63
қамтамасыз ету мақсатында оларға қатысты істер жеке жүргізілетіндей етіп
бөлектелуі мүмкін.
Екінші негіз мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз етуге
бағытталған. Жабық сот отырысын өткізу қажеттігі өз ісінің қаралуы
мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты адамдарға қатысты
қылмыстық іс жеке жүргізуге бөлектелген жағдайда қамтамасыз етілуі
мүмкін.
Үшінші негіз кәмелетке толмаған айыпталушылардың құқықтарын
сақтау үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау қажеттігіне байланысты.
Сотта іс тыңдау кезінде ересек айыпталушылар қатысуының психологиялық
ықпал етуінің ықтималдығы ақиқатты анықтауға бөгет болуы мүмкін.
Кәмелетке толмаған айыпталушыға қатысты істі бөлектеу — қылмыстық сот
ісін жүргізудің адамгершілік бағыты көріністерінің бірі.
Тәртінші негіз бірінші негізбен өзара тығыз байланысты.
Анықталмаған адамдар жөніндегі іс қалған айыпталушыларға қатысты сот
ісінің шашпаң жүргізілуін камтамасыз ету, сол арқылы оларға берілген іс
жүргізушілік құқықтарын толык көлемінде қамтамасыз ету үшін жеке
жүргізуге бөлектеледі.
Қылмыстық істі жеке жүргізуге белектеу — соттың, қылмыстық ізге
түсу органынын құқығы. Заңда істің бөлектелуі орынды болатын жағдайлар
белгіленген:
- істі бөлектеу зерттеудің және істі шешудің жан-жақтылығына,
толымдылығына әсер етпеуге тиіс;
- бөлектелген істерді сотта қарау шешімнің объективтілігі мен
заңдылығына әсер етпейді;
- процеске қатысушылардың құқықтары толық көлемінде сақталады;
- істің бөлектелуі сот терелігіне байланысты емес мақсаттар да
пайдаланылуға тиіс емес.
Істі жеке іс жүргізуге бөлектеудің іс жүргізушілік негіздері
қылмыстық, процесті жүргізуші органның ол туралы каулысы больш
табылады, қаулының көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға
жолдануға тиіс.
Бөлектелген қьимыстық іс бойынша іс жүргізу мерзімі жаңа тұлғаға
қатысты істі белектеу туралы немесе жаңа қылмыс бойынша қаулы
шығарылған күннен бастап есептеледі. Барлық басқа жағдайларда мерзім
негізгі қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: