58
Қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешiм ол түскен күннен
бастап үш тәуліктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс. Қажет болған жағдайда
қосымша мәлiметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап етіп
алу, тексеріп қарауды, іс үшін маңызы бар нәрселерді немесе құжаттарды
алуды, сараптаманы жүргiзу үшiн бұл мерзiмдi анықтау органының бастығы,
тергеу бөлiмiнiң бастығы он тәулiкке дейiн, ал ерекше жағдайларда - екі айға
дейiн ұзарта алады, бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға
хабарлануға тиiс.
Қылмыс туралы арызды немесе хабарды алған әрбiр жағдайда немесе
қылмыс тiкелей анықталғанда анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң
бастығы, тергеушi немесе прокурор мынадай шешiмдердiң бiрiн
қабылдайды:
1) қылмыстық iс қозғау туралы;
2) қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы;
3) арызды, хабарды тергеу ретiмен, ал жеке айып тағу iстерi бойынша -
сот ретiмен беру туралы.
4) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді қылмыстық іс жүргізу
кодекстің 23-1-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асыру туралы.
Қабылданған шешiм туралы арыз берушiге хабарланады және сонымен
бiр уақытта оған шешiмге шағым беру құқығы түсiндiрiледi.
Арыз немесе хабар тергеу немесе соттау ретiмен жiберiлген жағдайда
анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi, прокурор қылмысты
болдырмау немесе бұлтартпау, сонымен қатар қылмыс iзiн бекіту шараларын
қолдануға мiндеттi.
2.ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу кодекстің 23-1-тарауында белгіленген
жағдайларды қоспағанда, қылмыстық іс жүргізу кодексінiң
Достарыңызбен бөлісу: