болуы мүмкін. 
Кейбір іс жүргізушілер бұл кезеңнің басталуын жүргізілген тергеудің 
жан-жақтылығын, толықтырған және әділдігін тексеру және қылмыстық 
процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету 
кезеңіне жатқызады. Бірақ, олардың іс жүргізу процесін жүзеге асыру, не 
жан-жақтылық, толықтық және әділдік, сондай-ақ қылмыстық процеске 
қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жайын 
сөз қылғанда нені діттегені түсініксіз. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізудің 
аяқталуын және мәжбүрлеу шараларының қолданылуын басталу деп алумен 
келісуге болады, бірақ сол әрекеттер жиынтығын емес. Соңғылар тергеудің 
бастапқы кезеңдерінің мазмұнына толықтай кіреді. 
Қылмыстық істі қысқартқанда, кейбір ғалымдардың пікірінше, бұл 
кезеңге мыналарды да жатқызуға болады: 
- прокурорды және заңда көрсетілген мүдделі адамдарды істің 
қысқарғаны туралы хабардар етуін; 
- қылмыстық істі қысқарту туралы шешімге шағымды прокурордың 
қарауын және ол бойынша шешім қабылдауын (ҚІЖК-нің 218,-219-баптары); 
- прокурордың қылмыстық істі қысқартудың зағдылығын және 
дәлелділігін тексеруін; 
- прокурордың қылмыстық істі кәмелетке толмағандарға тәрбиелік 
ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесін шешуі үшін сотқа 
жіберуін. 
Сонымен, ақтық кезең алдын ала тергеуді аяқтайтын материалды 
жүйелеуден басталады. Практикада жүйелеудің негізгі екі түрі: 
хронологиялық және тақырыптық түрлері қолданылады. Хронологиялық 
тәртіпте материалдар тергеуші жинастырған және оған келіп түскен ретімен 


49 
жинақталады, ал тақырыптық тәртіпте қылмыстық іс материалдары 
қылмыстар бойынша топтастырылады. Әдетте, көп эпизодтыістер 
тергелгенде сондай болады. Мұнда құжаттар қылмыстардың ауырлығына 
қарай емес, келіп түскен ретімен тігіледі. Бірнеше эпизодтарға ортақ 
хаттамалар мен қаулылар, айыпталушылардың, жәбірленушілердің жеке 
басын сипаттайтын құжаттар, тінту, ұстау құжаттары, т.б. өзінше бөлек, 
хронологиялық тәртіпте тігіледі. 
Іс материалдарын жүйелеу тергеушіге, одан кейін қорғаушыға, 
айыпталушыға, оның заңды өкіліне, жәбірленушіге, азаматтық жауапкерге, 
азаматтық талапкерге және олардың өкілдеріне, прокурорға, сотқа, судьяға іс 
бойынша жинақталған дәлелдемелерді тікелей мұқият талдуға, сондай-ақ 
алдын ала тергеудің қорытынды актісін жасағанда іс материалдарын жедел 
пайдалануға мүмкіндік береді. Осы кезеңде тергеуші істің мәнісі бойынша 
қорытынды жасап, оны негіздейді, оның болашақ тағдыры жайында шешім 
қабылдайды. 
ҚІЖК-нің 24-36-тарауларының мазмұнына сүйене отырып алдын ала 
тергеуді аяқтаудың кемінде үш түрін бөліп алуға болады: 
- айыптау қорытындысын жасау: 
- қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығару; 
- медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы 
мәселені қарауы үшін істі сотқа жолдау туралы қаулы шығару. 
Өткен параграфта келтірілген ережеге сүйеніп автор тергеудің 
аяқталуының тағы да бір түрі - қылмыстардың мән-жайы туралы хаттама 
ресімдеу жайында айта алады. Іс жүргізушілер алдын ала тергеу міндетті 
болып табылатын істер бойынша анықтауды, көбіне алдын ала тергеудің 
нысаны деп атайды. Қылмыстық іс жүргізу қызметінің бұл түрінде де ақтық 
кезең бар, ол қылмыстық іс материалдарын тергеу орнына жіберу туралы 
мәселе шешілетін уақыт аралығы (ҚІЖК-нің 36-тарауы). Материалдарды 
әкімшілік жазалау шараларын қолдану үшін сотқа жібере отырып істі 
қысқарту туралы шешім қылмыстық істі қысқартудан бөлек айтылады. 
Қазіргі кезде қылмыстық істі қысқартудың бұл түрін заң шығарушы алып 
тастады. Ондай ҚІЖК-нің 37-бабында қарастырылған кезде де ол алдын ала 
тергеуді аяқтаудың өзінше бір түрі болған емес. Мысалы, Орал қаласы мен 
облыс бойынша статистика мынаны көрсетті: бір жылда ІІМ тергеушілері 
сотқа айыптау қорытындысымен 7171 іс жіберген, бұл олардың аяқтаған 
барлық алдын ала тергеулерінің 76,5%-і. 2141 іс қысқарған (аяқталған 
істердің жалпы санының 22,8%-і). Жыл бойы медициналық сипаттағы 
мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарауы үшін істі сотқа 
жіберу жөнінде бар болғаны 60 (0,7%) қаулы шығарылған. Статистикаға 
жүгінсек — жүргізілуі аяқталған қылмыстық істер санының жыл сайын өсіп 
отырғандығын және де айыптау қорытындысымен сотқа жіберілген істердің 
көбейгендігін көреміз. 
Тергеудің аяқталу кезеңі барлық мемлекеттерде бірдей біздегідей емес. 
Бірқатар мемлекеттерде сотқа дейінгі тергеуді аяқтау туралы шешімді 
прокурор шығарады, ал алдын ала тергеу жүргізген орган тек қандай да бір 


50 
шешімді ұсына алады. Мысалы, Чехияның ҚІЖК-не сәйкес, тергеуді аяқтаған 
тергеуші қорытынды жасайды да, оны іс материалдарымен бірге прокурорға 
жібереді. Айыптау қорытындысын жасап, істі сотқа жолдайтын (жіберетін) 
прокурор ғана. Румынияның Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеу 
аяқталғаннан кейін тергеу органы істі өзінің қорытындысымен, атқарылған 
істің мазмұнын көрсететін рефератпен (баяндамамен) қоса прокурорға 
жібереді. Венгрияда тергеу органы, алдын ала тергеуді аяқтау туралы қаулы 
шығарғаннан кейін материалды, айыптау актісін шығаруы үшін прокурорға 
жібереді, ал айыптау актісін прокурор шығарады, өзі сотқа жібереді. 
Көптеген еуропа елдерінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасы алдын ала 
тергеуді аяқтаудың психикасы бұзылған адамның іс-әрекеті туралы істі 
тергеушінің медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы 
мәселені шешуі үшін сотқа жіберуі сияқты өзінше бөлек нысанын 
қарастырмайды. Венгрия ҚІЖК-і, егер жауап алғаннан кейін оның жасаған 
қылмысының басқа жасаған ауыр қылмысына қарағанда елеусіз екендігі 
анықталса, ары қарай тергеу жүргізбеу мүмкіндігін ерекше ескертеді. 
Сонымен, 
1. Алдын ала тергеудің, оның аяқталуы деп аталатын кезеңі қылмыстық 
іс материалдарын (сотқа кейінгі тексеру материалдарын) біржола жүйелеуден 
басталады. 
2. Тергеудің аяқталуы мына шешімдердің біреуімен тамамдалады: 
а) айыптау қорытындысымен; 
б) қылмыстық істін қысқаруымен: 
в) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы 
мәселені қарауы үшін істі сотқа жіберумен. 
Өзінің мазмұны жағынан мұндай хаттама жеке және жария айыптау 
істері бойынша бірдей емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет